Технологическая карта урока "Сыпайылық салтанаты" 4 класс

БжС технологиясы «Ауызша сабақ -1» картасы.
Сынып: 4 «Ә»
Пән: Әдебиеттік оқу
Тақырып: Сыпайылық салтанаты.
Мұғалім:Хамзина А. Ж.
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ 1» картасы, БжС технологиясы,ООМ,ИТ,оқулық, дәптер.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63 % меңгеруіндегі
логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту.
Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде , пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және
ынталандыру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
1
Ұйымдастыру
кезеңі
мотивация
Психологиялық тренинг.
Амансыз ба, ұстазым,
Амансыз ба қонақтар.
Амансыз ба достарым ,
Баршаңызды көргеніме ризамын
Сыныпты белсендіру үшін ортаға көшбасшы шығады.
Тақтаның оң
жағына 63 % деп
жазылады.
2
Оқушылардың
субъектілік
тәжірибесін
өзектендіру
Өткен сабақ бойынша қарама-қарсы сұрақтар.
1. Қыста неге әзірлік басталды? (Шаңғы жарысына).
2.Ереже бойынша жарыс ең әуелі кімдер арасында болды?
(Сыныптар арасында болды).
3.Жалпы сынға озып шыққан қанша бала түседі? (Бес)
4.Өз сыныптастарының арасында болған жарыста Тәуке не
істеуші еді? (Ол алдына жан салмайтын).
5.Қанша бала жоғарғы көрсеткішке жетті? (Бірнеше бала).
6.Ержан қандай көрсеткішке жетті? ( Жоғарғы).
7. Көз сары бала не деп айтты? (Озғандарды Ержан
жаттықтырған деп айтты).
8.Білгіш болса, өзі менен неге озбады деп кім айтты? (Тәуке
айтты).
9.Тәуке не жайында ойлады? (Бұл жолғы жарыста озбасам
абыройым айрандай төгіледі деп ойлады).
10.Сондықтан ол не істеді? (Ол күндіз-түні жаттықты).
11. Тәуке қай жерде жаттықты? (Ауыл сыртында).
12.Ертең жарыс болады деген күні ауа-райы қандай болды?
(Түні бойы қар жауды).
13.Жарыс болатын күні ауа-райы қандай болды? (Күн
жарқырап ашылып кетті).
14.Жарысқа қатысушылардан басқарушы не күтті?(Жаңа
рекорд күтті).
15.Жарыс басталған кезде кім бірден алға шықты (Тәуке).
16.Орта жолда оны кім қуып жетті? (Ержан).
17.Ол қалай сырғып келе жатты? (Таяқты бірқалыпты сілтеп,
күшті шаңғыға беріп , жеңіл сырғып келеді).
18.Тәуке артына қарағанда Ержан не істеді? (Күліп қойды).
19.Содан кейін Тәуке не істеді? (Одан сайын тез сырғи
бастады).
20.Тәукенің жанынан зу етіп кім өте шықты? (Ержан).
21.Ержан тау жотасынынң қай жеріне келіп қалып еді?
(Ортан беліне).
22.Ал Тәуке тау жотасының қай жерінде болды? (Ол тау
жотасына жаңа ғана іліккен еді) .
23.Тау жотасына енді ілеккен Тәуке не сезді? (Өзінің
әлсірегенін сезді).
24.Тәуке басын көтеріп, алға қарағанда неге таң қалды?
(Ержан жалғыз таяқпен сырғанап келе жатқанына таң
1-баға. Нәтиже
бойынша +
немесе -
қойылады.
Картамен жұмыс
тәртібі
түсіндіріледі.
Алдымен сұрақ
қоямыз, одан
кейін ООМ орнын
көрсетемін.
1-кезең < > 63 %
қалды).
25.Ержанның екінші таяғы қайда?(Таяғы ортасынан қақ
бөлініп, қарға шаншылып қалған).
26.Ержанның таяғының сынғанын байқаған Тәукеге қандай ой
келді? (Рекорд Ержан).
27.Мектеп алдында тұрған балалардың үміті кім болды?
(Ержан).
28.Ержан артына қараған кезде Тәуке не қылды? (Өзінің бір
таяғын Ержанға лақтырды).
29. Тәукенің таяғын көтерген Ержан қалай қарады?
(Күлімдеп).
30.Тәуке оған не деп айғайлады? (бөгелме).
3
Қабылдауды
ұйымдастыру
1-сыни нүкте.
Жаңа р бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды. ИТ 7
тірек сөз жазылады.
Тірек сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Тірек сөздер жатталып, жабылады.Оқушылар жазып болған
соң тірек сөздер ашылып, оқушылар дәптерлерімен алмасып,
сөздер саны есептеледі.
2- белгі. Есте
сақтауға берілген
уақыт нормативі
7сөз- 30сек.
Тақтаға нәтижені
жазу.
2-кезең < > 63 %
4
Ұғынуды
ұйымдастыру
8 минут ішінде оқушылар берілген мәтінді іштен, түсініп
оқиды.
4 сынып, мәтіннің
бір бет парағына
берілетін уақыт 4
мин.
5
Түсінудің
бірінші
тексерілуі
Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар.
1.Сақ деген бабамыздың кім деген бауыры болыпты? (Құн).
2.Сақ пен Құнның несі болыпты? (Екі үлкен ауылы болыпты).
3.Қандай малдары болыпты? (Төрт түлік малдары болыпты).
4.Сол кезде қандай заман болған? (Адам малдың мал адамның
тілін білетін заман).
5.Бір күні Сақ пен Құн әңгімелесіп отырған кезде не болды?
(Қора жақтан шу шықты).
6. Қасқыр шапты ма, не болды деп кім кімді жұмасады? (Сақ
інісі Құнды жұмсапты).
7.Құн қалай бөгелді? (ұзақ бөгелді).
8.Неліктен? (Жылқы мен сиыр жанжалдасып, оларды зорға
ажыратып алған екен).
9. Жылқы мен сиыр неге жанжалдасып қалған екен? (Адамдар
мені мінеді себебі ең жүйрігі менмін деп жылқы айтқан екен).
10. Ал сиыр жылқыға не деп жауап берді? (Жоқ мен
жүйрікпін .Адамдарға мен тұлпар боламын депті).
11.Сақ неге күлді? (Бұл дауды қалай шешеміз деп күлді).
12. Ағайындылар қандай шешімге келді? (Сен жүйріксің деп
айта алмаймыз. Қайсыңның жүйрік екендігін өздеріңнің
де,өзгенің де көзі жетсін жарыстырайық деді).
13.Жылқы мен сиыр қандай арақашықтықты шабуға тиіс
болды? (Сақ аулынан Құн ауылына дейін 30 шақырым жер).
14. Халық Сақ пен Құнның шешімін не істеді? (Келісіп,
құптады).
15.Екеуін не байлап, тақты? (Мойындарына ақ орамал, басына
үкі тақты).
16.Қайсысы тұлпар атанатын болды? (Мәреге бұрын келген
тұлпар атанып, үкісі шешілмейтін болды).
17.Олар қалай шапты? (Әуелі жазықпен ,сосын тауға
шығады).
18.Үлкен өзенге жеткенде жылқы мен сиыр не істейді?
(Жылқы секіріп, ал сиыр жүзіп өтеді).
19.Қай жерде бір-бірінен көз жазып қалады? (Өзеннің
3- белгі. Нәтиже
бойынша барлық
оқушыларға +,-
қойылады.
3-кезең < > 63 %
шетіндегі қалың тоғайда ).
20. Тоғайдан шыға бергенді сиыр неге тап болып не істейді?
асқырға тап болған сиыр мөңірейді).
21. Сиырдың мөңірегенін естіген жылқы не істейді?
(кісінейді).
22.Жылқының кісінегенін естіген қасқыр артына қарап нені
көреді? (жылқыны).
23. Жылқы не істейді? асқырдың үстінен секіріп, артқы
аяғымен теуіп қалады).
24.Қасқыр жылқыны бас салды ма деген оймен сиыр артын
қараған кезде не болды? (Жылқы сиырды басып озады).
25. Олар жолда не көреді? (Көп қиыншылық көреді).
26. Сиыр қандай суды ішеді? (Кез келген суды).
27.Ал жылқы қандай суды ішеді? (Таза ).
28.Құйрығын жарқабаққа тығып, жалпиып отырған суырға
алдымен не келеді? (Сиыр).
29. Суыр жылқымен сиырға қалай көмектесті? (Суыр сиырды
алдап, жылқыға көмектесті).
30.Бәйге атының кекіліне үкі тағу қандай бабаларымыздан
қалған дәстүр? (Сақ пен Құн бабаларымыздан).
6
Бастапқы
пысықтауды
ұйымдастыру
Сыни сұрау.
1. Сақ пен Құн екеуі достар. (Олар дос емес, бауырлар).
2. Ауыл жақтан шу шықты. (Шу қора жақтан шықты).
3.Қой мен ешкі жанжалдасып қалыпты. (Сиыр мен жылқы
жанжалдасып қалыпты).
4.Неге жанжалдасып қалды леп ойлайсыңдар? (Көре
алмағандықтан, қызғаныштан).
5.Төрт түлік малдың ішіндегі ең жүйрігі менмін деп жылқы
айтты. ә).
6.Екеуінің арасындағы дауды ағайындылар келісіп, ақылдасып
шешті. (Иә).
7. Неге? (Себебі олар ағайындылар).
8.Ақырында қай мал тұлпар атанды? Неліктен? (Себебі
жылқының аяқтары ұзын, әрі сиырдан ірі).
9.Неліктен мәтін «Сыпайылық салтанаты» деп аталады?
10. Бұл мәтінде сыпайылық салтанаты қай кезде орын алды?
Неліктен?
11. Бұл ертегіні сендер қалай атар едіңдер? (Жылқының ер
қанат атануы. Ертеден қалған дәстүр).
12. Ал неліктен үкі тағады? (Көз, тіл тимесін деп).
3-сыни нүкте.
3-белгі. Нәтиже
бойынша барлық
оқушыларға +,-
қойылады.
4-кезең < > 63 %
7
Талдау
Уақыт
5минут
Өтілген тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор (ТСҚ)
өткізіледі. Оқушылар түсініктері қысқаша шығарма түрінде
жазады.
4-сыни нүкте.
Мұғалім оқушылардың түсінбеген жерлерін анықтап
түсіндіреді.
3-белгі. Нәтиже
бойынша барлық
оқушыларға +,-
қойылады.
5-кезең < > 63 %.
Сөздік қордың
нормативі 44 сөз.
8
Рефлексия
Мұғалім сабаққа қысқаша талдау жасайды.
9
Бағалау
4,5 + «5 », 3 + «4», 2 + «3» деген баға қойылады.
Сапа нормативі :
63 % оқушы 5
ұпай алу керек.
10
Үй
тапсырмасы
4 бағадан кем алған оқушыға үйге тапсырма беріледі.