Конспект "Сыртқы фотоэлектрлік эффект. Эйнштейннің фотоэффектіге арналған теңдеуі"
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
_________________
К.К.Джумалиева
Сабақтың тақырыбы: Сыртқы фотоэлектрлік эффект. Эйнштейннің фотоэффектіге
арналған теңдеуі.
Сабақтың мақсаты: а) Студенттерге сыртқы фотоэлектрлік эффект, сыртқы
фотоэффект заңдары, Эйнштейннің фотоэффектіге арналған
теңдеуі туралы ережесін түсіндіру.
б)Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, ұқыптылыққа,
өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
в) Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау,
салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу,
қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын
дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: интербелсенді сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Оқыту формасы: жұптық және жеке жұмыс
Құрал – жабдықтар: компьютер, интернет, бағалау парағы, оқулық, карточкалар, қалпақ,
суреттер
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
а) Тест жұмысын орындау
б) Есептер шығару
в) Сәйкестендіру
ІІІ.Жаңа сабақ.
А) тәжірибе көрсету
Б) сөздік
В) есептер шығару
Г) Постер қорғау
ІҮ. Ақылдың алты қақпағы әдісі
Ү. Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІ. Кері байланыс.
ҮІІІ. Сұрақтары бар қорап
ІҮ. Қорытынды
І.Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Бүгінгі күнді тақтаға
ағылшынша сұрап, жазу. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Goodmorning! Sitdown please Ағылшын тілінде амандасады және сыныптағы оқушыларды
түгендейді. Who is on duty today? (Кім кезекші?) Who is absent? What is the date today?
Студенттер. Goodmorning, teacher! Ағылшын тілінде жауап береді. Today is the
…… Дәптерлеріне жазып алады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а)Kahoot сайты арқылы тест жұмысын орындау.
б) Топпен есеп шығару. Үстелдеріңізде ғалымдардың суреттері ілінген. Сол суреттердің
артындағы есептерді шығарамыз.
1- топ.
№1. Абсолют қара дененің температурасы 400К болғанда дененің энергетикалық
жарқырауы неге тең?
№2. Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығының
максимумы 2 мкм толқын ұзындығына сәйкес келеді. Оның температурасы қандай?
2 - топ.
№1. Абсолют қара дененің температурасы 300К болғанда дененің энергетикалық
жарқырауы неге тең?
№2. Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығының
максимумы 3 мкм толқын ұзындығына сәйкес келеді. Оның температурасы қандай?
3- топ.
№1. Абсолют қара дененің температурасы 1000К болғанда дененің энергетикалық
жарқырауы неге тең?
№2. Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығының
максимумы 1,5 мкм толқын ұзындығына сәйкес келеді. Оның температурасы қандай?
В)Сәйкестендіру.
Сәуле - screening
Жылу - warmth
Жылулық сәуле шығару - Thermal radiation
Абсолют қара дене - absalute blaсk body
Температура- temperature
Электромагниттік толқындар- electromagnetic waves
Толқын ұзындығы-the length of the wave
Толқын жиілігі-the frequency of the wave
Сәуле шығаргыштық қабілеті-the ability of emitters
ІІІ. Жаңа сабақ.
Фотоэффект. Фото – грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен
аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді. Фотоэффект деп түскен жарықтың әсерінен
заттан электрондардың ұшып шығу құбылысын айтады.
Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын
тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов. Фотоэффекті құбылысын зерттеудегі еңбектері
үшін 1923 жылы Милликенге Нобель сыйлығы берілді. Фотоэффект құбылысын түсіндіру
жолын 1905 жылы А.Эйнштейн тапты.
Анықтама: Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немесе оған
сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.
ν
min
=
А)Тәжірибе көрсету.
Фотоэффект құбылысы ғылым және техниканың әр түрлі салаларында кеңінен
қолданылады. Фотоэффект негізінде жасалған құралдар фотоэлементтер деп аталады.
Люксометрлер – жарықтануды өлшейтін, ал фотоэлектрлік экспонометрлер –
фото мен кино түсіруде экспозиция уақытын өлшейтін құралдар. Фотореле өндірісте, әр
түрлі технологиялық процестерде, әскери істе қондырғыларды автоматты түрде ағытып,
қосу үшін қолданылады.
Фотоэффект қай жерде қолданылады?
1. Киноға дыбыс берілді, қозғалатын кескіндер алуға мүмкіндік туды
2. Бұйымдардың өлшемін анықтау
3. Маяктар мен көше шамдарының автоматты ажыратылып, қосылуы.
4. Зауыттардағы станоктарды автоматтандыру
5. Метродағы «көретін» автоматтар.
6. Күн батареялары
Жаңа тақырыптағы түйінді сөздердің сөздігі
№
Сөздік
Vocabulary
1
Фотоэффект
Photo effect
2
фотоэлемент
photo element
3
Электонның шығу жұмысы
The output of the electrode
4
Фотореле
Phototelette
5
Жиілік
Frequency
6
Жылдамдық
Speed
Б)Есептер шығару.
В) Әр топnың постер қорғауы.
ІҮ. Ақылдың алты қалпағы әдісі.
1. Қызыл қалпақ (эмоциялық көңіл күйін білдіреді)
2. Қара қалпақ (сын айтады)
3. Сары қалпақ (жақсы тұстарын айтады)
4. Ақ қалпақ (Өз пікірін білдіреді)
5. Жасыл қалпақ (жаңа идея ұсанады)
6. Көк қалпақ (Басшылық жасап, қорытынды айтады).
Ү. Бағалау. Бағалау парағы арқылы бағалаймын.
ҮІ. Үйге тапсырма беру. your home task 234 беттегі 27.1, 27.2, 27.3 есептерді шығарып
келу. Түйінді сөздерді екі тілде жаттау.
ҮІІ. Кері байланыс.
1. Егер саған сабақ ұнаса тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң жасыл түсті
желкенді көтер
2.Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, онда сары түсті желкенді
көтер
3. Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі
қажет болса, қызыл түсті желкенді көтер.
ҮІІІ. Сұрақтары бар қорап. Сыныпта қорап қойылып, оған студенттер сабақтың
соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында
талқыланады.
ІХ. Қорытынды. Білімге тиесілі ресурстарды үнемі қолданып жүрсеңіздер, білімдеріңізді
әрі қарай дамытып жақсартады деген ойдамын. Сондықтан үнемі түрлі ресурстарды
қолдануға мен сіздерді шақырамын. Сау болыңыздар. Good bye!
Физика - еще материалы к урокам:
- Примеры решения задач № 19 из вариантов ОГЭ по физике
- Исследовательский проект "Определение влажности воздуха в квартире" 8 класс
- Презентация "Шаровые молнии"
- Конспект урока "Строение атомного ядра. Ядерные силы" 11 класс
- Внеклассное мероприятие "Физика за чашкой чая" 8 класс
- Разработка урока "Испарение и конденсация. Насыщенный и ненасыщенный пар" 8 класс