Интегрированное занятие "Ойыншықтар дүкені"
Ақтөбе қалалық білім беру бөлімі
№ 24 "Аққу" МДҰ
" Ойыншықтар дүкені"
( ашық қаралым)
Өткізген:
Базарбаева З.И.
2017-2018 ж.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: "Ойыншықтар дүкені"
Білім беру саласы: қатынас
Бөлімі: қоршаған орта
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы, олардың белгілері мен
қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту. Айналасындағы заттарды атап,
олардың көлемін, түр-түсін, бөлшектерін ажырата білу қабілеттерін
жетілдіру. Балалардың сөздігіне заттар тобын ( ойыншықтарды білдіретін
сөздерді) енгізу.
Көрнекілігі:
1. Ойыншықтар
2. " Дүкен" ойыншығы
3. Құрсау
4. Суреттер
5. Сыйлықтар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздерег қонақтар келіпті. Қонақтармен
амандасайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнайды
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық сыйлайды
Қайырлы таң , қонақтар!
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін ойыншықтар туралы әңгімелейміз.
Айналамызға қарасақ, неше түрлі ойыншықтарды көріп тұрмыз.
Ойыншықтар бізге не үшін керек?
Балалар: Біз ойыншықтармен ойнаймыз.
Тәрбиеші: Ойыншықтармен ойнағанды ұнатасыңдар ма?
Балалар: Иә, ойыншықтармен ойнағанды ұнатамыз.
Тәрбиеші: Сендер ойыншықтармен қайда ойнайсыңдар?
Балалар: Біз ойыншықтармен үйде, балабақшада ойнаймыз.
Тәрбиеші: Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтарың бар?
Бірінші бала: Менің үйде қуыршақ ойыншығым бар. Оны маған атам
туған күніме әкеліп берді. Менің қуыршағым өте әдемі. Үстінде әдемі
көйлегі бар. Шаштары ұзын, әдемі бантик байлаған. Мен қуыршағымды
жақсы көремін.
Екінші бала: Менің үйде қамаз ойыншығым бар. Ол үлкен, есіктері
ашылады. Оны маған апам әкеліп берді.
Үшінші бала: Менің үйде қонжық ойыншығым бар. Ол үлкен, жұмсақ.
Мен ұйықтағанда оны қасыма алып жатамын.
Тәрбиеші: Жақсы, балалар. Бәріңнің де үйлеріңде жақсы көретін
ойыншық-тарың бар екен. Ойыншықтардың түрлері өте көп. Біздің
балабақшамызда да неше түрлі ойыншықтар бар. Мына жерде түрлі
ойыншықтар тұр. Қазір сендер бір ойыншықты таңдап аласыңдар да,
сол ойыншық туралы айтып бересіңдер.
( балалар бір ойыншықты алып, сол туралы әңгімелеп береді)
Тәрбиеші: Жарайды, балалар. Ал сендерге ойыншықтарды кімдер әкеліп
береді?
Балалар: Біздерге ойыншықтарды аналарымыз, әкелеріміз, аталарымыз,
әжелеріміз әкеліп береді.
Тәрбиеші: Олар ойыншықтарды қайдан алады?
Балалар: Олар ойыншықтарды базардан, дүкеннен сатып алады.
Тәрбиеші: Дұрыс, олар ойыншықтарды дүкеннен сатып алады. Ендеше,
біз қазір дүкенге барып, ойыншық сатып аламыз. Ал дүкенде кімдер
жұмыс жасайды?
Балалар: Дүкенде сатушылар жұмыс жасайды.
тәрбиеші: Дұрыс. Енді бізге сатушы керек. кім сатущы болады? Хошрой
сату-шы болады, ал Аңсаған сатып алушы болады. Ол дүкенге барып,
ойыншық сатып алады.
( дүкенге барады)
Аңсаған: Сәлеметсіз бе!
Хошрой: Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз. Не алайын деп едіңіз?
Аңсаған: Мен ініме ойыншық сатып алайын деп едім.
Хошрой: Келіңіз, қараңыз. Біздің дүкенде ойыншықтар көп. Машина
ойыншықтар бар. Мына жерде жұмсақ ойыншықтар бар: қонжық,
маймыл, қоян. Үлкен және кішкентай доптар бар. Таңдағаныңызды
алыңыз.
Аңсаған: Мен машина ойыншық сатып алайын. Ол қанша теңге тұрады?
Хошрой: Мың теңге тұрады. Мінекей, алыңыз.
Аңсаған: Рахмет, сау болыңыз.
Хошрой: Сау болыңыз. Келіп тұрыңыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Міне Аңсаған інісіне ойыншық сатып алды.
Сендер біраз сұрақтарға жауап бердіңдер, "Дүкенде" ойынын
ойнадыңдар. Енді сергіп алайық. Шеңберге тұрамыз.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз
Ойыншықтармен ойнаймыз
Ойыншық ойнап болған соң
Шеңбер құрып аламыз
Қанатымызды қағамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Бір отырып, бір тұрып
Жаттығуды жасаймыз.
Тәрбиеші: Жақсы, балалар. Енді Елнұр мен Бекарыс бізге "Қатынастың
маңызы" деп аталатын ертегі көрсетеді. Елнұр Үсен дейтін бала болады.
Бекарыс Қанат дейтін бала болады. Хошрой Қанаттың әжесі болады.
Аңсаған мен Әсемназ Қанат пен Үсеннің достары болады. Ертегі:
" Бір күні Қанат пен Үсен достарымен ойыншық ойнап отырды. бір
кезде Үсен Қанаттың ойыншығын тартып алды.
Қанат: Бер менің ойыншығымды. Мен әжеме айтып беремін.
(әжесіне барды)
Қанат: Әже, Үсен менің ойыншығымды тартып алды.
Әже: Жүр Үсенге барайық. Мен оған ақылымды айтайын.
( Үсенге барады)
Әже: Үсен, балам, Қанаттың ойыншығын берші. Екеуің таласпай
ойнаңдар.
Үсен: Бермеймін. ( ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді.)
Әже: Сен жаман бала екенсің. Енді сен ешкімге көрінбейтін боласың.
Тәрбиеші: Әже ренжіп үйіне кетіп қалды. Үсен содан көрнібейтін болып
қалды.Ол басқа балалармен ойнағысы келді, бірақ оны ешкім көрмеді
әрі естімеді.
Үсен: Жалғыз болған қандай жаман. Мен сендермен сөйлескім келеді,
ойнағым келеді. Мен әжеге барып, Қанат екеуінен кешірім сұрайын.
( барып кешірім сұрайды)
Әже. Жақсы, балам, мен сені кешіремін. Енді олай ешкімнің
қолындағыны тартып алма. Барып ойнай қойыңдар. "
Тәрбиеші: Міне, балалар, Үсен жалғыздықтың қандай жаман екенін, басқа
балалармен сөйлесу қажеттігін, қарым- қатынас жасау керектігін түсінді.
Біз ойыншықтармен ойнағанда бір бірімізді ренжітпей, тату ойнауымыз
керек. Солай ма, балалар?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Жақсы, балалар, енді біз "Не жасырынды?" деген ойын
ойнаймыз. Мұнда біз түрлі ойыншықтардың суреттерін көріп тұрмыз.
Қандай ойыншықтардың суреттерін көріп тұрмыз?
( балалар ойыншықтарды атайды)
Тәрбиеші: Қазір сендер көздеріңді жұмасыңдар. Мен бір ойыншықты
жасырамын. Сосын сендер көздеріңді ашып, қай ойыншық
жасырынғанын табасыңдар. Тапқан бала сыйлық алады.
( балалар ойын ойнайды)
Тәрбиеші: Міне, балалар, біз бүгін ойыншықтар туралы әңгімеледік.
Түрлі-түрлі ойыншықтар болатынын көрдік. Біз ойыншықтарды қайдан
аламыз?
Балалар: Біз ойыншықтарды дүкеннен, базардан сатып аламыз.
Тәрбиеші: Ойыншықтарды қалай ұстауымыз керек?
Балалар: Біз ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауымыз керек.
Тәрбиеші: Достарымызбен қалай ойнауымыз керек?
Балалар: Біз достарымызбен ренжіспей, тату ойнауымыз керек.
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар. Біздің осымен ойыншықтар туралы оқіу
іс- әрекетіміз аяқталды . Қонақтарға сау болыңыздар дейміз.
Балалар: Сау болыңыздар.
Начальная школа - еще материалы к урокам:
- Презентация "Качающаяся игрушка лошадка" 4 класс
- Конспект урока "Качающиеся игрушки" 4 класс
- Открытое занятие в первой младшей группе по развитию речи "Поможем нашим гостям"
- Презентация "Детские журналы"
- Конспект урока "Бб дыбысы мен әрпі" 1 класс
- Конспект интегрированного занятия "Путешествие со Смешариками по сказочному городу"