Внеклассное мероприятие "Әке, шеше және мен спортшымыз шетінен"
Джанасова Саина Жанболатовна
«Әке, шеше және мен спортшымыз шетінен»
отбасылық-спорттық сайыс
Мақсаты:
Білімділігі: Бала мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа
деген қызығушылықтарын арттыру. Балаларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты,
денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет
екендігін түсіндіру.
Дамытушылығы: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында
спорт мәдениетін кең тарату.
Тәрбиелілігі: Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орны: Акт залы
Көрнекілігі: Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,
секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Отбасылық-спорттық сайыстың барысы:
Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді.
Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі
орасан зор. «Әке, шеше және мен спортшымыз шетінен» отбасылық-спорттық сайысы -
Джанасова Саина Жанболатовна
еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты
бағдарлама.
Құрметті ата – аналар, балақайлар! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев біздің болашақ
балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды
деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта
біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Адам
баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі
«Әке, шеше және мен спортшымыз шетінен» отбасылық-спорттық сайысына қош
келдіңіздер! Осы сайысқа 2 топ қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз атанады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1 - топ. "Жасұлан" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан".
2 - топ. "Қыран" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Қыран құстай самғаймыз,
Жарыстан біз қалмаймыз!»
Жүргізуші:
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Джанасова Саина Жанболатовна
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
1. «Балдәурен» тобының тәрбиешісі – Мұстафа Зульфия Мұратқызы.
2. «Ұлан» тобының тәрбиешісі – Жунусова Алуа Сериковна.
3. Ата - аналар комитетінің төрайымы – Мүбәрак Динара Сайлауовна.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен тұрады:
1- кезең: «Көңілді шар»
Шарты: Берілген тапсырма бойынша белгіленген межеге ортада құрылған қораптардың
арасымен шарды ұстап өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде қораптарды құлатпау,
тапсырманы толық орындау шарт.
2 - кезең: «Қақпашы»
Шарты: Бұл ойында топтың бір мүшесі топтарына қарама - қарсы тұрады. Қалған
ойыншылар біртіндеп допты қарама-қарсы тұрған ойыншаға лақтырады.
Джанасова Саина Жанболатовна
3 - кезең: «Тасымақ»
Шарты: Бұл ойында ата-аналар балаларын ұстап алып жүгіреді. Белгі бойынша ойынды
бастап белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүріп барып келуі
керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
4 - кезең: «Капитандар сайысы»
Шарты: Аяққа байланған шарды жару.
5 - кезең: «Кім көп секіреді?»
Шарты: Обручтардан көрсетілгендей секіру.
6 - кезең: «Эмоцияны немесе іс - әрекетті қайтала»
Шарты: Ата - ана кезекпен кезек тұрған шарды алып, отырып жару керек. Шардың ішінде
жазылған эмоцияны түсіндіру керек. Кезекте тұрған ата - ана соны шешу керек.
Қорытынды бөлім
Джанасова Саина Жанболатовна
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол –
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады,
- Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-
жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз
барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп балалардың
орындауында әнді қабыл алыңыздар:
«Жаса, қазағым!» әні
Таңданайық, спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей
келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер
отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын – «Қыран» тобы
ІІ орын – «Жасұлан» тобы
Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды
дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір
отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау
болыңыздар!
Джанасова Саина Жанболатовна
ЖММ «Ақ ерке» балабақшасы
Отбасылық-спорттық сайыс
Өткізген:
Тәрбиеші: Джанасова Саина жанболатовна
«Балапан» тобының тәрбиешісі
Қарағанды 2015 ж.
«Келісілді»
Әдіскер
____________Б.М.Айтқожина
«___»____________ __20__ ж
«Бекітілді»
Директор
___________________ Б.М.Айтқожина
«___»_____________________20__ ж.