Конспект урока "Ислам дінінің тәрбиелік мәні" 9 класс
ПАНФИЛОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП
Ислам дінінің тәрбиелік
мәні
1
[Выберите дату]
Пәні: Дінтану негіздері
География жене тарих пәні мұғалімі: Қабылбекова А.А.
Сыныбы: 9
Қоғалы ауылы, Кербұлақ ауданы. 2014 жыл
Мақсаты: тақырыбы мен идеясын ашу.
Білімділік:оқушыларда мұсылман салт- жоралары мен ұйғарымдары туралы түсінікті
кеңейту, тақырыптың идеясын ашу.
Дамытушылық: оқушыларды сын ойлау, баяндау, іздену, салыстыру арқылы ислам
дініндегі халал мен харамды ажырата білуге үйрету және дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайдтар.
Сабақтың формасы топтық және жұптық жұмыс.
Сабақтың әдіс- тәсілдері модульдік және сыни тұрғыдан оқыту технологиясының
элементтерін қолдану арқылы өткізілетін факультатив сабақ.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушылардың алдына мақсат қою
3. Жаңа тақырыпты оқып үйрену жоспары:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Алла туралы ән тыңдау
3. Оқулық мәтінімен топтық жұмыс (оқушыларға тапсырма беру)
1. «А» тобына: 184-187 беттегі «Ислам дініндегі әйел мәселесі» оқу, әңгімелеу, талдау.
2. «Б» тобына: 181-182 беттегі «Неке салттары» оқу, әңгімелеу, талдау.
3. «С» тобына: 179-181беттегі «Туылған балаға қатысты ислами шаралар» оқу,
әңгімелеу, талдау.
4. «Д» тобына 183-184 беттегі «Жаназа рәсімдері» оқу, әңгімелеу, талдау.
5. «А», «Б», «С», «Д» топтары ретімен оқығанын, түсінгенін сыныптастарына
әңгімелеп, түсіндіріп тұжырым жасайды.
4. Оқушылырға екіге бөлінген парақтар таратылады. Оның он жағына өздеріне ұнайтын
жақсы қасиеттерді жазады, ал сол жағына жаман қасиеттерді жазады. Парақтын он
жағын жыртып алып күнделіктерінің бас жағына жабыстырып қояды, ал сол жағын
жыртып, мұғалімге береді.
5. Өлен «Нағыз мұсылман» оқу.
Шыр етіп осы өмірге келген едің,
Көз ашып жарық күнді көрген едің,
Молдалар азан айтып ат қойғанда,
Мұсылман қауымына енген едің,
Мұсылман болдың алғаш шаш алғанда,
Құран оқып, қырқыңнан шығарғанда,
Құран- кәрім Алланың қорғанышы,
Қасиетімен емдеді шошынғанда.
Тұсау кесер тойына молда келіп,
Тұсауыңды кестірді бата беріп,
Ала жіпті кескенде қадам бастың,
Жалғыз Алла өмірде болсын серік.
Сүндет той-есіңді білген кезің,
Алланың ақ жалына түскен едін,
Осы кезден сен нағыз мұсылмансын,
Ұмытпа тән тазалығын сақтағаның.
Мұсылман болып келген соң осы өмірге,
Ақ некеңді кім қиды үйленгенде-?
Мұсылманның ақ жолы, Алла жолы,
Ақ жолмен жүр сыйынып бір тәнірге.
Өмірде бар он ағын, теріс ағын,
Абзал болар иманынды сақтағаның,
Әз-әзілдің соңынан ере көрме
Деп жазылған Құранда мұсылманым,
Тіл мен дінді қадірле өміріңде,
Құран- кәрім орнасын жүрегіңде
Арақ пен шарапқа тойып алып,
Мұсылманның атына кір келтірме.
Мұғалімнің қорытынды сөзі; «Ислам діні сендерді харам мен халалды ажыратуға
үйретеді, қыз баланы, әйелдерді, ер азаматтарды, үлкендерді құрметтеуге, жетім-
жесірлерге жәрдемдесуге, ұрлық, зорлық-зомбылыққа, адам өмірін қиюға бармауға, жан-
тәнді таза ұстауға тәрбиелейді, білімді қууғы шақырады.
Өзге діндерді қайтеміз, сонау VII ғасырдан бері келе жатып, өзінің қазіргі заманда
өзектілігін сақтап қалуы, осы діннің адамзатқа әкелген жақсылығын мол емес пе?!
Осыны мойындайық, замандастар!