1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Подписи к слайдам:
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс Омарова Сәуле Орынбасарқызы Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің тарих пәні мұғалімі Қызылорда қаласы Мақсаты:
  • Білімділік: Оқушылардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.
  • Дамытушылық: ХХ ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске талдау жасап, топтамалар арқылы ой-өрісін дамытуға бағыттау.
  • Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге, оқушылардың бойына ұлтжандылық, отаншылдық тәрбие бере отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
  • Сабақ түрі: Ізденіс сабағы
  • Өткізу әдісі: Интерактивті тақта, сұрақ-жауап, , ауызша баяндау, мәтінмен жұмыс, ойталқы, кесте-сызбалар толтыру, салыстыру , танымдық топтамаға арналған суреттер
  •  Көрнекілік: Карта,  қазақ зиялыларының сөздері, танымдық топтамаға арналған суреттер, интерактивтік тақта.ЛАМА
  • Пәнаралық байланыс: әдебиет, география.
Барысы:
  • Барысы:
  •             І. Ұйымдастыру кезеңі
  • А) дайындық жұмыс;ЛАМА
  • Б) топқа бөлу.
  •           ІІ Ұй тапсырмасымен жұмыс:
  • Қойылатын сұрақтар:
  • 1-тапсырма:
  • І топ
  • -.Ел басқару мәселесі
  • -.Жәңгір хан қызметі
  • -.И.Тайманұлы бастаған көтеріліс
  • -.1937жылы көтерілістің етек алуы
  • -.1937ж қазан айындағы Жәңгір хан ордасы
  • -Көтеріліс басылған сәт
  • ІІ топ
  • -.Ішкі орданың құрылуы
  • -.Бөкей ордасының жер мәселесі
  • -.Мемлекеттің талан таражға түсуі
  • -.Көтерілістің дамуы
  • -. Көтерілістің ақталуы
  • -.Жәңгір Астахан губернаторы
  • -.Жәңгір хан өмірден өткеннен кейінгі кезең
Жаңа сабақ: Тақырыбы 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
  • Жоспары:
  • -1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің пайда болуы
  • -Көтерілістің негізгі себептері
  • -Жетісудағы көтеріліс
  • -Торғайдағы көтеріліс
  • -1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері
  • -Көтерілістің тарихи маңызы
  • Сабақ баяндау арқылы слайд бойынша түсіндіріледі
  • 1. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің пайда болуы
  • 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды.
  • Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
  • 2. Көтерілістің негізгі себептері
  • 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19 –дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын.
  • 1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);  2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;  3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;  4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;  5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;  6. Орыстандыру саясаты.
  • 3 Жетісудағы көтеріліс.
  • 1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.  Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:  1. Қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды. Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.  2. Қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады.  3. Көтеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.  Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.  Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты.  Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды
  • 4. Торғайдағы көтеріліс
  • Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Торғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.  1916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. қ батыры Амангелді Иманов басшылық етті. 
  • 5. 1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері
  • . Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы.  2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.  3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 
  •             1-тапсырма. Тұлғаны таны Суреттерді танып айту:
  • І топ ІІ топ
  • М.Дулатов Ә.Бөкейханов
  • Ә.Жанкелдин А.Байтұрсынов
  • Т.Бокин А.Иманов
  •             2-тапсырма. Тірек белгілері арқылы дәлелдеу.
  • 15 мың көтерілісші А.Иманов, Ә.Жанкелдин
  • 1916 ж қазанда көтеріліс басталды Ларентьетің жазалау тобында
  • 9мың адам болды Аманкелді басшылығымен
  • 50мың адамдарды қамтыды Торғай қаласын қоршады
  •             3-тапсырма. Бекіту сұрқтары:
  • І топ
  • -Көтерілістің алғы шарттары
  • -Көтерілістің басталуы
  • -1916жыл Түркістан өлкесі
  • -Жетісудағы ұлт азаттық көтеріліс
  • -Жазалаушы жасақтар қиымылы
  • -Жеңіліс себептері
  • ІІ топ
  • -Жеңіліс себептері
  • -1916жылғы көтерілістің көрнекті басшылары
  • -Аманкелді Имановтың батырлық іс-әрекеттері
  • -Жәмеңке Мәмбетовтың қызметі
  • -Тоқаш Бокин батырлығы
  • -Ұзақ Саурықов еңбектері
  • 4-тапсырма. Қорытындылау
  • І топ                                                            ІІ топ
  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің                               Тарихи маңызы
  • жеңілу себептері.
  •  
  • Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек әдісі арқылы бағаланады.
  • Оқушылардың топ бойынша;
  • Жеке оқушылардың қатысуын;
  • Шығармашылық ерекшеліктерін ескеру.
  •     Рефлексия:
  •  Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай
  • Мені таң қалдырған жағдай
  • Мен үшін жаңа ақпарат
  •  
  • Үйге тапсырма:
  • Тақырыпты конспектілеу оқып келу.
  • 1.Ғаламтордан тарихи құжаттар, қосымша деректер іздеу.
  • 2.Демократияшыл зиялылар өкілдеріне мінездеме жазу