Конспект урока "Бақытты отбасы"


Алматинская область
Талгарский район, п.Туздыбастау
№ 13 средняя школа
Учительница физической культуры Ауганбаева Э.К
Тақырыбы: «Бақытты отбасы» эстафеталық сайыс.
Мақсаты: Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу
үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру.
Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Салауаттану адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан
салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетінорны: Спорт зал
Қажетті құралдары: Үлкен, кіші доптар, кедергілер, ракетка , шығыршықтар.
Өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңайма,
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Музыка әуенімен спортшыларымызды қарсы алу.
II. Негізгі бөлім
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар және ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Бақытты отбасы»
эстафеталық сайысымызға хош келдіңіздер!
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Отбасыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1. « Тұлпар» тобы, -------------------- отбасы
2. «Қыран» тобы, ----------------------- отбасы
3. «Тұмар» тобы, ---------------------------- отбасы
4. «Олимп» тобы, ----------------------------- отбасы.
Флешмоб биі 8 –сынып қыздары
Жүргізуші:
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында
ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде
салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
«Бақытты отбасы » отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін
тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің
мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында
өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге
төтеп беруі тиіс. Олай болса жарысымызды бастамас бұрын «Бақытты отбасы» сайысын
ұйымдастыруға түрткі болып отырған Тұздыбастау ауылдық окург әкімінің міндетін уақытша
атқарушы ----------------------------------сөз беріледі.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
1.
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Күзенбаева Г
3.
4. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Қерімбаев Қ
5. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Қанзадаев Р
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 8 турдан тұрады:
1. А) «Таныстыру»; Ә) «Үй тапсырмасы»
2. «Теннис»,3. «Кенгуру»,4. «Тәтті жұп»,5. «Фут-зал»,6. «Тасымал»,7. «Арба»,
8. «Скакалкамен жарыс»
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді. Жеребе суыру арқылы отбасылар
өздерінің реттік нөмірлерін таңдап алады.
Жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1-тур: А) «Таныстыру»
Олай болса, ортаға «Тұлпар», «Қыран», «Тұмар», «Олимп» топтарын ортаға шақырамыз.
«Тұлпар» тобы
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Қыран» тобы
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықтымыз,
Бәрін жеңіп шығамыз.
«Тұмар»тобы
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, спорт сүйер өренбіз.
«Олимп» тобы
Топтың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз.
Ә) «Үй тапсырмасы»
Әр отбасы берілген 3-5 минут уақыт ішінде музыка ырғағымен таңертеңгілік жаттығуларды
отбасымен көрсету.
Әділ-қазыларға сөз береміз!
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
2-тур: «Теннис»
Ойынның шарты: Топ мүшелері кезектесе кедергі арасымен ракетка қалағы арқылы кіші
допты ұрып соға жерге түсірмей алып жүру.
3-тур: «Кенгуру»
Ойынның шарты: Топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып кедергі арасымен
айнала секіре өтіп, белгіленген жердегі есепті шығарып кері айналып қайту.
4-тур: «Тәтті жұп»
Ойынның шарты: Әр командадан шығыршық ішіне екі адамнан жүгіру. Бала анасымен
шығыршықпен жұптасып жүгіру. «Әкесі баласымен шығыршықпен жұптасып жүгіру.
Нәтижесі шығыршықпен кедергілерден өту және жылдамдық.
5-тур: «Фут-зал»
Ойынның шарты: Топ мүшелері кедергі арасымен допты теуіп алып жүріп, белгіленген
жерді айналып келу.Жылдамдық, ептілік.
6-тур: «Тасымал»
Ойынның шарты: Команданың барлық мүшесі бірге қатысады. Анасы мен әкесі қолдарын
баланы отыратындай ыңғайлы етіп, баланы көтеріп кедергілерден өту арқылы жүгіру.
Нәтижесі мәреге бірінші жету.
7-тур: «Арба»
Ойынның шарты: Әр команда мүшесі допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты
дұрыс бағыттау.
8-тур: «Скакалкамен жарыс»
Ойынның шарты: Отбасы мүшелерінің біреуі скакалкамен 1минутта қанша секіреді.
III. Қорытынды бөлім
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.
Олай болса, біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша,
сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз.
• «------------------------» әні. Орындаушы: -----------------------------------.
• «• «---------------------» әні. Орындаушылар:--------------------------------------
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, құттықтау сөз
әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын ------------------------отбасынан құралған топ «--------------»
ІІ орын --------------------------- отбасынан құралған топ «------------------»
ІІІ орын --------------------------- отбасынан құралған топ «------------------»
«Жеңіске деген жігері үшін» аталымы – ------------------ отбасынан құралған топ «-------------»
Жүргізуші:
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген,
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген.
Бой тұмарғып ар-ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген, -
демекші, сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.
Құрметті қонақтар бүгінгі «Бақытты отбасы» отбасылық сайысқа алтын уақыттарыңызды бөліп,
қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымды білдіреміз! Келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!