Конспект ОУД "Жау-жау жаңбыр"
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей
группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.
Пән/Предмет: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Өлі және тірі табиғат»
Тақырыбы/Тема: «Жау-жау жаңбыр»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: балалардың қуанышты эмоционалдық
көңіл-күйіне ықпал жасау. Жаңбырға деген қуаныш сезімдерін тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: сабаққа қызығушылықтарын арттыру,
тәжірибе жасау арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту.
Жаңбырдың қайдан пайда болатынын түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қолшатыр, губка,
шұңғыл ыдыс, стакан, сұйық сабын, түтікше
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жаңбыр - дождь
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Тосын сый: Тәрбиеші топқа қолына қолшатыр ұстап кіреді.
Балалар қараңдаршы менің қолымда не бар?
Балалар қолшатыр бізге не үшін керек?
Дұрыс айтасыңдар, жаңбыр жауғанда бізге су болып қалмас үшін қолшатыр
керек.
Билингвалдық компонент: жаңбыр – дождь
Балалар сендер, қолшатырмен ойын ойнағыларың келе ме?
Ендеше «Күн мен жаңбыр» ойынын ойнайық.
Мақсаты: балалардың жылдамдықтарын арттыру, күннің көзі мен
жаңбырды ажырата білуге үйрету.
Барысы: балалар күннің көзінде ойнап жүреді, сосын тәрбиеші жаңбыр
дегенде барлығы қолшатырдың астына жиналады, жаңбырдың астында
қалып қоймауы керек. Ойын балалар қалауымен бірнеше рет қайталанады.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Балалар сендерге жаңбыр жауғанда ұнайды ма?
Ал балалар сендер білесіңдер ме, жаңбыр қайдан жауады?
Дұрыс айтасыңдар, бұлттардан жауады.
Ал жаңбыр бұлтқа қалай айналатынын білесіңдер ме? Ендеше тәжірибе
жасап көрейік.
Балалар қараңдаршы менің қолымда губкалар бар. Бұл губкалар біздің
бұлттарымыз болады. Қане балалар губкаларды ұстап көріңдерші: олар
дымқыл ма, әлде құрғақ па? Ауыр ма, жеңіл ме?
-Бізде балалар ыдыста су бар, ол бұлттың су ішетін өзені болады.
-Балалар бұлттарды суға батырайық. Ал енді айтыңдаршы, губка қандай
болды?
- Дымқыл және ауыр деп жауап береді.
Губканы ақырын қыссақ, ол жай жаңбыр болады, ал қаттырақ қыссақ ол
күшті жаңбыр болады.
Жеке жұмыс: Самрат сенде қандай жаңбыр пайда болды? Жай ма, әлде
күшті ме?
Көрдіңдер ме балалар, бұлтқа осылайша су жиналып, бұлт толғанда жерге
тамшы болып ағады.
Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?
«Тырс-тырс» деп қайталайды.
Сергіту сәті: «Жаңбыр»
Жаңбыр жауа бастады
Қатты жауа бастады.
Бәсеңдеді
Бұлттар тарқады
Жарқырап күн шықты.
Балалар қараңдаршы менің сендерге бір сыйлығым бар?
Бұл не? Сабынмен не істейміз?
Сабынмен тек қолымызды жумаймыз, сабынмен және сумен түрлі қызықты
заттар жасауға болады екен. Үстелден не көріп тұрсыңдар?
Ал енді балалар мен суға сұйық сабынды құямын, түтікшемен оларды
үрлейміз. Не пайда болды?
Дұрыс айтасыңдар, көпіршіктер.
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар біз бүгін немен таныстық?
-Жаңбыр қалай пайда болады екен?
-Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?
-Су және сабынмен не жасадық?
Балаларды мадақтау.