Конспект занятия "Жаңа жылдық шырша!"
I – сәбилер тобы
Жаңа жыл.
Тақырыбы: «Жаңа жылдық шырша!»
Мақсаты. Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беру. Жаңа жылды татулықпен,
достықпен, бірлікпен өткізуге тәрбиелеу. Ертеңгілікке қатысатын қонақтарға
қызығушылықтарын арттыру.
Қатысушылар: Ақшақар, аяз ата, қоян, балалар.
Құрал жабдықтар: қар кесектері,қаршалар, әуендер.
Балалар музыка әуенімен бірінің артына бірі тұрып залға кіреді.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Жаңа бақыт, жаңа жыл!
Жаңа өлең, жаңажыр,
Балғынбөбек, балалар.
Құттыболсын, жаңа жыл!
Балалар, қараңдаршы шыршаға ойыншықтары қандай әдемі жарасып тұр
(балалар шыршаны жақындап келіп тамашалайды).
-Қалай ойлайсын Аяз ата?
Аяз ата: Балаларым, балғындарым. Қандай әдемі менің балаларым,
балғындарым! Қандай керемет киімдерің де, өздеріңде қандай тамаша!
Балаларым, балғындарым шыршаларыңның шамы жанбай тұр екен, қане
бәріміз сиқырлы сөз айтайық. (таяғымен сілтеп)
Таңырқат, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат – деп шыршаның шамдарын жағады.
Ақшақар:Тамаша! Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Әсем, әсем, ойыншығы
Көз тоймайды қараса
Жасыл шырша жанында
Би билейік тамаша.
Би: «Шырша».
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым, балғындарым тамаша билейді екенсіңдер.
Ал, енді балаларым, балғындарым сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Әуенді ойын»
Ақшақар: Аяз ата, ал сіз қар кесектерін алуды ұмытқан жоқсыз ба?
Аяз ата: Мен қалай ұмытамын, міне олар! Және қаршаларды шыршаны
безендіруге әкелдім.
Ақшақар Ал бізде өзіміздің қаршаларымыз бар. Олар сізге би белеп береді.
Қанекей, қаршалар, шығып белейік.
Би: «Ақшақарлар»
Ақшақар: Ал енді балалар ойын ойнағыларың келе ме?
Қыс қызығы тамаша!
Ойнаймыз біз таласа!
Думанымыз жалғассын !
Жаңа жылға тамаша!
Балалар, қанекей, орнымыздан тұрып, қар кесегімен ойнайық.
Әуен. Ойын «Қар кесектері».
Әуен ойнайды.
Ақшақар: Бұл жерде ешкім жоқ, шырша ғой мынау! А жоқ, шыршаның
артында біреу бар сияқты?! Балалар, шыршаның артында біреу бар ма, әлде
жоқ па? Мен қарап көрейін! Ааа, бұл жерде қоян тығылып отыр екен ғой!
(музыка әуенімен залға қоян секіріп шығады.
Қоян: Бұл мен ғой Ақ қоян. Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме,
қонақтар!
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, ақ қоян. Сен бізге аяз сыйлықтарды алып келдің
бе?
Қоян: Жоқ, мен балалалармен жаңа жыл тойына би билеуге келдім. Менің
кішкентай аңдарым қайда екен?
Би: «Аңдар»
Қоян: жарайсыңдар, балалар! Енді менімен ойын ойнайсындар ма?
Ақшақар: Аяз ата, жүріңіз бізбен бірге ойнаңыз.
Ойын:«Әуенді ойын»
Қоян: Сендерге көп – көп рахмет. Енді мен басқа балалармен би билеуге
барайын, жақсы! (қоян залдан шығып жатқанда)
Ақшақар:Қоян, тоқташы, біздің сыйлықтарымызды кім әкеліп береді екен?
Аяз ата: Қап, мен сыйлықтарды ұмытып кетіппін ғой. Мен шаршап тұрмын
көмектесесің бе, қоян?
Қоян: Ия, әрине әкеліп берейін. (Қоян сыйлықпен кіреді)
Жарайсыңдар, балалар! Сендертамаша билейді екенсіңдер. Керемет
биледіңдер. Енді сыйлықтарыңды Аяз ата мен Ақшақарға беремін. Сіздерге
таратып береді. Ал мен басқа балаларға барып би билеймін. Жақсы, сау
болыңдар! (залдан шығады)
Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды
бір қуантып тастадыңдар, көп- көп рахмет. Енді біз Ақшақар қызымыз
екеуіміз сендерге сыйлықтар таратып берейік.
Ақшақар: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Осымен шағын І кіші топ балаларының Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі
аяқталды. Сау болыңыздар!