Технологическая карта урока "Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы" 9 класс

1. Атаулы категориясы
1.1. Мамандығы мен біліктілігінің атауы
1304000 «Есептеуіш техникасы және
бағдарламалық қамтамасыздандыру»
1304043 Техник-бағдарламашы
1304033 «Ақпаратты қорғау технигі»
051605 3 «Қаржы жұмысы бойынша
экономист»
1.2. Курсы, тобы
1 негізгі ВТ ЗИ 4
1 негізгі ВТ 2, ВТ 3, ВТ 4
1 негізгі ФО
1.3. Оқу модулінін/пәннің, менгеретін
тараудын атауы
Информатика пәні
Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы.
1.4. Сабақтың тақырыбы
Аппараттық және программалық
қамтамасыз етудің диалектикасы.
1.5. Сабақтын ұйымдастырушылық
формасы
топпен
1.6. Білім алушылырдын тақырып бойынша
қызметті орындау үшін қажетті білімі мен
иемділігі
1.Компьютердің қосымша құрылғыларың
баптау және орннату.
2.Информатика түсінігі және тапсырмалары
3. Ақпараттық өндірістің даму кезеңдері
1.7. Кәсіби және енбекпен қамтылуы үшін
білігін біріктірудегі оқу сабағының
мүмкіншілігі
Заманауи технологиялармен қосымшаларды
әзірлеуде
2. Сабақтың мақсаты
2.1. Студенттердін дәл осы сабақта
үйренетін жұмысқа орналастырудын және
жұмысты іздеудің келесі ептіліктерін
жетілдіруге мүмкіндік береді
1.Компьютердің қосымша құрылғыларың
баптау және орннату.
2.Информатика түсінігі және тапсырмалары
3. Ақпараттық өндірістің даму кезеңдері
2.2. Студентерді жаттықпа сабақтар
барысында менгеретін кәсіптік ептілікке
үйрету
Қазіргі заманғы қолданбалы
технологияларды дамытуға қойылатын
талаптар
3. Сабақ қорытындысын сипаттау
3.1. Сабақтын аяғында білім алушылар білу
және істеуі қажет
Компьютердің қосымша құрылғыларын
қарастыру, аппараттық және программалық
жабдықтама
3.2. Сапа белгілері
1.Компьютердің қосымша құрылғыларың
баптау және орннату.
2.Информатика түсінігі және тапсырмалары
3. Ақпараттық өндірістің даму кезеңдері
4. Жоспарлау фазасы
4.1. Оқу-әдестемелік жабдықтау,
анықтамалық әдебиеттер тізімі
1. Балапанов Е.К. «30 уроков по
Информати-ке» 23-24бет
2. Информатика: жалпы білім беретін
мектептің қоғамдық –гуманитарлық
бағытың 10-сыңыбыңа арналған
оқулык/Сапаргалиева Б.Қ, Масалимова
Н.Е, Тезекбаева Г.А.-Астана: «Арман-
ПВ» баспасы, 2014. 272бет
4.2. Техникалық жабдықтау, материалдар
Компьютер, таратпа материалдар
4.3. Студенттер іс әрекетінін ретін сипаттау
Ақпараттың жүйлерін қолданудың
ерекшеліктерін білу және олардың
бағдарламалық іске асырылуын қамтамасыз
ету.
4.4. Оқытушының ролі
Берілген тақырып бойынша жана мағлұмат
жәе түсініктер беру
Жаңа терминдермен таныстыру
5. Жоспарды жүзеге асыру
5.1. Сабақ жоспарынын сипаттамасы,
оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің
мазмұны (кесте)
Кесте «Оқытушы мен студенттер өзара
әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру»
6. Бағалау
6.1. Орындалған тапсырмалардың сапасын
бағалау
Жаңа тақырыпты және мағлұматты
қаншалықты игергенін бағалау
Оқытушы ______________ М.Ж. Аубакирова
қолы аты-жөні
Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру
Сабақтың
негізгі
кезендері
Әрекеттердін түрі
мен реті
Оқытушымен
студентердін
біріккен
қызметі
Оқытушынын
қызметі
Жекеше
Топтық
Топаралы
қ
Кенес
беру
Нұсқау
Бақылау
1.
Бағдарлау және
жоспарлау
кезені
Сабақтың
тақырыбы мен
мақсаты
Х
Х
Х
2.
Жұмысты
орындау кезені
Жұмыс орынын
дайындау
Х
Х
Материалдарды
дайындау
Х
Х
Технологиялық
барыс:
конспектіллеу,
Конспектімен
жұмыс,
Интерактивті
тақтада жұмыс
істеу,
Карточкалармен
жұмыс.
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
3.
Аралық және
сонғы нәтижені
бағалау және
талдау кезені
Сапа белгілері
боынша бағалау:
Айырма сөйлемдер
әдісі
Анаграмма
Сөз тендіктері
Артық термин
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Х
Курс тақырыбы Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы.
Сабақтың тақырыбы: Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің
диалектикасы.
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.Ақпараттық
процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал компьютер. Ақпаратты автоматты түрде
өңдеуге арналған аппараттық және бағдарламалық құралдар кешеенін компьютер деп
атайды.
Ақпаратты автоматты түрде өңдеу адамның қатысуынсыз өңдеу, бұл кезде
компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы
мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.
Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мүмкін:
Мәтіндік аұпарат:
Оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма, ауа
райын болжау, радио арқылы хабар және
т.б.
Сандық ақпарат:
Көбейту кестесі, арифметикалық мысал,
хоккей ойынындағы есеп және т.б.
Графикалық ақпарат:
Суреттер, схемалар, сызбалар, фотосуреттер
және т.б.
Музыкалық (дыбыстық ) ақпарат:
Дыбыстар, музыка, сөз.
Бейне ақпарат:
Түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі
және үш өлшемді жылжымалы обьектілер.
Компьютердің аппараттық құралдары:
Кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік
көрсетулерде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан;
Ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды, аралық
есептеулердің нәтижелерін сақтауға арналған компьютер жадынан;
Мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы –
процессордан;
өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде шығарып
беруге арналған шығару құрылғыларынан;
бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын
ақпараттық кеңарнадан тұрады.
Мәліметтерді бағдарламалармен қңдейді. Бағдарлама ңұсқаулар тізбегі, оларды
лорындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу
мәселесін шешеді.
Компьютердің құрылғыларының схемасы.
Ақпараттық кеңарна (магистраль)
Процессор
Жад
Енгізу құрылғылары
Шығару құрылғылары
Бағдарламалық құралдар әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы.
Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп аталады.
Олар:
жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді
өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;
қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін
атқаратын бағдарламалардан тұрады.
Мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сандық, бейнелік мәліметтерді өңдеуге арналған,
редакторлар мен электрондық кестелер деп аталатын арнайы бағдарламалар бар.
Бағдарламалық жасақтамалар.
Компьютердің бағдарламалық жасақтамалары жүйелік, қолданбалы
бағдарламалардан және бағдарламалау жүйелерінен тұрады.
Жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) негізгі болып
табылады.
ОЖ компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын
бағдарламалар жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер
құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын
жүзеге асырады. ОЖ әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге,
компьютерге қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады,
компьютерді дербес түрлі баптауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде кең тараған жүйелер:
ОЖ Windows’ 95, Windows’ 98, Windows’NT.
Бұл операциялық жүйелердің және көптеген өте маңызды қолданбалы
бағдарламалардың, бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жасаушысы)
американың Microsoft фирмасы.
Компьютерге жұыс істеу - негізінде оның ОЖ мен жұмыс істеу. Адам мен
компьютер арасындығы қарым қатынас тәсілін интерфейс деп аталады. Дербес
компьютерлерде қатынасудың интерфейстің командалық және терезелік екі
тәсілі болады.
Командалық интерфейсте адам компьютермен ОЖ нің командаларының,
жиынтығының көмегімен қатынас құралады, олар өте көп және жазылу түрлері де әр
түрлі. Командалық интерфейсі бар ОЖ –ға ОЖ MS DOS жатады,ол компьютерлерде
соңғы жылдарға дейін негізі болып келді. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін, ОЖ MS
DOS нұсқауларының қалың томдарын оқып үйрену қажет болады.
Терезелік интерфейстің жөні басқа, ол Windows типті ОЖ де жүзеге асырылады.
Мұнда компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады.
Компьютермен жұмыс істеу үшін, экранда графикалық бейнелер түрінде көрсетілген
әрекеттерді маусттың көмегімен таңдау жеткілікті.Экранда графикалық формаларды
таңдау, жедел көмек жасау (оперативті көмек сөз), анықтама жүйесі адамның
компьютермен қатынас құруды сезу дәрежесінде түсінікті етеді.
ОЖ Windows бір мезгілде бірнеше мәселелерді, ал MS DOS тек бір мәселені ғана
шешуге мүмкіндік береді.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселесін
шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графикалық объектілер даярлауға,
әр түрлі есептеулер жүргізуге және өздеріңнің демалыстарынды ұйымдастыруға т.б.
жасауға болады.
Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екіге
бөлінеді.
Арнайы (мамандандырылған) бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар
пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бугалтерлік бағдарламалар, проект
жасаушылар, дәрігерлер пайдаланылатын т.б. бағдарламалар.
Әмбебап бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық
кестелер, электронды пошта бағдарламалары, яғни, адамдардың көбі пайдаланылатын
бағдарламалар жатады.
Жүйелік бағдарламалық жасақтамаларға драйверлер де жатады. Бұл компьютерге
қосылатын құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалар, оларда осы құрылғылар
жөнінде барлық ақпарат болады. ОЖ қосылатын құрылғылармен олардың драйвері
арқылы қатынасады.
Бағдарламалау жүйелерінің құрамына бағдарламалау тілдері және арнайы
бағдарламалар кіреді, олардың көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына
енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады.
Бағдарламалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ және т.б.
Ақпараттады компьютерде сақтау.
Ақпарат компютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі
жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді.
Оны көп жағдайларда оперативті (жедел) жад деп аталады, өйткені ол компьютерді
әрқашан ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, үздіксіз жұмыс істейді.
Компьютерді өшіргенде оперативті жадтағы ақпарат өшеді. Компьютердің сыртқы
жады ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған, ол иілгіш және қатқыл дискілерде,
магнитті таспаларда, оптикалық және магнитті – оптикалық дискілерде орналастырылады.
Мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадтың ұяшықтарына байт немесе байттар тобы
түрінде орналасады. Олармен ұяшықтардың адрестері бойынша қатынасады.
Файл бір типтегі байттардың тізбегі. Файл (file) сөзі ағылшын тілінен аударғанда
«қапшық» дегенді білдіреді. Нені файл деуге болады? Файл дегеніміз бағдарламалар,
мәліметтер немесе олардың бөліктері. Файл атауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктен
тұрады, оның бірінші бөлігі– өз аты, ал екінші бөлігі кеңейтілуі.Файлды ақпарат өлшемі
бит сияқты ақпаратты сақтау бірлігі ретінде қарастыруға болады. Біртұтас объекті
ретінде файлдармен жазу, өшіру, көшіру, даярлау, жылжыту, қаайта атау операцияларын
жүргізуге болады.
Оқытушы_________М.Ж. Аубакирова