Конспект урока "Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл"
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка селосы
«Благовещенка №2 орта мектебі» КММ
Кітапханашы: Каменова Айгүміс Қайсақызы
Қазақ хандығының құрылғанына 550
жыл
Тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл »
«Өз тарихын білмеген халық, өз тілін де сыйламайды»
Н.Ә.Назарбаев.
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру,
қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар
нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік
саясатына түсінік беру.
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, жиналмалы
бетшелер.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс
I. Ұйымдастыру кезең /психологиялық дайындық/
II. Жаңа сабақ
III. Сұрақ-жауап
IV. Қорытынды
V. Бағалау
Жаңа сабақ: Армысыздар, құрметті оқушылар. Биылғы 2015 жылдың
еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше.
Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
Қазақ хандығы – қазақтардың ХҮ және ХІХ ғасырлар аралығында қанат
жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар
бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан –байтақ өңірді
мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың
этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған
өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және
түбегейлі шешуші роль атқарды.
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын
Сүйгенім қазақ, өмірі өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа тойып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаны тітіркенткен
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен
Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына,
Талай царь, талай князь тәжім еткен
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.
1.Сынып оқушыларын топтарға бөлу
Топпен жұмыс
Тапсырма: 1.Сұрақ-жауап
І топ «Хандар»
1.Қазақтың ұлы билерін ата?
2.Қазақтардың қандай ержүрек батырларын білесіңдер?
3.Отырар қаласының қолбасшысы кім?
4.Қабанбай батырдың шын есімі?
5. 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады?
6. Керей мен Жәнібек қай жерде қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, қай
жылдары Қазақ хандығын құрды?
7.Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?
8.Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер?
9. 2015 жылы қандай атаулы мерейтойлар тойланады?
ІІ топ «Билер»
10. ХҮІ ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы?
11.Қазақ халқының ұраны болған сөз.
12. «Жеті жарғы» заңдарын шығарған ханды ата?
13.Керей мен Жәнібек ескерткіші 2010 жылы қай қалада ашылды?
14. Петропавл қаласында қай ханның резиденциясы орналасқан?
15. 2007 жылы Астана қаласында қай батырдың ескерткіші ашылды?
16.Жәнібек пен Керей хандардан кейін хан тағына отырған Керейдің ұлы
17.«Шыңғыснама» тарихи шығармасының авторы
18. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады?
19. Петропавл қаласында қай ханның резиденциясы орналасқан?
Қорытындылау. Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат,
бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы
маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз
тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай
тарихты білу баршамыздың парызымыз.
Бағалау. Жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағазымен марапаттау.
Ән: “Елім менің”