Конспект урока "Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау" 5 класс
Күні: 09.12.2016ж.
Пәні: Жаратылыстану
Сыныбы: 5 «А»
Мұғалімі: Есенгельдинова Ақайша
Сабақтың тақырыбы: Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау.
Мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға су туралы, оның адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын ояту, жаратылыстану
пәніне деген көзқарасын дамыту.
б) тәрбиелік: оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ -жауап, баяндау, ребус шешу, «кезбе тілші» әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, АКТ, географиялық карта, плакат, оқулық, дәптер, көңілді
смайликтер.
Пәнаралық байланыс: география, биология
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын түгелдеу, сабақ барысына дайындау.
Психологиялық дайындық:
-Әрбір адам ? - Туысым, досым, жұрағат.
-Әрбір сабақ ? - Үйрену ,ұғу , ұлағат.
-Әрбір ісің ? - Тірлік, тірек, адамдық.
-Әрбір сөзің ? - Шындық, бірлік, адалдық.
Олай болса, әрі қарай бүгінгі сабағымызды осы жолда бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Гидросфераның негізгі компоненттері. Мұхиттар , теңіздер және ішкі сулар.
« Ең, Ең, Ең !» әдісі арқылы жер бетінде гидросфера қабатындағы суларға сипаттама
беру.
Ең үлкен мұхит....................Тынық мұхиты
Ең суық мұхит.................... Солтүстік мұзды мұқиты
Ең жылы мұқит................... Тынық мұқиты
Ең кіші мұқит ......................Солтүстік мұзды мұқиты
Ең терең мұқит.....................Тынық мұқиты
Ең ұзын өзен.........................Ніл өзені -6671км, Африка
Ең суы мол өзен....................Амазонка
Ең үлкен сарқырама........... Ангел – Венесуэла –1000 м
Ең үлкен көл.........................Каспий теңізі Орта Азия – 394299 км²
Ең терең көл..........................Байкал 1620м.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекту және жаңа сабаққа дайындау
Проблемалық сұрақ. Сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақ тақырыбының мәні
айқындалады:
Жер бетіндегі гидросфера қабатындағы тірі ағзалардың басты мақсаты?
Жауабы: Су-тіршілік көзі. Гидросфера қабатында орналасқан су көздерін маңызың
жоғалтпау, суды қорғау болып табылады.
IV. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
⸹ 15.Судың өмір үшін маңызы,судың қасиеттері,суды қорғау.
Мақсаты: судың табиғаттағы және тірі ағзалар үшін маңызын, судың қасиеттерін түсіну,
су көздерінің ластануынан қорғау жолдарын білу .
V. Жаңа сабақты түсіндіру
Су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі алғашқы тіршілік суда басталады.
Жердегі ең көп таралған заттың бірі су. Мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі
ағзаның құрамында кездеседі. Мысалға адам ағзасындағы қанның немесе шырынның
негізгі құрамы судан тұрады. Кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су
болады. Кейбір теңіз жәндіктері, мысалыға медузаның 97-98% - ы судан тұрады. Судың
құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. Су
көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады. Оның
құрамындағы жануарлар мен өсімдіктерді құрлықтан кездестіре бермейміз. Судың жарық
түсе бермейтін қабатында терең емес жерлерінде жануарлар мен өсімдіктердің көптеген
түрі мекендейді. Мұхиттер мен теңіздердің терең қабаттарына - жарық түспегеннен
қараңғы болып келеді. Ол жерлерде тек қана сондай тіршілік ортасына бейімделген
жануарлар мекендейді, өсімдіктер мүлдем кездеспейді. Судағы еріген оттегімен су
жануарлары желбезек арқылы тыныс алады.Қыста көлдер мен тоғандардың қатуы су
жанураларына қиындық туғызады. Оттегінің жетіспеуі салдарынан жануарлардың жаппай
қырылып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда мұзды бірнеше жерден ойып, суды оттегімен
байытып отыру керек. Көптеген жануарлар суда өмір сүруге бейімделген - жүзбе
қанаттары, ескек тәрізді аяқтары және саусақтарының арасында жарғақтары болады.
Мұхиттар мен теңіздердің тұзды суларында көптеген балдырлар кездеседі. Балдырдың
кейбіреуі су бетінде қалқып жүрсе , енді біреулері су түбіне бекініп өседі. Балдырларды су
жануарларының қорегі ретінде, кішігірім балықтар тұрақты мекені ретінде пайдаланады.
Ең маңыздысы ауаны оттегімен байытып отырады.
Таяз болып келетін тұщы суларда қамыс, қоға сияқты өсімдіктер тамырымен су түбіне
бекініп өседі. Олардың жоғарғы жағы су бетіне шығып, жайқалып, бір жерге жинақталып
өседі. Бұл өсімдіктерде балық, көлбақа, инелік және т. б. жануарлардың қоректенетін және
жауыннан корғанатын аймағы ретінде пайдаланады. Жағалаудан біраз қашықтықта су
бетінде көрініп тұрған сары тұңғиықты және тұңғиықты көруге болады. Тұщы суларда
бұлардан басқа көптеген балдырлардың түрлері, балықтар, шаян тәрізділер тіршілік етеді.
Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынып-шайынуға, әр түрлі
тұрмыстық заттарды тазалауға керек. Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауында
шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады. Сонымен бірге су зауыт-фабрикалардың
жұмыс істеуі үшін өте кажет.
Бірде-бір тірі ағзалар сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер су арқылы топырақтан
минералды заттарды қабылдап, сабақтары арқылы жапыраққа жеткізеді, жапырақ өз
кезегінде фотосинтез процесіне қатынасады. Топырақтың құнарлығын арттыру үшін де су
кажет. Ол арқылы топырақтағы өсімдіктер шіріп, қарашіріктің пайда болып, тұқымнан
өсімдіктің өніп шығуын тездетеді. Мысалға, 1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су
қажет екен. Көптеген баубақша өсімдіктері суармалы жағдайда ғана өнім береді (қызанақ,
қарбыз, қауын, картоп, пияз және т. б.). Сол себепті де әрбір тірі ағза үшін су белгілі бір
мөлшерде ғана қажет. Егер оған кажетті су жетіспесе немесе артып кетсе де тірі ағзаның
өліп қалуы әбден мүмкін.
Табиғаттагы су, құм, көмір, күйдірген топырақ тәрізді кеуек заттар арқылы сүзіліп,
тазартылады. Ауыз суын бактериялардан тазарту үшін суды хлорлау әдісі колданылады.
Ол үшін 1 тонна суға 0,72 грамм хлор қосады.
Су 3 күйде болады: 1)қатты 2)сұйық 3)газ.
Дәптермен жұмыс.
«Қызықты мәліметтер»
Сергіту кезеңі
(қимылмен, музыка ырғағымен).
«Табиғаттағы су»
Теңіз толқып
Су буланып
Шарбы бұлттар көшеді.
Жаңбыр жауып
Жер бетіне
Жасыл шөптер өседі.
VІ. Жаңа сабақты бекіту
Суға байланысты мақал-мәтелдер.
1.
VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау
Тірі ағзалардың тіршілігі үшін судың маңызы қандай? (бұлттардың үстіне түсінгенін
жазады).
VІІІ. Үй тапсырмасын беру
§15.Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері,суды қорғау .Түсінік айту, эссе жазу
ІХ. Бағалау
География - еще материалы к урокам:
- Презентация "Движение воздуха"
- Презентация "Вредители декоративных насаждений города Сочи"
- Поурочная разработка урока "Организмы в Мировом океане" 6 класс
- Классный час "«Великая война и Великая Победа» Города - герои"
- Конспект урока "Субтропики. Высотная поясность" 8 класс
- Конспект урока "Различия регионов Африки" 10 класс