Технологическая карта урока "Сандар және цифрлар" 1 класс
Бастауыш сынып мұғалімі:
Сабақ тақырыбы:
Сандар және цифрлар
Заттарды санау
Мектеп:
Күні :
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура
және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;
цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;
бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен (нүктелер
жиынтығымен, таяқша-лармен және т.б.) көрнекі етіп көрсетеді.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар:
он көлеміндегі сандарды санауға арналған санау материалдары;
заттардың суреттері салынған парақшалар: әрқайсысында 1-ден 10-ға
дейінгі заттардың суреттері салынған он парақша;
интерактивті тақта.
Тірек сөздер
қанша? (неше?); cанау;
сан;
саны.
Сабақтың мақсаты:
Әр оқушы санағанда еркін қолданатын сан шегараларын анықтау; 10 көлеміндегі
заттарды санау дағдыларын жетілдіру.
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақ заттарды санау тәжірибелік дағдыcын
дамытуға бағытталады. Сабақта сандарды санау ұғымы
қандай да бір жиын нысандарының санын анықтау үшін
қолданылатын іс-әрекет түрінде енгізіледі. Санағанда
есептік сан есімдер қолда-нылады. Есептік сан есімдер
— “Қанша?” “Неше?” сұрақтарына жауап беретін сан
есімдер. Заттарды санау бір санынан басталады.
Заттарды санауға жетелейтін сұрақтар беру арқылы
оқушылардың бір-бірімен және мектеппен алғашқы
таныстығы туралы сөйлесіңіз. Ол үшін мынадай
сұрақтар қойыңыз:
— Терезенің жанында қанша бала отыр?
— Сенің алдыңда қанша бала отыр?
— Сенің артыңда қанша бала отыр?
— Сыныпта сенімен бірге қанша бала бар?
— Ал мұғаліммен бірге ше?
Оқушылармен сөйлесу кезінде әрқайсысының санау
дағдысын анықтап, 10-ға дейін санау дағдыcын
бекітіңіз.
Сыныптағы барлық қыздардың бір қатарға тұ-руын
ұсыныңыз. Ұлдардан сыныптағы қыздарды санауды
сұраңыз. Содан соң ұлдардың қыздарға қарама-қарсы
бір қатарға тұруын ұсыныңыз (бұл жағдайда
оқушыларды жұптарға бөлу жеңіл болады). Қыздарға
сыныптағы ұлдарды санауды ұсыныңыз.
Оқушылардан мыналарды сұраңыз:
— Сыныпта ұлдар көп пе, әлде қыздар ма? Сендер
қалай ойлайсыңдар, неге?
— Бүгін мектепке барлығы қанша оқушы келді?
Айта аласыңдар ма? (Оқушылар “көп” деп жауап беру
мүмкін.)
Бұл сұрақтар арқылы сыныптағы қай оқушының
оннан артық санай алатынын білуге болады. Содан соң
қолмен ұстауға болатын деректі заттарды са-натыңыз.
Дене жаттығуы түріндегі ойында оқушыларға мынадай
тапсырмаларды орындатыңыз:
— Мен неше рет шапалақ ұрдым? (Мысалы:
алақаныңызды алты рет соғыңыз. Оқушылар сізден кейін
берілген шапалақ санын қайталап, сонша рет шапалақ
соғуы тиіс.)
— Алақандарыңды төрт рет соғыңдар.
— Аяқтарыңды үш рет топырлатыңдар.
— “Алақай!” деп бес рет айтыңдар т.с.с.Суретке қара,
сана. Тапсырманы жалпы сынып-қа орындатыңыз.
Оқушылардан әр топтағы заттар санын санауды сұраңыз.
Жауабы:
екі ит; төрт мысық; жеті гүл; тоғыз шар.
Шығарып көр. Берілген тапсырманы жұппен орындатыңыз.
Оқушыларға оқу құралдарын санауды ұсыныңыз. Оларға
бір-біріне алма-кезек сұрақ қойып, суреттегі заттарды
санатыңыз. Жауаптарды жұпта талқылауды қадағалаңыз.
Жауабы:
дәптер — 3 дана, альбом — 1 дана, кітап — 5 дана, түрлі
түсті қарындаш — 10 дана.
Біздің сыныбымызда. Оқушыларға төрт адам-нан топтарға
бөлініп, өздері сұрақ ойлап тауып және оны топта бір-біріне
қоюды ұсыныңыз.
Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындау-ды
ұйымдастырыңыз. Оқушылар әрқайсысындағы түрлі
түсті қарындаштарының санын табу үшін санауы тиіс.
Тапсырма оқушылардың санау дағды-cын бекітеді. Егер
қарындаш саны 10-нан артық болған жағдайда
(оқушылар 10 көлемінде ғана санай алатын болса), онда
ол өзінің жұбын көмек-ке шақырады немесе оның
Мынадай сұрақтар қоюыңызға болады:
— Сыныпта қанша қызыл түсті (немесе басқа түсті)
мектеп сөмкесі бар?
Бұл сұраққа жауап беру үшін осы түстес сөмке-сі
бар оқушылар оларды бір қатарға қояды, ал басқалары
хормен санайды: “Бір, екі, үш…” т.с.с.
— Ақ түсті гүл саны қанша?
— Сыныпта қанша парта бар?
— Сынып бөлмесінде қанша орындық бар?
Оқушыларға заттың санын анықтау үшін оларды
санау керектігін түсіндіріңіз. Олардың назарын
заттарды санау кезінде айтылатын сандарға аударыңыз:
“бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он”.
Оқушылардан кез келген заттарды санағанда
барлығына ортақ қандай ерекшеліктер болатынын
ойлап, жауап беруін сұраңыз. Заттарды санау әрқашан
“бір” санынан басталатынын және сандарды рет-
ретімен қалдырмай атау керек деген тұжырымға
әкеліңіз.
қарындашының саны 10-нан артық екенін айтады.
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Тірек сөздердің дұрыс айтылуын пысықтау үшін
оқушыларға “Қанша?” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Бір
оқушы заттың суретін көрсетеді де, “Қанша?” деген
сұрақ қояды. Сұраққа бірінші болып дұрыс жауап
берген оқушы жүргізуші болады. Ойын барлық
оқушылар тірек сөздерді айтып болғанша жалғасады.
Суреттер мен парақшаларды сызықпен қос. Нүктесінің саны
суреті салынған заттар санына сәйкес келетін парақшаны
тап. Олардың арасын сызықпен қос. Оқушылар заттар тобын
сәйкес нүктелер санымен сызықтар арқылы қосу керек.
Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя.
Тапсырмада оқушылар суреттің
астында тұрған дөңгелектерді суретте бейнеленген
заттардың санына байланысты бояйды.
Өнім. Оқушылар иллюстрацияны мұқият қа-рап шығуы тиіс
және себетте қанша қызанақ, қияр, шалқан, қызылша, сәбіз,
пияз, кәдінің суреті барын санайды. Нәтижесін парақшадағы
санмен жалғастыру керек.
Жауабы:
5 дана — қияр, 9 дана — қызанақ, 10 дана — шалқан, 4 дана
— қызылша, 7 дана — пияз, 4 дана — сәбіз, 1 дана — кәді.
Бағалау
Оқушылар сабақ соңында:
он көлемінде санауды;
заттардың саны мен сандар арасындағы сәй-кестікті табуды меңгереді.
Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін
мынадай сұрақтарды қойыңыз:
— Санауды қай саннан бастаймыз? (1 санынан бастап санаймыз.)
— Суреттегі заттарды санаңдар. Қанша …? (10 көлеміндегі заттардың суреттері бар
парақ-шаларды көрсетіңіз.)
— Санағанда сандарды қалдырып кетуге бол-майды. Неліктен? Сен қалай ойлайсың?
Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға
байланысты жұмыс өткізіңіз.