Технологическая карта "Машиналар. Машины"

Технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Құрастыру.
Тақырыбы: Машиналар. Машины.
Мақсаты: машинаның түрлерін қайталай отырып, бөліктері жайлы білімдерін толықтыру.
Машинаны оригами әдісі бойынша құрастыру жолдарымен таныстыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар және үлгі суреттер.
Сөздік жұмыс: көрсету-показывать, тигізу-касаться, сыртқа-наружу, шеткі-крайний,
ортасы-середина, жасау-делать, дөңгелек-колесо, бөлік-доля, төменгі-нижний, қою-
ставить.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотива
-
циялық
-
қозғау
-
шылық
Машинаның түрлерін сурет
бойынша әңгімелеу. Өздері қандай
машиналарды білетіндерін сұрау.
Үлгі бойынша машинаны жасау
жолдарын көрсетіп, түсіндіру.
Балалар үлгіні
қарап көреді.
Педагогтің
көрсетуімен бірге
қағазды бүктеп отырады.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
1. Оригами арқылы бүктеп
жасалған машина үлгісін көрсету.
2. Тіктөртбұрышты ортасынан
бүктеу;
3. Шеткі беттерін ішке қарай,
ортасына тигізіп бүктеу.
4. Сыртқа қарай қайтарып тағы да
бүктеу.
5. Ортасынан ішіне қарай бүктеу.
6. Машинаның қорабын (кузовын)
жасау үшін екі бұрыштарын ішке
қарай бүктеу.
7. «Дөңгелекті» жасау үшін
төменгі бөлігіндегі үшбұрышты
ішіне қарай бүктеу.
8. Шеткі бөліктерінің бұрыштарын
ішіне қарай бүктеу.
9. Фарын жасау үшін оның
бұрыштарын ішке қарай бүктеу.
10. Фардың бұрыштарын түзетіп,
тегістеп, әдемілеп қою керек.
11. Оригами әдісімен жасалған
машина дайын болды.
Тіктөртбұрышты дәл ортасынан бұрыштары,
Қабырғаларын теңестіріп бүктейді, оны саусақпен
сындырады.Қос бүктелген қағазды тағы да ортасына
қарай қайтарып бүктейді.Екінші рет қайтадан ішке
қарай қайтарып бүктейді. Ортасынан ішіне қарай бүктейді.
Машинаның қорабын (кузовын) жасау үшін екі
бұрыштарын ішке қарай бүктейді. «Дөңгелекті» жасау
үшін төменгі бөлігіндегі үшбұрышты ішіне қарай
бүктейді. Фарын жасау үшін оның бұрыштарын ішке
қарай бүктейді.
Рефлек
-
сиялық
-
түзетушілік
Балалардың қағазбен жұмыс жасау
барысына бақылау жасалады,
жасалған жұмыстарды салыстырып
көреді, жақсы жасалған машиналар
таңдалады, мадақталады.
Балалар өздерінің машиналарымен ойнайды, салыстырып
көреді.
Күтілетін нәтижелер:
біледі: бүктеу, бүктеу сызығы, бүктеудің түрлері: қос бүктеу, қабаттап бүктеу, ішке
қарай бүктеу т.б. ұғымдарды;
игереді: оригами өнері жайында қарапайым түсініктерді;
меңгереді: қағазбен бүктеу арқылы машина жасай білуді.