Классный час "Әдептілік - тәрбие бастауы" 1 класс
Әдептілік – тәрбие бастауы
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа,,
кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін
ұйрене отырып, әдеп әліпесін дарыту. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетіне үйрету,
олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілер: Өсиет сөздер, мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер.
Барысы:
Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы
сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
Мен Айымның пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?
Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі
ұстай білсе - әдепті.
Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау
парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.
Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспасан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір
үндемей кетпесек болды емес пе?
Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтың дәстүр, халықтың
әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай
білеміз.
Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге
көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?
Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс
пайдаланудың өзі әдептілік.
Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін
әдепсіз емеспін деп ойлаймын.
Басқа сыныптастарымыз не айтар екен.
Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе,
алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем
бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық,
көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне,
яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз
басы сәлем дегеніміз сол.
Балалар дөңгелене отырып бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Тәрбиеші: Біз балалар бір-бірімізге жақсы тілектер айтып жатырмыз. Бұл тілектерді бекер
айтып жатқан жоқпыз. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әдептілік –тәрбие
бастауы». Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?
Ал қандай баланы «жаман»бала дейміз? (салақ, әдепсіз, білімсіз) (көпшіл, еңбекқор,
қайырымды)
Міне, көптеген жақсы-жаман қасиетті дәл тауып айтып жатырсыңдар. Жақсы қасиеттерді
не істеуіміз керек? Үйренуіміз керек.
Ал жаман қылықтардан ше? Жиреніп аулақ болғанымыз қажет. Енді осы ойымызды
қорытындылау үшін әдеби монтажымызды бастайық.
Адамда жақсы қасиет болмаса
Оған бақ та, бақыт та қонбайды
Жақсымын деп мақтанба
Халық айтпай.
Батырмын деп баптанба
Барып қайтпай.
Жаманның дәмесі зор, сөзі қотыр
Көкірегі –қараңғы көр, көзі соқыр.
Салақ болсаң жасыңнан
Шыбын кетпес қасыңнан.
Таза болсаң жасыңнан
Сабын қалмас қасыңңан
Жақсы бала, ол анық
Істемейді шалалық
Тап-таза боп жуынып
Алады өзі таранып
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Тәрбиешімді сыйлаймын
Кім үлкенді сыйласа
Кім үлкенді тыңдаса
Сыйлы болмақ өзі де,
Үлкен болған кезінде.
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні
Сақтап көше тәртібін
Бағдар шамның ал тілін
Әдет қыл бұл ісінді
Тазалап жүр тісіңді
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеніз
Тілеуің, өмірің алдында
Оған қайғы жесеңіз
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек бекер, мал шашпақ
Бес дұшпаныі білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көңсеніз.............
Маша сендерге қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың Адам болам десеңіз өлеңін оқыды.
Ұлы ақын өз өлеңінде жастарды өнер білімге шақырды, адал еңбек етуге үйретеді,
жақсылыққа тәрбиелейді, жамандықты сыңайды.
Адам жақсы болып өсу үшін бес нәрсеге ғашық болуы керек Ол-талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақымшыл болуы керек екенін, ал адамның бес дұшпаны өтірік, мақтаншақ,
еріншек екенін яғни бұл өлеңде жақсылық пен жамандық туралы айтылады.
Ал, енді балалар ойын арқылы адамның жақсы қасиеттері мен жаман қылықтарын
табайық:
Балалар, мінеки жаңағы өлеңде оқылған жақсы мен жаманның не екенін біліп екі топқа
бөлдік. Бүгінгі тақырыпқа байланысты жақсылық пен жамандықты мақал-мәтелдерден де
үйренуге болады. Енді тақтаға көңіл бөлейік:
1 мақал: «Жақсы бала жеткізеді мұратқа
Жаман бала қалдырады ұятқа
2 мақал: «Жақсы болсаң, жақын көп»
3 мақал «Жақсыдан қашпа
«Жаманнан баспа»
4 мақал: Мақтаншақ кісі-өзімшіл, менмен кісі,
Менмендік,тәкаппарлық, адамның міні тәрбиенің жоқтығы
5 мақал: Еріншектің ертеңі бітпес
Демек, адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен, Міне осындағы
ақылдылықты, адалдықты, инаббаттылықты үйренеміз, бойымызға сіңіреміз. Жақ-
сы бала осы қассиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ
болуға тырысады.
Балалар «Жалғастыр» ойының ойнаймыз.
Не істеуге болмайды? (үлкен етіп жазылады)
1.Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды.
2.Қыз баланы ренжітуге болмайды
3.Құстарды атуға болмайды
4.Сабақтан кешігуге болмайды
5.Сыныпта айқайлауға болмайды.
Не істеу керек?
1.Үлкендерді сыйлау керек
2. Үлкеннің тілін алу керек
3. Кішілерге қамқор болу керек
4. Оқу құралдарын кұтіп, таза ұстау керек
5. Сабақты жақсы оқу керек
Қорытынды:
Ағаш пен адамды мәпелеп өсіретін-адам. Ағашты күтіп-баптап өздерін өсірсеңдер, ал
сендердің жақсы адам болып өсулерің үшін қаншама адам сендер үшін еңбек етеді:
тәрбиеші-тәрбиелейді, мұғалім-білім береді, дәрігерлер-денсаулықтарыңды бақылайды,
жақсы тамақтануларың үшін-аспаздар еңбек етеді. Барлығы да сендерді жақсы адам
болып өссе екен деп тілейді. Ал сендердің жақсы болып өсулерің өздеріңнің қолдарында.
Ал біз сендердің тілеулеріңді тілейміз. Әрқашан адал, шыншыл, кішіпейіл, ақылды,
инабатты бола отырып, жаман -жақсы қасиеттерді бір-бірінен ажырата білейік. Бір-
бірімізге мейірімді, қайырымды болайық.