Конспект урока "Қол диірмені"
«Қол диірмені»
Мақсаты:
✓ қазақ халқының тарихи мұрасының бірі қол диірмені туралы түсінікті
қалыптастыру,балаларды ұлттық дәстүрмен таныстырып, оны
құрметтей білуге, үлгі тұтуға үйрету.
Көрнекілік қорлар:
- Күй «Көңіл толқыны» С.Тұрыспеков аудиожазба,
- Сара Алпысқызының бейнеролигі,
- Қол диірмені, қуырылған бидай, қағаз орамалдар, сүт, кесе, қасық,
талқан, мейіз, қант және т.б.
- «Қазақы дастарқаным» өлеңінің фонограммасы.
Өткізу әдісі:
Шаттық шеңбері:
- Сәлеметсіңдер ме, жандарым!
Сендермен кездескеніме қандай қуаныштымын! Мен сендерді өте
жақсы көремін, балапандарым менің!
- Ахмад, сен сондай ақылды баласың, келші құшақтайын.
- Сен нағыз доссың, мен сенімен дос болғым келеді.
- Сен мейірімдісің, жүрегің ыстық.
- Сен ақылдысың, бәрін білесің.
- Сен қамқоршысың, бәріне көмектесесің.
- Сен адалсың, дос болайық!
- Сен сұлусың!
- Сен тәртіптісің, үлкендерді тыңдайсың.
- Сен әдептісің, бәрімен амандасасың.
- Сен жауаптысың, айтқан тілді аласың.
- Сен ұқыптысың, қай кезде болса да жинақы болып жүресің.
Тәрб. Маған жылы сөз айтқан кезде, мен өзімді қуанышты сезіндім,
жүрегім жылуға толып дүрсілдеп кетті, ал сендер не сезіндіңдер?
Қиял сезімдері:
- Мен мақтаныш сезімге толы болдым.
- Мен қуанышты болдым.
- Менің көңіл-күйім көтерілді.
- Мен мәз болдым.
- Менің көңіл күйім жақсы болды.
- Мен жылуды сездім.
- Маған өте ұнады.
- Мен ұялдым.
- Менің қуаныштан күлкім келді.
- Мен өзімді бақытты сезіндім.
Бейнежазба.
Балалар, Сара Алпысқызы да өз көңіл күйін сендерге жеткізгісі келеді.
Өз халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін білуіміз керек дейді.
Әңгімелеу: Біз да халық дәстүрін сақтай отыра ертеден келе жатқан қол
диірменімен танысамыз. Қол диірмені екі үлкен қыша тастан жасалған.
Ортасында бидай салатын үңгісі бар.
Бұрын дәмді, күлше нан пісіру үшін біздің әжелеріміз қол диірменін қолданған.
Бәріміз айтайықшы – қол диірмені (балалар қайталайды).
Диірменмен бидай ұсатып, ұн жасаған. Диірменнің ұнды қалай ұнтақтайтынын
мен қазір сендерге көрсетемін. Мынау бидай, айтайық - бидай.
Диірменмен тәжірибелік жұмыс: Ахмат, маған көмектеседі, қазір бәрінде бір-
бірден тартып көрсетесіндер. Міне балалар, бізде бидайдың талқаны дайын
болып шықты. Бәріміз қайталап айтайық - талқан.
Әңгімелесу:
- Қалай ойлайсыңдар, талқан жасау оңай ма?
- Жоқ, диірменді айналдыру өте қиын.
- Диірмен өте ауыр.
- Диірменді айналдыру үшін көп күш керек.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, өте ауыр.
Дәйексөз: Жұмыстың қиындығынан қашпай сол жұмысты бар ынтамызбен,
көңілімізбен орындасақ, ісіміз жеңіл, нәтижелі болады.
«Ынта болса адамда, қиын іс жоқ жалғанда» деген сөздер осыдан шыққан
керек. (балалар 1 - 2 рет қайталайды хормен 1-2 бала).
Әңгімелеу:
- Ал сендер еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?
- Еңбек ер атандырар.
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
- Еңбек – рақаттың атасы.
- Икеміне қарай еңбек ету
- Тамаша, көп мақал білесіндер!
Дербес тәжірибелік жұмыс: Біз де қазір Ұмай әженің көмегімен өз еңбегіміздің
жемісін жасап көрейік
(Талқан жасайды, дәмін көреді).
- Талқан қандай дәмді!
- Иісі қандай!
- Өте тәтті!
- Маған өте ұнады.
- Мен үйрендім, енді үйде жасаймын
Қорытындылау: Бүгін біз сендермен тарихи мұралардың бірі қол диірменімен
таныстық. Келесі сабағымызда ұн ұнтақтаудың жаңа технологиясымен
танысамыз. Ол тақырып «Қайдан келдің бауырсақ?» - деп аталады.
Жүректен – жүрекке: Балалар «Қазақы дастарханым», өлеңін айтып
қоштасайық.
Халық дәстүрін сақтай отыра...
«Қол диірмені»
«Өзін-өзі тану»
Дайындаған:У.А.Абдуллина
«Мұрагер»
г. Лисаковск
2010 год