Ақкөңілділік туралы
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: «№66 мектеп-лицей» КММ
Күні: _______________
Мұғалімі: Тыныбекова А.Б.
Сыныбы: 3 «Е»
Оқушылардың саны: 17
Тақырыбы: Ақкөңілділік туралы
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.
Мақсаты: Оқушыларға ақкөңілділік адамның ең ізгі
қасиеттерінің бірі екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік
құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды
жақсы көрудің маңызын ұғындыру;
2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы татулық қасиеттерін
дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды бәрін жақсы көруге,
бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті. «Орманға серуен»
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең
тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек
босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға
серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп,
есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды
елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен
желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін
сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай
болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап
айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын
сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі
мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін
жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре
беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың
дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,
қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен
көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын
тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.
Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне
барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа
жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын
сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға
тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз.
Музыка әуені
5«Т» ережесі:
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған
айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.Бізге
қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай.
Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және
қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін
қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін
және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте
ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Міне,
мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз,
таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып
келіңіз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет.
2. Үйге тапсырманы тексеру
Оқулықтың 94-95 беттеріндегі Е. Өтетілеуовтың «Мейірбан»
әңгімесін оқу.
Сұрақтар:
1. Апасы Мақсатты қайда жұмсады?
2. Мақсат қандай бала? Неге?
3. Өзің айналаңдағы адамдарға ақкөңілділігіңді қалай білдіріп
жүрсің?
оқулық
3. Дәйексөз
«Ақкөңілділік – адам ойының тазалығының көрінісі.»
Жүсіп Баласағұни
Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет, барлығы 2 рет қайталайды.
Сұрақтар:
1. Ақкөңілділік адамға не үшін қажет?
2. Ақкөңілділікті адам бойындағы тағы қандай қасиеттермен
салыстыруға болады?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Ақкөңілділік – адамның жақсы қасиеті. Ақкөңіл адам
басқаларға тек жақсылық ойлап, жақсылық жасауға дайын
тұрады. Ақкөңіл адамның жүрегі жұмсақ, жаны нәзік, көңілі
дарқан. Ондай адамдарды өзара сыйласымынан, ақ ниетті
әрекеттерінен, жақсылыққа құштарлығынан,
жанашырлығынан тануға болады.
Дәйексөз
4. Әңгімелеу
Ақылды егінші
Бір күні патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер
өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп
жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен
сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша
егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңге үшін
жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша егіншінің
жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша
сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтыннан көп еді.
Егінші, патшаның таң қалғанына қарап:
–Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен
ақшамды үшке бөлемін, – дейді.
– Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды
өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді.
Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді.
Ақкөңіл диқан күлімсіреп былай дейді:
– Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім,
бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой.
Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде
жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның
біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған
жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған
ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, – дейді.
Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады.
Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны
өз мойнына алады.
Балалары да ер жеткен соң білімді, ақылды азаматтар болып,
халқына қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіп,
егіншінің үмітін ақтапты.
Сұрақтар:
1. Егінші ақшасын қалай жұмсайды?
2. Егіншінің бойынан қандай адамгершілік қасиеттер бар?
3. Патша не үшін риза болды?
4. Егіншінің балалары үмітін ақтады ма?
5. Ата-аналар алдындағы парыздарыңды орындап
жүрсіздер ме?
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
1-топ: «Ақкөңілділік» сөзіне кластер құру.
2-топ: 3 D кітап жасап, әңгіме құрау.
3-топ: Өлең құрастыру.
А-4
қағаздары,
маркерлер,
қима суреттер,
6. Топпен ән айту
«Жас дәуірдің гүліміз»
Сөзі: Ибрагим Нүсіпбаевтікі
Әні: Ермек Өтетілеуұлынікі
Оқулық
7. Үйге тапсырма
Оқулықтың 98- бетіндегі «Атымтай Жомарт» мәтінін оқу.
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп,
жүрегімізге сақтайық. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!
Музыка
____________ баламын,
____________ аламын.
____________ қуантып,
____________ қорғаймын.
_____________ баламын,
_____________ тұрамын.
_____________ ренжітпей,
_____________ шығамын.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Краткосрочное планирование по естествознанию "Планирование исследования" 6 класс
- Формирование основ безопасности согласно ФГОС
- Формы и методы работы с одарёнными детьми
- Сценарий "Вечер встречи выпускников 2019"
- Сценарий театрализованного представления посвященный 1 сентября "День знаний"
- Картотека игр по исследовательской деятельности