Конспект урока "Ежелгі дүние тарихы" 6 класс
6-сынып. Ежелгі дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы: §4. Египетте мемлекеттің пайда болуы.
• Білімділік: Ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылардың пайда
болуына байланысты құлиеленушілік құрылыс қалыптасып, шағын
мемлекеттер пайда болғанын баяндап жеткізу.
• Дамытушылық:мемлекеттің пайда болуы жайлы 5-сыныпта алған
түсініктерін одан әрі дамыту.
• Тәрбиелік: Бір орталыққа бағынған мемлекеттің құрылуы нәтижесінде
ғылыми білімдер, сәулет және құрылыс өнері дамығандығы жайлы
әңгімелеп, балаларды әсемдік әлемін, адамзат баласмының қолымен
жасалған ғажайып өнерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгіме, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырамын сұрау.
• «Гильгамеш туралы аңызда» не туралы баяндалады?
• Дастан не туралы?
• Аспалы бақ туралы не ойлайсыңдар?
Жаңа сабақ жоспары:
• Ніл алқыбының табиғат жағдайлары.
• Нілдің тасуы
• Алғашқы мемлекеттер
• Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы.
Сабақ барысында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:
• Алғашқы қауымдық қрылыс пен құлиеленушілік құрылыстың
арасындағы айырмашылық неде деп ойлайсыңдар?
• Алғашқы қауымдық құрылыста тапқа бөлініп, біреуді біреу қанау деген
болып па еді?
Оқушылар салыстыру арқылы жауап беруге тырысады. Тақтаға тірек сөздер
жазылады: 1) адамды адамның қанауы; 2) теңдік; 3) тап.
Перғауын (фараон) өз ұлына жазған өсиетінде былай деді: «Кедейлерге еш
уақытта сенбе, кедейлер ең беріспес жауың: патша өзінің әйгілілігімен
даңқты, өз әскеріңді алға сүйре, малмен,жермен, мүлікпен сыйла, оларды
сыйға тарт».
Перғауын неге кедейлерді қас жау деп есептейді? Патшалығының даңқын
шығару үшін ұлына қандай өсиет қалдырды? Перғауын кімнің мүддесін
қорғады?
Осы сұрақтарға дұрыс жауап алғаннан кейін «мемлекет» және «ел»
ұғымдарының арасындағы айырмашылықты ашып көрсетемін.
Оқушылар оқулықтың 25-бетін оқып шыққаннан кейін «Алғашқы
қауымдық құрылыста мемлекет болды ма?» деген сұрақ қоямын. Билік
басында ақсақалдар кеңесі мен көсемі болғанын оқушылардың есіне сала
кетемін.
«Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі биліктен мемлекеттің
айырмашылығы қандай?»
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін «мемлекет-бұл күш
қолданылатын, күшке сүйенетін билік (әскер, сақшылар т.б.)» деп
түйіндеймін.
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.
түсінікті болуын пысықтау барысында оның мәнінің тереңірек ашылуына,
оқушылардың оның қыры мен сырана қаныға алуына байланысты болмақ.
• Б.з.б. ІІ мыңжылдықта Египетте құлиеленушілік құрылыстың
түбегейлі орнап, бекігені туралы айт. Еңбек өнімділігінің артуына және
ауыл шаруашылығының дамуына бұл жағдайдың әсері болды ма?
• Египеттің б.з.б. 1500 ж. Басқыншылық жорықтарын контур картаға
түсіріңдер, шекарасын көрсетіңдер. Соғыста қолға түскен тұтқындар
неге «бағалы» табыс болып есептеледі?
IV. Үйге тапсырма: §4
История - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "История древнего мира" 6 класс
- Разработка урока "Древний Вавилон" 6 класс
- Методическая разработка урока "Древние государства Юго-Западной и Центральной Азии" 6 класс
- Конспект урока "Древние германские племена и римская империя" 6 класс
- Технологическая карта урока "Древнейшие народы на территории России" 6 класс
- Методическая разработка урока "Достижения культуры Древней Руси" 6 класс