Презентация по истории на тему"Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер" 8 сынып

Подписи к слайдам:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер Оқу мақсаты: Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану; Этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау; Бағалау критерийлері

Қолдану

Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдаланады;

 

Жоғары ойлау дағдылары

Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдері мен ерекшеліктерін айқындайды;

Сабақтағы термин сөздер
  • Антропогенез-   адамның шығу тегін, даму тарихын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін зерттейтін антропология ғылымының негізгі саласы. 
  • Этногенез - (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы.
  • Этнос -  тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi  – “тайпа”, “ұлыс”, “ұлт” ұғымын түгел қамтиды. 
  • Этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық.
Этностың өмірлік циклі
  • территорияны анықтау;
  • территорияда бір немесе бірнеше этностардың өмір сүруі;
  • белгілі бір этностың пайда болуы туралы аңыз-дастандардың орын алуы;
  • этностың күшейе бастауы;
  • этностың шарықтау кезеңі;
  • этнос дамуының бәсеңденуі;
  • тұрақтылық
1 тапсырма. «Миға шабуыл» сәті Берілген ұғымдарға ассоциация жасаңыздар

«Этнос», «этногенез», «антропогенез»

2-тапсырма. Кестені толтыр. Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдері мен ерекшеліктерін айқында

Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері

Антропологиялық сипаты

Мәдениеті, тілі

Аумағы, саяси құрылымы

Қорытынды

Дескрипторы:
  • 1.Әр кезеңдегі тайпаларды атайды;
  • 2.Әр тайпаның антропологиялық сипатын атайды;
  • 3. Әр тайпаға тән шаруашылығын, тілін, дінін атайды;
  • 4.Әр тайпаның мекендеген аумағы мен мемлекеттерін атайды;
  • 5.Әр кезеңдегі өмір сүрген тайпалардың ерекшеліктері мен өзара байланысы туралы қорытынды жасайды.
  • 6.Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдаланады.