Конспект урока "Ақмола тарихы" 9 класс

9 «Б» сынып Тексерілді:_______________
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Ақмола тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси
стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз
Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету.
Дамытушылық: Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу,
логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне , эстетикалық
талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер
Ақмола қаласының бекінісінің негізгі тарихи кезеңдері, қалалықтардың
кәсібі, тарихи-архитектуралық ескерткіштері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
3. Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қазақстандағы хан билігі қандай жағдайда жойылды?
2. 1822 ж. шыққан «Сібір қазақтары туралы жарғының» басты мақсаты қазақтың
дәстүрлі саяси жүйесін жою, және аумақтық басқарылуын өзгерту болды. Осыны
растайтын деректер келтіріңдер.
3. Картадан округтік приказдар мен Кіші жүздің үш бөлігін көрсетіңдер. Орта және
Кіші жүз қазақтары қай генерал-губернаторларға бағынды?
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
1. Жаңа округтің ашылуына дайындық. Ақмола округтік приказы.
2. Ақмола-аймақтағы ірі сауда орталығы. Округтік қаланың мәртебесі.
«Ақмола» энциклопедиясы (немесе қала тарихы туралы кез-келген қосымша
әдебиеттер) материалдары негізінде оқушыларға ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.
Сабақта міндетті түрде тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының тарихы айтылатын
кез келген жаңа деректерді пайдалану. Ізденіс барысында оқушыларды астананың
әскери бекініс ретіндегі тарихымен таныстыру (пәнаралық байланыстар: география,
әдебиет, ғылыми зерттеулер). Оқушылар арасынан құрылған топтарға төмендегі
бағыттар бойынша тапсырмалар беру:
1-топ. «Ақмола» бекінісі. Географиялық орналасуы. Табиғаты мен табиғи ресурстары
тақырыбына хабарлама дайындау
- Жалпы мәліметтері
- Рельефі
- Климаты
- Су ресурстары
- Жер бедері
- Халқы
2-топ. «Ақмола округтік приказы-аймақтағы ірі орталық» тақырыбына хабарлама
дайындау.
- Жаңа басқару тәртібі
- Экономикасы
- Архитектурасы мен қала құрылысы
- Халқы
- Білім беру
3-топ.Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
«Қаланың қалыптасу тарихы»
Ақмола бекінісі-Ақмола округтік приказы-Ақмола-Цениноград-Ақмола-Астана.
- Жылдар
- Қаланың мәртебесі
- Архитектуралық ескерткіштер
4-топ. Мына тақырып бойынша хабарлама дайындау:
«Астананың ақ таңы» (Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихы)
Сабақты бекіту: Оқушылардың жұмыстарының қорытындысын шығару, талқылау
және баға қою.
Сабақты бекіту кезінде оқушыларға Астананың 15 жылдығына арнап газет шығаруды
ұсыну.
Үй тапсырмасы:
Әр түрлі деректерді пайдаланып, сәулет өнері ескерткіштерінің бірінің суретін
дайында. Авторы кім, ғимарат қалай аталады, көркемдік деңгейі және маңызы жөнінде
айтыңдар. Мына тақырыптар бойынша қысқаша әңгіме жазу: «Астана тойы-біздің жас
мемлекетіміздің үлкен жетістігі», «Ұлы істі ұлы халық пен ұлы басшы ғана атқарады»,
«Сарыарқаның інжу-маржаны» немесе тақпақ шығару.