Конспект урока "Металдардың адам өміріндегі маңызы" 9 класс

Сергазина Бакытгуль Кенесовна химия-биология мұғалімі
9 сынып химия
ашық сабақ
«Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам,
бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» (Қ. Сәтбаев)
Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі маңызы.
Сабақ мақсаты: 1. Білімділік: Металдар туралы білімдерін кеңейте отырып, адамдардың
металдарды игеруі және металдардың тірі организмдегі маңызының зор, олардың
қоршаған ортада алатын орны ерекше екендігін күнделікті өмірден байқаймыз.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ізденушілік, танымдық және пәнге қызығушылығын
дамыту; Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Туған елге, жерге, оның байлығына деген мақтаныш сезімін дамыту,
металдарды орынды пайдалана білу үшін – экологиялық тәрбие беру, мамандық таңдауға
деген көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ.
Әдіс – тәсілі: жоба, «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы, «Кім жылдам», .
“Химиялық эстафета” , «Ойлан тап»,
Пән аралық байланыс: физика, биология, тарих, география, әдебиет.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта; ыдыстар.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық кезең – Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау» стратегиясы(5 ұпай)
1.Барлық ғалымдардың зерттеуі.
«Сырларым бар химиктерге аян». Химиктердің зерттеуі. «Таба алсаң қасиетімді
етем баян»
1. Сұрғылт түсті кәдімгі металмын, Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын Негізгі
пәтерім 24-ші, 6-шы көшеде болсам да Кендерім Мұғалжарда, тауда жатырмын» (Хром –
Cr)
2. Ертеден білгілі жетеудің бірімін, Электротехника саласынд ірімін. Көптеген құймаларға
кіремін Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. (Мыс – Cu)
3. Менделеев аулының 6 – шы көшесінде тұрағым Әр түнде адамдармен жүздесіп
тұрамын. Мені балқыта алмай қиналады көбісі, Қазақстан Әлемде кенім жөнінен
біріншісі. (W – вольфрам. tбалқу- 34100С)
4. Болмасам да айтарлықтай салмағым, Мен көбіңнен ардақтымын алдамын. Ұшақ болып
аспанға ұшып қалықтап Жердің жүзін, көк аспанды шарладым, Қымбат болдым алтыннан
да ертеде. (Al – алюминий).
Физиктердің зерттеуі «Ағза толған химиялық элемент Біліп алғың қызметін, неткен олар
керемет»
Биологтардың зерттеуі. «Адам баласы көзімен көріп, құлақтан естіп, қолмен ұстап,
тілмен татып, мұрнымен йіскеп тыстағы дүниеден хабар алады» – деп Абай атамыз
айтпақшы «Менің денем неден құралған?».
Геологтардың зерттеуі. «Қаныш тапқан жерлер ғой, Қаныш тапқан, Қаһарманнан қалған
із, табыс мақтан» Мұқағали Мақатаев «Алтай Атырау» поэмасы. Геологтардың зерттеуі.
Географтардың зерттеуі. Қара жер адамзатқа болған мекен Қазына іші толған әр түрлі
кен Ішінде жүз мың түрлі сылы бар Солардың ең артығы немене екен?
Экологтардың зерттеуі. «Алып жер – адамның бесігі» Тербесін сәбиін, тербесін. Адамзат
бақыты, несібі. Абайла төгіле көрмесін» М. Мақатаев.
Әдебиетшілердің зерттеуі. «Мақал сөзде де металл жүреді Металл қадірін халқым
біледі» 1. Ел іші … (Алтын бесік) 2. От көмір жейді, … (тот темір жейді). 3. Арпа – бидай
ас екен … (алтын – күміс тас екен) 4. Өнерлінің қолы алтын, … (өлеңшінің сөзі алтын) 5.
Қойдың сүті – …. (Қорғасын) 6. Ескі мата бөз болмас, ….. (ескі темір біз болмас) 7. Ақыл
арымас, .. (алтын шірімес)
Білімді игеруге бағытталған 7 қадам:
ІІ. Үй жұмысын тексеру: "Жобалау технологиясы" бойынша оқушылар өздеріне
берілген тапсырмалар арқылы жұмыс жасайды. Жоба қорғау.Оқушылар өз бетімен
кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат алады. ( 10 ұпай)
І топ тапсырмасы.
Металдардың ашылу тарихы мен табиғатта таралуы. .Металдардың адам өміріндегі
маңызы.(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)
Аумақтық компонентті сабақта қолдану: Өскемен Қорғасын-Мырыш Комбинаты –
түсті металлургия кәсіпорны. 1942 жылы Орджоникидзе қаласынан көшіріліп әкелінген
“Электр-мырыш” зауытының негізінде ұйымдастырылған Өскемен мырыш зауыты мен
1952 жылы іске қосылған қорғасын зауытының біріктірілуі нәтижесінде 1955 жылы
құрылған. 1994 жылдан АҚ. Комбинаттың құрамына қорғасын мен мырыш зауыттарынан
басқа күкірт қышқыл өндірісі, сирек металдар өндіру цехы және қосалқы өндіріс пен
қызмет көрсету желілері кіреді. Кәсіпорын кенді Алтай, Орталық Қазақстан, Орал, Қиыр
Шығыс кен металлургия кәсіпорындарының полиметалл шикізаттарын, сондай-ақ Ертіс
өңірінің пайдалы 20 компонентінен тұратын шикізатын өңдейді, өнімнің 17 түрін
(мырыш, қорғасын, кадмий, алтын, күміс, күкірт, висмут, индий, талий, селен, сынап,
оттек, аргон, азот, теллур, мыс, хлор) шығарады. Оның өнімі аккумулятор, электр-
техника, лак-сыр, химия, автомобиль, тоқыма өнеркәсібінде, радиотехникада, ауыл
шаруашылғында (тыңайтқыш өндіру үшін), өнеркәсіптің басқа да салаларында
пайдаланылады.
Авиация және ғарыштық, техника саласында аса қажетті металдар (алюминий,
магний, титан) көптеген мөлшерде өндіріледі. Қазіргі заман техникасында
қолданылмайтын металдар және құймалар жоқ десе де болады. Тіпті осыдан аз ғана
бұрын өнеркәсіпте алынуы туралы сөз етілмеген кейбір металдар (цирконий,
бериллий, индий, гафний, ниобий, т.б.) өмірден ез орнын тауып отыр.
ІІ топ тапсырмасы.
Адам ағзасындағы металдардың биологиялық ролі. ( натрий, иод, кальций, алтын, селен,
қорғасын, т. б метал үлгілері)
Адам ағзасындағы кейбір химиялық элементтердің биологиялық ролі
Элемент Адам ағзасындағы мөлшері(70 кг салмақта)
Тәуліктік мөлшері Ағзадағы жетіспеген жағдайда мөлшері
1 Fe (темір) 15 г Қаназдық
2 Cu мыс 100 г 2- Бауыр аурулары
3 Zn мырыш 3 г 10-15 г Ергежейлік, шаштың түсуі
4 Сr хром 6- 30 г 0,05- 0,2 мг Аллергия, өкпе рагы
5 Мg магний 20- 42 г 0,3-0,7г Жүйке жүйесінің аурулары
6 Со кобальт 30 мг 7-10 мкг Қаназдық, зоб аурулары
7 V ванадий - - Сүйек қисаюы
8 Мn марганец 340 г 510мг Бойдың өсуі мен қанның дамуы
9 Са кальций 1700 г 25-50 г Сүйек аурулары
10 К калий 250г 510 г Жүрек аурулары
11 Nа натрий 250 г 510 г Ми аурулары
12 Ni никель 150 г 0,1 мг Жүйке жүйесінің аурулары
Күміс ыдыстар
Жалпы қазақ халқы қашанда күміске ерекше мән берген. Күмістің адам ағзасын пайдасы
бар деп сенген халқымыз күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге
келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей
жарық болсын»-деген жоралғы жасаған.
ІІІ. Ой толғаныс. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы. (5 ұпай)
А) «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа 5 сұрақ беріледі, шапшаң, ұтымды жауап беру керек.
І - топ
1. Жеңіл балқитын металл? /Цезий/
2. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл (темір)
3. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл (вольфрам)
4. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? /Калий/
5. Негізгі топшаның металдары (s. p элементтер)
ІІ - топ.
1. Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған? (себебі метеориттің құрамында темір бар)
2. Сүйекті қаптайтын элемент? /Кальций/
3. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың
пайыздық мөлшері. (80%)
4. Темірдің маңызды құймалары / шойын, болат/
5. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын,
күміс, алтын, мыс)
Сергіту сәті
ШАРТЫ:
I валентті металдар– сол қол көтеру.
II валентті металдар– оң қол көтеру.
III валентті металдар– денені бұру.
Натрий Күміс
Мырыш Алтын
Калий Цезий
Литий Алюминий
Темір Берилий
Вор Магний
Литий Хром
IV. “Химиялық эстафета” Әр топтан бір оқушыдан шығып, бірінші тапсырманы
орындап, борды келесі оқушыға береді. Сөйтіп барлық айналулар іске асқанша бір - біріне
эстафетаны беріп отырады. (5 ұпай)
1) Fe → Fe2O3→ Fe(OH)3 → Fe2O3 → Fe
2) Al→ Al 2O3→ Al (OH) 3→ Al 2O3 → Al
V. "Кім жылдам"
Реакцияны теңестіріп, жалпы коэффициенттер санын есепте: (5 ұпай)
1 топ А) Mg + HCl →
Ә) MgO + HCl →
2 топ А) Na2O + H2O →
Ә) MgCO3 →
VI. Топ басшыларына тапсырма: Электрондық деңгейде электронның орналасуын, атом
құрамын жазыңдар. (5 ұпай)
1 - топ. Кальций
2 - топ. Магний
VII. Өзінді тексер. Тест
1. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың
пайыздық мөлшері.
А) 90% Ә) 80% Б) 50%
2. Сілтілік Ме
А) Li. Na. K.Rb. Cs. Fr. Ә) Li. Na.Ca. Mb. Al. Б) Na. K. Fr.Au. Al.
3. Жеңіл балқитын Ме
А) Күміс, алюминий, мыс Ә) Сынап, цезий, галлий
Б) Мыс, қорғасын, алтын.
4. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын Ме
А) Ti Ә)V Б) W
5. Негізгі топшаның Ме
А) s.d элементтер Ә) p.d элементтер Б) s.p элементтер.
6.Қосымша топшаның элементтері.
А) s.p Ә) d Б) p.d
7. Электр тогын ең күшті өткізетін Ме
А) Күміс, мыс, алюминий Ә) Мыс, титан, алюминий
Б) Күміс, алтын, хром
8. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім Ме
А) Марганец Ә) Мыс Б) Темір
9. 4 Al + 30
2
2 Al
2
O
3
реакциясы бойынша 1 моль Al жанғанда неше моль Al
2
O
3
түзіледі?
А) 0,5 моль Ә) 2 моль Б) 1 моль
10. Қай элементке сәйкес келетін электрондық формула.
1s
2
/ 2 s
2
2 p
6
/ 3 s
2
3 p
6
/ 4 s
2
А) Fr Ә) Ca Б) K
Дұрыс жауабы тақтада беріледі.
1
2
3
4
5
6
8
9
10
Ә
А
Ә
Б
Б
Б
Б
А
Ә
Шкала:
«5» - 8-10; «4» - 4-7; «3» - 1-3.
"Тірек сөздер стратегиясы"
Және, кепілі, өте, қойнауы, техниканың, одан, бай, Отанымыздың, дамуының, металдар,
мен, әрі, кәзіргідей, жетуінің, дәрежеге, ғылым, жер, металдарға, бірден-бір.
Жауады: Отанымыздың жер қойнауы металдарға өте бай
“Металдар- ғылым мен техниканың кәзіргідей дәрежеге жетуінің және одан әрі
дамуының бірден-бір кепілі”
Бағалау: Топ басшысыныың бағалауы бойынша есептейді. Әр оқушыға орташа ұпай
шығарады.
Үйге тапсырма.
"Адам ағзасында қандай металдар бар, олардың маңызы қандай?» тақырыбы бойынша
хабарлама дайындау"