Конспект урока "Бәрі де татулықтан басталады"
БӘРІ ДЕ ТАТУЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
Ата-анаңа құрметпен қара, әдеппен сөйле.
Нақыл сөз
Мақсаты: отбасы, сүйіспеншілік, татулық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- отбасындағы татулық туралы түсінік беру;
- отбасындағы өзара сыйластық, өзара түсіністіктерінің қалыптасуына ықпал ету;
- туған, өскен үйде тату болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ойынға қажетті құралдар,видео,слайд,шарлар.
Тыныштық сәті.
-Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! (Баяу әуен қойылады).
Балалар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Тәрбиеші:Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық.
Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен
рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан
аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді- ол тек
шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен
жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға,
табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер
тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан
тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді.
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбеқ құрып тұрады.
Енді барлығымыз М. Мақатаевтың мына
өлеңін бірге айтайық.
Анам маған - үлкенді сыйла деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Әңгімелеу
Балаларға Н. Қадырбаевтың «Мейірім» әңгімесін оқып беремін.
Мейірім
Н. Қадырбаев
Айнұр көпшіл. Үнемі өзі қатарлы қыздар мен ұл балалар арасында ойнап жүреді.
Олар да Айнұрдың соңынан бір елі қалмайды.
Енді, мінеки, атасы мен әжесінің ауылымен қош айтысатын мезгіл де жетті. Папасы
- әскери адам. Кезекті демалысы бітті. Жауынгерлік жаттығуларына қайта оралмақ.
Атасы мен әжесі:
- Балам, қайда жүрсең де аман бол. Еліңді, жеріңді сүй, қорға, - деді.
Айнұр қоштасар сәтте ерекше мінез көрсетті.
- Ата, әже, папа, мама, бәріміз бірге тұрайық, - деді.
- Кәнеки, ондай болса. Бірақ, папаңның жұмысы бар. Атаң мен әжең ауылда. Мүмкін
емес қой, жаным, - деді әжесі бауырмал Айнұрды кеудесіне қысып.
- Онда мен атам мен әжемнің қасында қаламын. Кетпеймін. Кім қарайды оларға? -
деді төрт жасар Айнұр көзі жасаурап.
- Ендігі демалыста және келеміз, - деді мамасы.
- Жоқ. Мен осы жерде қаламын.
Айнұр папасы және мамасымен қоштасты. Қолын бұлғап қалды.
Папасы мен мамасы Айнұрдың бүгінгі мінезіне қайран қалды. Әйтсе де қимай
қоштасқандары жүздерінен байқалады.
Ал атасы мен әжесінің қуаныштарында шек жоқ. Айнұрдың атасы мен әжесіне
кішкентай бүйрегінің бұрып тұрғанына әбден риза болды.
• Айнұр атасы мен әжесінің қасында не үшін қалғысы келді?
• Атасы мен әжесі немересіне неге риза болды?
• Сендер Айнұрдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
• Сендер аталарың мен әжелеріңе сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіре аласыңдар?
Балалардың жауаптары
Дәйексөз
- Ата-анаң саған туғаныңнан бастап, азамат болғанша қамқор болады. Сен де оларды
сыйлауға, құрметтеуге үйренуің керек. Халықта: «Ата-анаңа құрметпен қара,
әдеппен сөйле» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.
«Ата-анаңа, құрметпен қара, әдеппен сөйле» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың
дәйексөзі ретінде түсіндіремін.
Сергіту сәті
Өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау.
Атамның алып күрегін, (күрек ұстаған ...)
Ауланың қарын күредім. (қарды күреу...)
Әжеме мен құдықтан, (құдықтан су алған...)
Су әкеліп беремін. (шелекті көтеру...)
Еденді де жуамын, (еденді жуу...)
Шаң-тозаңды қуамын. (шаңды сүрту...)
Ойын«Ғажайып сандықша»
Әдемі сандықшада отбасының суреттері (ата, әже, шеше, аға, әпке, іні, қарындас,
т.с.с.) салынған. Басқалар көзін жұмып, сандықшаның ішінен бір суретті алып,
суреттегі бейнеге өз құрметін, сыйластығын қалай білдіретінін айтады.
Тәрбиешінің сұрақтары:
• Сен әжеңді қалай сыйлайсың?
• Сен атаңа қандай құрмет көрсетесің?
• Қарындасыңмен татусың ба?
• Ініңмен қандай ойындар ойнайсың?
Ойын осылай жалғаса береді.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақ бойы айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Үлкендерді құрметте.
Ата-анаңды сыйла, ренжітпе.
Шығармашылық жұмыс (2-топқа бөлу).
Балаларға тапсырманы түсіндіремін.
- Суреттерге қарап,әңгіме құрастырыңдар.
- Өз үйлеріңнің суретін салыңдар.
- Берілген қима суреттерден отбасы суретін құрастыру.
Қорытындылау
Сабақты қорытындылаймын:
- Біз бүгін отбасында туыстардың, жақын адамдардың бірін-бірі жақсы көретіні,
сыйласып, тату болатыны, бір- біріне әрқашанда көмектесіп, қамқор болатыны
туралы білдік. Отбасы мүшелері бір-біріне түсіністікпен, сүйіспен- шілікпен қараса,
барлығы бақытты болып, отбасында татулық орнайды.
Тыныштық сәті
Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып
отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс
алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен
тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал
енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық деп мен сендерге
ризашылықпен сыйлық беремін.
.
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
«Келлер орта мектебі» КММ
Өткізген: МАД сынып тәрбиешісі: Ханый Бейбитгул
2015 жыл