Конспект урока "Көңілді қыс"

Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізілу күні: 05.12.2018 ж
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді»
Тақырыбы: Көңілді қыс
Мақсаты:
Тәрбиелеу: Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың сөйлеу әрекетін, тілін, есте сақтау қабілетін,
көркемдік талғамын, ой - қиялын дамыту.
Оқыту: Жыл мезгілі қыс туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән
ерекшеліктерін ажырата білуін, сурет көріністерін бейнелей білуге үйрету, өз
ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету, бұған дейін алған
білімдерін тиянақтау.
Билингвалдық компонент: қыс-зима, қар-снег, алақай-ура, көңілді-
веселый
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Шаттық шеңберге тұрып,бір-бірінің қолдарын ұстап жылы тілектерін айтады.
Балалар шаттық шеңберге тұрды.
Ұйымдастыруш-іздену.
А. Мұхамеджанов «Бұл жылдың қай мезгілі?» өлеңін оқу.
Шанамен зырғып желетін
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Жарайсыңдар, балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
- Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
- Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
- Ал күн шыққанда не істейсіңдер?
- Жарайсыңдар, осындай тамаша көңіл - күймен орманға барғыларың келе
ме?
- Ендеше, менің сиқырлы қалпағымның көмегімен біз орманға барамыз.
Қане, бәріміз көзімізді жұмамыз.
(Балалар көздерін жұмады, ашқан кезде орман көрінісі көрінеді)
- Міне, балалар, біз орманға келдік. Орманнан нелерді көріп тұрмыз?
- Аппақ, аппақ қар аппақ
- Айналаның бәрі аппақ
- Шыршаның түсі қандай?
- Орманда тағы нелер бар екен?
-Қардан не жасауға болады?
-Орысша қалай атаймыз?
-Қар қандай түсті?
-Қыс мезгілінеде қандай мерекелер болады?
- Ой, қандай тамаша! Біз де сендермен бірге жүрейікші.
- Балалар, мына ағашқа қараңдаршы, жапырақтары бар ма?
- Мынау ақ болып тұрған не?
- Балалар, аю қыста ұйықтап жатады, шуласақ оянып кетеді.(Аюдың
апанының қасында қорапша тұрады). Мына қорапшаны біреу жоғалтып алған
сияқты, өзімізбен бірге ала кетейік, сұраса берерміз. Ал, мынау не нәрсе?
- Ия, біздің алдымызда да, балалар келіп, аққала жасап кеткен сияқты. Аққала
неше бөліктен тұрады?
- Пішіні қандай?
- Ал түсі қандай?
-Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды білесіңдер ме?
- Балалар, біз тоңып қалдық, аңдармен бірге сергіту ойынын ойнасақ қалай
болады?
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз
Қолғап киіп аламыз
Сарт-сарт-сарт
Шапалақты соғамыз
Тоңса біздің аяғымыз
Етік киіп аламыз
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз
Тоңса біздің денеміз
Тонды киіп аламыз
Зу-зу-зу
Шанаменен зулаймыз
- Балалар, біздің қайтатын уақытымыз болды, сиқырлы қалпақтың көмегімен
балабақшамызға қайтайық. (Балалар көздерін жұмады)
- Міне, балалар, біз балабақшамызға да келдік. Қысқы орманнан не көрдік?
- Балалар, орманнан тауып алған қорапшаны ашып көрейік. Міне, қызық! Бұл
жерде қыс мезгілін бейнелейтін суреттер бар екен. Бұларды құрастырып,
әңгіме құрап айтайық. (Балалар суретке қарап әңгімелейді)
- Балалар, біздің қысқы көрінісіміз бұдан да әдемі болу үшін, қар жауғызсақ
қайтеді? Ендеше, бәріміз кезекпен оң қолымыздың саусақ ұшымен ақ қардың
суретін бейнелеп салайық.
-қыс
Қар жауады, аяз болып, боран соғады
(Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады)
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Қорытынды:
-Біз бүгін қайда бардық?
-Не көрдік?
-Қыс мезгілі немесімен ерекше?
-Қардан не жасауға болады?
-Қыста қандай ойындар ойнаймыз.