Конспект урока "Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты" 7 класс

Пән: Қазақстан тарихы Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: 37 тақырып Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың хандықты басқару ісі,хандықтың ішкі
жағдайы,сыртқы саяси жағдайы, қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы
жайында түсініктерін қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру, өз
ойларын айтуға жетелеу, ойлау қабілеттерін дамыту;
Көрнекіліктер: Сызба кестелер, суреттер, кескін карта,қосымша деректер;
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты игеру; әдіс тәсілдері: сто стратегиялары, тұлғаларды
таны, кесте – сызбалар;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Мақсат қою, топтарға бөлу; 3 мин
Білу: Қызығушылығын ояту 10 мин
І топ сұрақтары:
Қазақ хандығы қашан және қайда құрылды?
Керей мен Жәңібек батыс Жетісуға көшіп келуі жайында кім жазды?
Жәнібек пен Керей сұлтандар неліктен Әбілқайыр хандығынан бөлініп кетті?
Керей сұлтан қашан хан сайланды?
ІІ топ сұрақтары:
Қазақ хандығының алып жатқан жер аумағы жайында әңгімелеп беріңдер.
ХҮ ғ аяғы Қазақ хандығы қай жерлерді қамтыды?
Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары қандай болды?
ІІІ топ сұрақтары:
ХІҮ пен ХҮ ғ Қазақстан жерін мекендеген қазақ тайпалары қай жерлерді қоныстнған еді?
Қазақ хандығының алғашқы қарым – қатынас жасаған елі қай ел ?
Қазақтардың қырғыздармен қарым – қатынасы қандай боллы?
Түсіну: Мұғалімнің кіріспе сөзі 5 мин
Сабақ жоспары
1.Хандықты басқару ісі.
2.Хандықтың шкі жағдйы.
3.Сыртқы саясаты.
4.Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы.
Қолдану: 10 мин
І топқа тапсырма:
Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы (тірек-сызба )
ІІ топқа тапсырма: «Суреттер сөйлейді» Қазақ халқының тұрмысы , шаруашылығы
туралы суретке қарап сипаттама беріңіз.
ІІІ топқа тапсырма:
XV ғ.соңында қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды? Жоба құрастыру
Сергіту сәті: 2 мин
Талдау: 5 мин
Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихы мағызы кесте толтыру:
Себептері
маңызы
Жинақтау: 5 мин Тұлғаларды таны
Қазақ сұлтандарына өз жерінен жер беріп, олардан өз ағасына қарсы және
ойраттарға қарсы күреске пайдаланбақшы болған монғол ханы? (Есен-Бұға)
Қазақ сұлтандары бөлініп шыққан көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі.
(Әбілқайыр)
Ақ Орданың соңғы ханы, Қазақ хандығын құрушылардың бірінің әкесі. (Барақ)
Қазақ хандығының құрылуы туралы жазып қалдырған орта ғасырлық тарихшы.
(Мұхаммед Хайдар Дулати)
Қазақ хандарымен Сыр бойындағы қалалар үшін 30 астам соғысқан Әбілқайыр
ханның немересі. (Мұхамед Шайбани)
Рефлексия: 2 мин Сабақ сендерге ұнады ма?Ұнаса несімен?Нені жетілдірер едің?
Стикерге оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ойларын жазып, тақтаға іледі.
Бағалау: 2 мин бағалау парақшалары арқылы топты және топ оқушыларын бағалау;
Үйге тапсырма беру: 1 мин 37 тақырыпты мазмұндау, кескін картамен жұмыс жасау;