Технологическая карта урока "Масштаб. Суреттің трансформациясы" 5 класс

Күні: 09.01.2017
5 сынып
Пән мұғалімі Серік Данна Серікқызы
Сабақтың тақырыбы
Масштаб. Суреттің трансформациясы
Сілтеме
5-сынып оқулығы. Авторы: Е.Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б.Қ. Әбенов электрондық оқулық,
презентация
Жалпы мақсаттар
Оқушыларға Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерімен танысуды
жалғастыру, өз бетінше жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыра отырып, сурет
трансформациясын орындауды үйрету, масштаб құралы қай кезде
пайдаланылатынын, трансформацияның не екенін, суреттің масштабын әртүрлі
тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді
үйрету.
Оқыту нәтижесі
PAINT графикалық редакторында суреттерді салуды біледі.
Сурет трансформациясын орындауды біледі.
Масштаб құралы қай кезде пайдаланылатынын біледі.
Трансформацияның не екенін, суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді,
көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді біледі.
Сабақтың әдісі
Баяндау, сұрақ-жауап, диалог, тест жұмысы , топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды
оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау (Миға шабуыл», «Қағып
ал да жауап бер», «Суретпен жұмыс», «Ассосация» )
Жалпы
Білу
Миға шабуыл
Түсіну
Мағынаны тану
Қолдану
Компьютермен жұмыс
Талдау
Тапсырма
Жинақтау
Ақпарат
Бағалау
Сынып бағалайды
Сабақ барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
1 минут
Психологиялық
дайындық
3 минут
5 минут
Сыныппен сәлемдесу.
Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру)
Оқушыларды үшбұрыш, төртбұрыш,эллипис, арқылы топқа бөлу.
«Білу» Миға шабуыл
«Қағып ал да жауап бер» ойыны
1. Біздің алғашқы тәжірбиелік жұмысты естеріңе түсіріңдер (ойыншық).
2. Суретті бояу үшін оның контуры қандай болуы керек?
3. Қандай құрал контурдағы тесіктерді жабуға көмектеседі?
4. Сәтсіз әрекетті қалай болдырмауға болады?
шерту арқылы таңдалады
D) Әрқашан қара.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Түсіну» Мағынаны тану ( компьютер тікелей көрсету арқылы іске асады)
Суреттің бөлшектері масштабта дәл алынады. Windows операциясындай
масштабты бірнеше тәсілдермен өзгертуге болады. Өз бумаларынан суретті ашу
ұсынылады. Параграф мәтінінен тәжірбиелік жұмысты орындау. Жұмыстың
мақсаты – сұрақтарға жауап беру.
Максималды масштабты қалай қоямыз?
Негізгі режимге қалай ораламыз?
Масштабты өзгертуде пернетақтаның қай пернесін басып тұрып, тышқанмен
25 минут
қозғалтамыз?
Белгіленген бөліктің масштабын өзгертуге бола ма?
Мәтінді масштабтағанда мәтіннің әріп өлшемі өзгере ме?
Мәтін масштабын қандай жағдайда өзгертеміз? Жауапты жұмыстың әр кезеңін
орындағанда эвристикалық әңгіме түрінде айтуға болады. «Трансформация» -
латын тілінен аударғанда, «өзгерту», «айналу» дегенді білдіреді.
ІV. «Қолдану» : Сұрақтар
Өзгертулермен қай жерде кездесеміз?
Сурет бөліктерімен орындалатын операциялардың қайсысын трансформациямен
салыстырар едіңдер? Сендер сурет бөлігі өлшемін өзгертуді үйрендіңдер. Бұл да
трансформацияға жатады (өзгерту). Өлшемін өзгерту, кесіп алу, суретті бөлу
командаларын барлық суреттерде , белгіленген суреттерде, интерактивті тақтаны,
проекторды пайдаланып көрсетеді. Оқушыларға суреттің көлбеуін орындауға
тапсырма беру. Жұмыс нәтижесін талқылау.
Бұрыш белгісі теріс болуы мүмкін бе?
Бұрыштың максималды белгісін қоюға бола ма? Неліктен?
Кесіп алу командасы – суреттің ерекшеленген бөлігін қалдырады. Бұл өте ыңғайлы
мысалы, өрнектерді салуда олардың элементін саламыз, одан кейін оларды көшіріп,
өрнекті жасаймыз, белгілеп, керек емес суретті өшіреміз.
Тақырыптағы тәжірбиелік жұмысты оқушылар өздері орындайды, мұғалім кеңесші
рөлінде, бақылап,нұсқау береді.
Жұмыс үстелінде «Пуск= Панель управление» – «Оформление» және «
Персонализация » « Персонализация= Фон» командаларын орындау.
Тыңдалған суретке тышқанның оң жағын басу.
«Открыть с помощью» – Paint командасын таңдау.
Персонализация командасына оралу.
«Изменение рисунка» сілтемесін басу.
Терезені алмасу буферіне көшіру.
Тағы бір Paint терезесін ашу.
Алмасу буферінен суретті қою.
Ұнаған персонажды белгілеу.
«Обрезка» командасын орындау.
Суреттерді бумаларында «персонаж» атымен сақтау.
Paint терезесіне фон суретімен өту.
«Вставить = вставить из» командасын орындап, персонаж файлын көрсету.
Таңдалған деңгей бойынша тәжірбиелік жұмысты компьютерде орындау.
1-тапсырма. Тордағы балықтар:
1. Жұмыс аймағын сегіз торға бөл.
2. Бірінші торға шағын сурет сал (басқа сурет салуға болады).
3. үзіндіні белгіле.
4. Оны әрбір торға көшір.
5.Үзінділерді бейнеле де,қайталанбауы үшін әр түрлі бағыттарда
бұр.
Солдан оңға
Бұрып бейнелеу
Бастапқы
үзінді
6. Көрсетілген үзінділерден әрқайсысын алу үшін, алғашқы үзіндімен қандай
әрекеттер орындау керек екенін сәйкес төртбұрыштарға жаз.
2-тапсырма. Күз әуені .
Үзіндінің бейнесін түсір және әр түрлі бағытта бұрып сал.
Солдан оңға
Бұрып бейнелеу
Жоғарыдан
Төмен қарай бұрып
бейнелеу
3 минут
2 минут
4 минут
2 минут
Оқулықпен жұмыс 144-бет. Деңгейлік тапсырмалар.
Сергіту сәті: Көз жаттығуын жасату.
«Талдау»
1. Суреттердің фрагментін қалай бұрамыз?
2. Дөңгелекті шағылдырса не болады?
3. Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады?
4. Paint –те орындалған соңғы қанша амалдан бас тартуға болады?
«Жинақтау»
Қорытынды. «PAINT графикалық редакторы» қаншалықты қажет?
Бағалау. Өзін-өзі бағалайды.
Үйге тапсырма. §17 (141 бет) Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 1-4.
Тест тапсырмасына дайындалу (146-бет)
Сабақты ынтымақтастық ахуал орнатудан бастадым. Мақсаты: жас ерекшеліктеріне
байланысты оқушылар бір – біріне жылы лебіз сөздер және тілектер тілей отырып, серіктестік
қарым – қатынас жасауға, оқушылардың көңіл күйін көтеру, ынтымақтастық орта құру (Шеңберге
тұрып, бір – біріне жылы лебіздерін айтады, сәттілік тілейді.) барлығы қайталап айтады.
Қане, шеңбер құрайық,
Дөңгелене тұрайық.
Ұнаған фигураны таңдап ап,
Тобымызды табайық.
Ынтымақтастық ортасын қалыптастыруда балалардың бойында көңіл күйлерінің көтерілгенін,
бойларында сенімділік, ұялшақ, тұйық балалардың ашылуын байқадым.
Кездескен кедергілерде болды, балалардың ұялшақтығы, терең ойламаулығы, тілдерінің
аздығы. Осы кедергілерден шығу үшін алдағы уақытта көп ізденуді талап етеді және тиімді
жолдарын қарастыру керек деп түйдім. Жас ерекшеліктеріне байланысты логикалық ойлау мен
визуалды қабылдауға, геометриялық фигуралар арқылы топқа бірігеді.(шеңбер, үшбұрыш,
төртбұрыш). Сынып оқушыларын топтарға бөліп оқытудың тиімділігі, нашар оқитын оқушылар
көпшіліктің көлеңкесінде қалмайды, әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды және
шығармашылықпен бәсекелестікті қалыптастырады, өзін - өзі бағалауға үйренеді, оқушылардың
қызығушылығын артады, көңіл күйлерін көтеріліп және сабаққа деген белсенділігін артады дегім
келеді. Өйткені, дәстүрлі сабақта үлгерімі төмен оқушылар артқы партада жыл бойы отырып
қалатын, ал қазіргі жаңаша оқуда күніне бірнеше рет ауыстырады және сыныптастарымен қарым -
қатынас жасауға, әрекет жасайды. Оқушыларға ұнағаны сондай, келесі сабақта қандай топтастыру
болар екен? - деп күнде асыға күтетін болды. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығы,
белсенділігі артқаны көрінді. Топ өзара пікірлесіп сыныптағы ұялшақ, орташа оқитын оқушыларды
топ басшысы етіп тағайындады. Ондағы мақсатым, нашар оқушыларды сөйлету, жауапкершілікке
тарту, ұялшақтықтан арылту болды. Келесі кезеңді үй тапсырмасын сұраудан бастадым.
Мақсаты: өткен сабақты пысықтау және не білгенін түсіну. ойын арқылы оқушылар арасында
қарым – қатынас орнату, ұяң балалардың бойындағы қорқыныш пен ұялшақтықтан арылту.
Бұл жерде оқушыға үй тапсырмасын «Қағып ал да, жауап бер» әдісі бойынша, допты серпи
отырып, бір оқушыға лақтырамын, сол оқушы жауабын айтып келесі оқушыға лақтырады, ойын
осылайша жалғаса береді, балалар бір – біріне сұрақ қойды. Мысалы:
1. Біздің алғашқы тәжірбиелік жұмысты естеріңе түсіріңдер (ойыншық).
2. Суретті бояу үшін оның контуры қандай болуы керек?
3. Қандай құрал контурдағы тесіктерді жабуға көмектеседі?
4. Сәтсіз әрекетті қалай болдырмауға болады? - деген сұрақтар бойынша
оқушылар жауап іздеді.
Олар мұндай ойын түрін көрменгендіктен, ұялшақтық танытты. Өзімнің
шақыруым арқылы жауап берді. Бұл тапсырманы орындау барысында сұрақ
қойған, допты қағып алған оқушы жауап бере алмаса, өзі жауап беру
керектігін түсіндірдім. Балалар сұрақ қоюға асығыс үстінде болды. Үлгерімі
нашар оқушыларымда берілген сұрақтарға өзінің шамасы келгенше
белсенділік танытып, яғни сабаққа қызығушылығы бар екенін көрсетіп, сәл
де болса ойын жүйелеп жауап берді. Бұл жерде айта кететінім жас
ерекшеліктеріне сәйкес модулы өзінен өзі көрініс тауып отыр, себебі
дарынды оқушының жауап беруі үлгерімі нашар оқушыға салыстыра
қарағанда жауабы дәлелді, ойы жинақы, сабаққа белсенді, ал үлгерімі нашар
оқушы бірден сабаққа кірісіп кете алмады, себебі ойындағысын айтқысы
келеді, бірақ тілі қысқа. Джером Брунер жаңалық ашу арқылы оқу
маңыздылығын атап көрсетіп, ақыл ой үдерісінің оқытумен өзара байланысу
мүмкіндіктерін зерттеген, яғни балалардың белсенді қатысуын атап өтеді,
тіпті бастауыш мектеп жасындағы балалар оқу мен даму үшін
бастамашылық етеді деп сендірді.