Конспект урока "Жаңа ғаламшар - ИФМ" 8 класс

Кештің тақырыбы: Жаңа ғаламшар-ИФМ.
Мақсаты: Информатика, физика және математика пәндерін меңгерудегі оқушының білімін
жетілдіру. Шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.Топтық жұмысқа,
көшбасшылыққа , өзін-өзі бағалауға , бәсекелестікке төтеп беруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Компьютер, проектор, слайдтар, әр түрлді құрал-жабдықтар
Кештің бағдарламасы:
1. Таныстыру, әні, киімі
2. «ИФМ-сіз бір күн» атты көрініс
3. Білім сайысы
4. ИФМ –жарнама
5. Оқушы және ИФМ
6. Қорытындылау.
Кештің барысы:
1.Армысыздар құрметті ұстаздар ,қонақтар ,оқушылар.
2.Балжан- бізге қарап мына көрермендер таң қалып отырған шығар, бұл не деген сән үлгісі,ненің
құрметіне бұлай киінді екен деп.
1.Дұрыс айтасың Бақнұр, бүгінгі кешіміздің аты да ерекше емес пе ендеше біз де соған сәйкес
киініп ,осы кештің жақсы өтуіне ат салыспақшымыз.
Бүгінгі біздің «Жаңа ғаламшар-ИФМ» атты кешімізге қош келдіңіздер.
2.Аспанда бар ғаламшар, 1.ИФМ –деп бүгін біз,
Мұны әр кім біледі. Ғаламшарды ашамыз.
Жерден қарап кешкісін Ән мен білім ,өнерді ,
Тамашалап жүреді . Шашу қылып шашамыз.
2.Қане достар бәріміз, 1.Ғаламшардың негізгі,
Атын хормен айтайық. Тұрғындары ортада.
Осы кештен үйді-үйге, Қошеметпен оларды
Көңілденіп қайтайық. Қол соғайық қарсы ала.
Зал:
ИФМ-ИФМ-ИФМ!!!!!!!!!!!
Есеп қисап жүргізген,
Артық кемді білгізген.
Математик тұрғындар
«Көпбұрыштар» атты жұлдыздар-деп 10 сынып оқушыларынан құралған математиктер тобын
ортаға шақырамыз.
2.Таң қай жақтан атады,
Күн қай жақтан батады.
Құбылыстың барлығын,
Зерттеп олар жатады.
Адамзатқа физика,
Талай қызық ашады –дей отырып ортаға 9-
сынып оқушыларынан құралған
«Кемпірқосақ» тобын ортаға шақырамыз.
1. «Кемпірқосақ» аспанның,
Бет келбетін ашады.
Физикада бұл ұғым,
Әр кез сәуле шашады- деп ортаға
«Кемпірқосақ» тобын шақырамыз.
Таныстыруы:
1.Түрлі түсті аспанға
Сәулеміз бар шашатын.
Физиканы оқысаң,
Жаңалық бұл ашатын.
Спектр деп ғылымда ,
Мына бізді атайды .
Жақсы оқушы аспаннан
Әр кез бізді байқайды .
2.Физиканы жан-жақты,
Оқу керек достарым.
Ньютон менен Архимед,
Білгің келсе сырын сен,
Баяндау ғой жоспарым.
3.Күштер көп қой әр-түрлі ,
Бір екеуін атайық.
Үйкеліс пен ауырлық,
Серпімділік,тартылыс.
Қасиеттерін ұғып –ап
Үйімізге қайтайық.
4. Қызыл-жасыл,сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ғаламшарға сән беріп,
Шырқалсыншы әніміз.
Физиканың қызығын,
Жеткізейік сіздерге,
Шын көңілден көрермен,
Қол соғыңыз біздерге .
1.Кіші іні болады,
Математик,физикке.
Ғаламшардың жүйесі,
Тәуелді информатикке.
Қаққа бөліп өтіпті .
Көрінбейді жамандық,
Тілеймін сізге амандық»
Жиналған үлкен жас кәрі
Бәріңе де тілеймін.
Жаңа жылда жақсылық.
Ел іргесі тыныш боп,
Болсын әр- кез баршылық.
4. Параллелограм
Төртбұрыштың үлкен ұлы ,
Пароллелограм есімім
Інілерім қасымда
Осыларға қарап көсілдім.
Қабырғалар әрқашан,
Параллель боп жатады,
Диогональ қиылысып
Қақ бөлініп қатады .
Қарсы жатқан бұрыштар,
Әрқашан тең боп өтеді .
Армандар көп аңсаған ,
Соған бірге жетеді .
5.Трапеция .
Төртбұрыщтың баласы ,
Трапеция мен болам.
Қарама-қарсы екеуі
Бір-біріне параллель ,
Бұл табаны болады .
Тағы қалған екеуі,
Бүйірімде жатады ,
Сөйтіп тұрып өздері
Кейде тең боп жарасып ,
Кейде тік боп таласып,
Әйтеу қызмет көрсетер,
Шешкенде есеп көз жетер.
2.Ғаламшарда ерекше ,
Көңіл шіркін толқиды.
Ашылмаған қаншама ,
Жаңалық бар сан қилы.
Жерден қарап кешкісін Ән мен білім ,өнерді ,
Тамашалап жүреді . Шашу қылып шашамыз.