Сабақтың тақырыбы "Орталық Қазақстан – кенді аймақ"
Мұғалімнің аты-жөні
Сактаганова Жанар Хансултановна
Пән/сынып
10-сынып. Қазақ тілі
Тарау немесе бөлім
атауы
2-бөлім.Отандық өнеркәсіп өнімі. Ғ.Мұстафин «Қарағанды»
романынан үзінді
Сабақтың тақырыбы
Орталық Қазақстан – кенді аймақ
Оқу мақсаты
10.2.6.1 әр түрлі графиктік мәтіндердің
(иллюстрация,фотосурет,сызба,шартты белгі) ақпараттарды
салыстыру,негізгі идеясын түсіндіру
Сабақ мақсаты
Көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған
мәтіндерді тыңдап, салыстыру;
Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;
Барлық оқушылар орындай алады:әр түрлі дереккөздерден
алынған мәтіндерді тыңдайды;мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды;
тақырыпты болжайды
Оқушылардың көпшілігі: тыңдалған мәтінге тақырып қояды, жоспар
құрады
Кейбірі: дереккөздерден алынған мәтіндерді салыстырады;
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады
Бағалау критерийлері
әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдайды;
мәтіндерді салыстырады;
негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды
Уақыты
Кезеңдері
Тапсырма
Ресурстар
1 минут
Ұйымдастыру
кезеңі
Сіздің меңгеретініңіз
Көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден
алынған мәтіндерді тыңдап, салыстыру;
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпатаратты анықтау;
Тақырып бойынша мәтінге жоспар құру
№1-2 слайд
8 минут
Жаңа сабақ
Кіріспе бөлім
Тыңдалым алды тапсырмасы. Төмендегі суреттерге
назар аударыңыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
қандай болмақ? Болжап көрейікші.
Дескриптор
➢ суреттерге назар аударады;
➢ тақырыпты болжап айтады;
1мәтін.
Теміртау – облысқа бағынышты қала. Ол
№3 слайд
№4 слайд
Республикамыздың орта бөлігінде орналасқан.
Бұрынғы Самарқанд кентінің базасында 1945 жылы 1
қазанда құрылған. Қала мен оның өнеркәсіптік
нысандарын салу Қарағанды көмір бассейнін игеру
кезеңімен байланысты. Жаңадан ашылған көмір
өндірісі электр қуатына мұқтаж еді, сондықтан
Қарағанды қаласынан 30 километр қашықтықта
орналасқан, 200 тұрғыны бар Самарқанд кентінің
жанында, Нұра өзенінің бойында гидроузелдің
құрылысы басталды. Оның құрылысы 3 жылдан кейін
аяқталды.
1942 жылы ҚарГРЭС-те бірінші турбогенератор
пайдалануға берілді. Соғыстың қиын жылдарында,
КСРО-ның көптеген өндірістік аудандары басып
алынған кезде Мемлекеттік Қорғаныс комитеті
Қарағанды қаласының жанында металлургиялық завод
салу туралы шешім қабылдады. 1944 жылы 31
желтоқсанда Қазақ металлургия заводы жұмыс істейтін
кәсіпорындар қатарына қосылды.. Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 1 қазандағы
Жарлығымен Самарқанд кенті Қарағанды қаласының
қала маңындағы аймағынан шығарылып, Теміртау
қаласы болып қайта құрылды. Қаланың аумағы 29610
га. Қала тұрғындарының саны – 2010 жылғы
1 желтоқсандағы мәлімет бойынша 178 723 адам.
1-тапсырма.Дереккөздерден алынған мәтінді
оқып,негізгі және қосымша ақпараттарды екі бағанға
бөліп жазыңыз.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Дескриптор
➢ әр түрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді
тыңдайды;
➢ мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды;
➢ қосымша ақпараттарды ажыратады;
Өзіңді тексер
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Теміртау қаласы
еліміздің орта бөлігінде
орналасқан
Нұра өзенінің бойында
гидроузелдің құрылысы
басталды.
Қала бұрынғы Самарқанд
кентінің базасында 1945
жылы 1 қазанда
құрылған.
Қаланың аумағы 29610
га.
Теміртау – облысқа
Қарағанды көмір
бағынышты қала.
бассейнін игеру
кезеңімен байланысты
Қаланың аумағы 29610
га.
1942 жылы ҚарГРЭС-те
бірінші турбогенератор
пайдалануға берілді.
2 мәтін.
Орталық Қазақстан - республикамыздағы су
жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық
жатуымен бірге ірі өзендері де жоқтың қасы. Бірақ
минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа
жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады.
Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс,
мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі.
Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық
жағдайының қолайлылығы орталықта орналасуында,
яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі.
Пайдалы қазба кен орындарына жақын орналасқан,
аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы
жақсы дамыған. Аудан шекарасының басқа
республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы
байланысының дамуына, ал климатының қуаң болуы
ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді.
Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды
желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-
шашын мөлшері шамамен 250 мм Вегетациялық
кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық
жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға
кері әсерін тигізуде
2-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша жоспар
құрыңыз.
І Кіріспе бөлім:
ІІ Негізгі бөлім:
ІІІ Қорытынды бөлім:
Дескриптор
✓ ақпарат көздерінен алынған мәтіндерді
тыңдайды;
✓ жоспар құрылымын сақтайды
✓ жоспар құруда бөліктерге бөледі;
Өзіңді тексер
І Кіріспе бөлім: Орталық Қазақстан еліміздегі су
жетіспейтін аймақтардың бірі
ІІ Негізгі бөлім: Орталық Қазақстанның
экономикалық-географиялық жағдайы қолайлы
ІІІ Қорытынды бөлім: Облыстың климаттық жағдайы
8 минут
Тәжірибе
3-тапсырма. Әр түрлі дереккөздерден алынған
мәтіндерді салыстырыңыз.
Мәтіндерді салыстыру
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыбы
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Дескриптор
• әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен береді;
• ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды;
Мәтіндерді салыстыру
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыбы
Теміртау аймағы
Орталық
Қазақстан жері
Ұқсастығы
Орналасу орны-
Орталық
Қазақстан
Орналасу орны-
Орталық
Қазақстан
Айырмашылығы
Қазақ
металлургия
заводы жұмыс
істейтін
кәсіпорындар
қатарына
қосылды.
Мұнда- көмір,
темір кені, мыс,
марганец, алтын,
күміс, мұнай
жөне т.б.
пайдалы қазбалар
кездеседі
№5 слайд
3 минут
Бекіту
«Попс» формуласын қолданып, тыңдалған мәтіндер
бойынша өз көзқарасыңды дәлелдеп жазыңыз.
«Попс» формуласы
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,....»
Екінші сөйлем «Себебі мен оны былай түсіндіремін....»
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен,
мысалдармен дәлелдей аламын...»
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай
қорытынды шешуге келдім.....»
Өзіңді тексер
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, Орталық Қазақстан-
пайдалы казбалардың көмбесі» деп ойлаймын
Екінші сөйлем «Себебі мен оны былай түсіндіремін,
мұнда көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс,
мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі »
Үшінші сөйлем «Орталық Қазақстан экономика-
географиялық жағдайы дамыған жерде орналасқан»
Осыған байланысты мен «Орталық Қазақстан-кенді
№6 слайд
аймақ » деген шешімге келдім
Литература - еще материалы к урокам:
- Презентация "А. Погорельский. Страницы биографии" 5 класс
- Презентация В. Драгунский «Сестра моя Ксения» 1 класс ОС «Школа 2100»
- Технологическая карта урока "В. Драгунский «Что любит Мишка»" 2 класс
- Проверочная работа по лирике А.С. Пушкина
- Литературная викторина "Путешествие в мир сказок"
- Тест по сказке "Л.Н. Толстого «Работник Емельян и пустой барабан»"