Классный час "Махаббат мәнгі ертегі" 2 класс

Махаббат мәнгі ертегі
Мақсаты: Оқушыларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілер: Өлең сөздер, мақалдар.
Барысы:
Махаббаттың сіздің өміріңізде алатын орны.
Мен үшін махаббаттың алатын орны ерекше. Осы ұлы сезім болмаса, жігіт пен қыз бір-
біріне ғашық болып, ынтық болмас еді. Қаншама ақындар мен жазушылар осы сезімнің
арқасында ғашықтарына өлең арнап, романдар жазған. Мүмкін кейбірі сол сезім болмаса,
ақын, жазушы атанбас та еді. Тек олар ғана емес қолдарынана шеберлігі тамған
суретшілер де, мүсіншілер де, кез келген өнер иелері. Театрдағы қойылымдар мен
кинорежиссерлердің де көбі махаббат тақырыбында. Адам болып жаратылған соң, осы
өте нәзік сезімді жүрекпен ұғынып, бастан кешірудің өзі – Мен үшін үлкен бақыт!!!
Махаббат мен үшін — мәңгі ертегі..
Махаббат мәңгі ертегі,
Көңілдің күйін шертеді.
Ертіп бір жүрсең шіркін-ай,
Еліктей сұлу еркені.
Махаббат өмір ғажабы,
Алқызыл гүлдей ажары.
Сүйемін деген жалғыз сөз
Жүректі тербеп,
жанымды емдеп жазады.
Ғашықсыз өмір өмір ме,
Егілме жаным егілме.
Көктегі күнге қол созған
Не дерсің мынау көңілге.
Махаббат деген қандай-ды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай
Қаншама гүлдер сарғайды.
Күлерсің-дағы жыларсың,
Жыларсың-дағы шыдарсың.
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау кімнен сұрарсың?
Махаббат... Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сиғысыз әрекетке
апаратын құдырет иесі. Махаббатты бастан өткізудің өзі бір бақыт. Алайда ыстығы мен
суығы, ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан махаббаты
бағалай алу керек. Махаббат адамды барлығына да үйретеді.
-мейрімділікке
-қайрымдылыққа
-игі істер жасауға
-ғажайыпқа сенуге
-қызғаншақтыққа
-құмарлыққа
-әділдікке
-әдепсіздікке
-сыйластыққа
батыл болуға немесе керсінше жек көрушілікке,қызғаныштан жауыз әрекетке,бітпес
дауға әкелуі мүмкін.
Махаббаттың шынайылығы-адам қашан кімге ғашық болатынын біліп болмайды.
Қозы ғашық болғанмен - Баянның бағы жанған жоқ.
Төлеген ғашық болғанмен - ол Жiбектi алған жоқ.
Кебек ғашық болғанмен - Еңлiк бақытты болған жоқ.
Абай ғашық болғанмен - Тоғжанға орамал салған жоқ.
Бiржан ғашық болғанмен - Ләйлiм iздеп барған жоқ.
Бiр бiрiн сүйiп қосылған - ғашықтарда арман жоқ!
Мына алемге керек Ауа, керек Куз.
Аттен, шiркiн, бiз жай гана терекпiз.
Менi бiреу суйсе деймiн жай гана,
Менi бiреу суйсе деймiн себепсiз.
Суйсе деп ем кыныр-кисык калпыммен.
Салыстырмай гаухар, кумiс, алтынмен.
Суп-суык деп ойлайды екен оны да
Тым сезiмтал жубай болар кар кiммен?
Суймесе екен унаган сон кескiнiм,
Жане конiл котерген сон кешкурым.
Суймесе екен калмаган сон ешкiмi
Суймесе екен кажытканда ескi мун.
Кун егерде не болады кулмесе?
Барiмiзде жан калмайда Кун десе.
Тунге гашык адамдарга тан калма
Тундi неге суйетiнiн бiлмесе.
Кетер едiм кус боп ушып дерексiз
Кете алмадым жан секiлдi керексiз.
Мен бiреудi суйсем екен жай гана,
Мен бiреудi суйсем екен себепсiз.
Егер сүйгеніңмен қоштасу уақыты, махаббатты ұмыту уақыты келсе, өзіңізді қалай
ұстар едіңіз? Шынына келсе, бұл өте қиын жағдай және әркім сол сәтте өзін тыныш және
бейқам ұстап тұра алмайды. Бас салып айғай, ұрыс және тіпті төбелес басталуы ғажап
емес. Өміріңде қолданбаған ащы сөздер, айтылмай қалған өкініштер және жанға батар
балағаттаулар қатары ағыла айтылыды. Сіз жан тәніңізбен, барынша сүйіктіңізді сөзбен,
болмаса, күшпен жеңуге тырысасыз.