Конспект урока "Менің анам"
Сабақтың тақырыбы: Менің анам
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: буын түрлерін меңгертуді жалғастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, сөздік қорын байыту. Ой-
өрісін жетілдіру. Топпен жұмыс жүргізу арқылы, әр оқушының шығармашылық
белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: Өмірде, отбасында ананың орнының ерекшелігін айтып түсіндіру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап алмасу, әңгімелесу.
Көрнекілік: үнтаспа, кәртішкелер, сызбалар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сабаққа әзірліктерін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа тақырып.
Мотивация.(Үнтаспада ана туралы ән шырқалып жатады)
-Балалар, мына әнді бәріміз мұқият тыңдайықшы. Қалай деп ойлайсыңдар, бұл ән
кім туралы? (Ана туралы.)
-Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? (Менің анам)
-Дұрыс, « менің анам». Ал, енді сабақтың тақырыбына байланысты,қандай
мақсат қоямыз? (Ана туралы әңгімелейміз, жаңа сөздермен
танысамыз,мағлұмат аламыз.)
- Дұрыс айтасыңдар. Енді тақтаға назар аударып, жаңа сөздермен танысайық.
IV. Жаңа сөздермен жұмыс.
1. Дұрыс айтуға дағдыландыру.(сөздерді мәнерлеп оқимын, оқушылар дауыстап
хормен қайталайды)
2. Сөз ,сөз тіркесі, сөйлем құрастыру.(ауызша)
V. Топпен жұмыс. Сыныпты үш топқа бөлемін. Әр топқа сызба беріледі. Сызба
бойынша әр топ шағын әңгіме құрастырады. Әр топ жазған әңгімелерін оқып
таныстырады.
VI. Сергіту сәті.
VII. Грамматикалық тақырып.
- Балалар, буын нешеге бөлінеді? (үшке)
- Қандай? атап шығыңдаршы. (ашық, тұйық, бітеу)
- Жақсы, балалар енді сендерге мынандай тапсырмалар беріледі, мұқият
тыңдаңдар. Сендер сызба бойынша «ана» туралы шағын әңгіме жаздыңдар. Енді
мен сендерге мынандай мәтін беремін, оқып танысыңдар. (Оқушылар тізбекпен
оқиды)
- Балалар, осы мәтін бойынша қосымша қандай мәлімет алдыңдар?
- Ол өз жұмысын жақсы көреді. Ананы сыйлап, құрметтеу керек. Өйткені ол
өмірдегі ең қымбат адам.
- Жақсы, дұрыс айтасыңдар. Енді сендер осы мәтіннен сызба бойынша екі
буынды сөздерді тауып жазыңдар.
1 топ:
а.б.
а.б.
2 топ:
б.б.
б.б.
3 топ:
а.б.
б.б.
VIII. Мақал-мәтелдермен жұмыс.
- Балалар, мен сендерге ана туралы мақа-мәтелдер беремін, сендер оны
толықтырып жазасыңдар.
IX. Сабақты бекіту.
Ватманда күннің көзінің суреті беріледі. Күннің шапағына балалар ананың
қасиеттерін жазады.
- Сонымен, балалар, ананың қандай қасиеттері болуы керек деп ойлайсыңдар?
- Мейірімді, жақын,ақылшы, дос, т.б.
Оқушылар әр сөзге тоқталып сипаттама береді.
X. Қорытындылау. – Балалар, қараңдаршы, мына күннің көзі сияқты Ана да
жылы, шуақты, жарық бізге ең жақын, қымбат адам болып табылады.
XI. Бағалау. Топ мүшелерін алған жетондары бойынша бағалау.
XII. Үйге тапсырма: Өз анасы туралы әңгімелеу. 40 бет. №5 тапсырманы жазу.
Менің анам.
Менің анамның аты – Айгүл. Жасы отыз екі жаста. Оның бойы
ұзын,шашы қара, көзі қоңыр. Мінезі байсалды.
Менің анам - сатушы. Ол дүкенде жұмыс істейді. Азық – түлік
сатады. Ол өз жұмысын жақсы көреді.
Менің анам мейірімді адам. Мен анамның айтқан ақылын
тыңдаймын. Отбасымызда бәріміз оны сыйлаймыз, құрметтейміз.
Ана деген өмірдегі ең қымбат , мейірімі мол адам.
Тапсырма. Мәтіннен сызба бойынша екі буынды сөздерді
табыңдар.