Барлығы өзім туралы Мен кіммін?

Сабақ тақырыбы:
Барлығы өзім
туралы
Мен кіммін?
Мектеп:
Күні :
Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар
саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
Барлық оқушылар:өзі туралы қарапайым сөзбен
әңгімелеуге үйрену, бір-бірімен танысу;
Оқушылардың басым бөлігі:.адамдардың ұқсастығы мен
жеке ерекшеліктері туралы білу;
Кейбір оқушылар:мектептегі іс-әрекеттерге, әдептер
мен тәртіпке қатысты ережелерді сақтауды үйрену.
Тірек сөздер:
есім (аты) – имя – name; адам – человек – human.
Ресурстар:
«Мен» сөзі жазылған шар, есімдері жазылған бейджиктер, барлық
оқушылардың есімдері жазылған конверттегі хат, фотосуреттер,
орам жіп.
Сабақтың мақсаты:
1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі
ретінде сипаттау
Сабаққа байланысты деректі
материалдар
Адамдар биологиялық түр ретінде
құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ
сыртқы келбетімен, мінезімен, тәртібімен
бір-бірінен ерекшеленеді. Әр адамның
дара тұлға екеніне қарамастан, ол
қоғамсыз өмір сүре алмайды. Адамдар
арасындағы қарым-қатынас адамның
дамуына көмектеседі. Ғалымдар адамға
ортаның қажет екенін, оған өзін үлкен
ұжымның бір бөлігі екенін сезіну, қоғам
мүшесі болуы маңызды екенін дәлелдеді.
Ол үшін адам істеген істерге, әдеттерге
және қоғамда қабылданған тәртіптерге
қатысты ережелерді сақтауы және білуі
тиіс.
Қай уақытта болмасын барлық
өркениеттерде адамдардың өз есімдері
болды. Ежелгі ата-бабаларымыз есім
ретінде белгілі бір мағынаны білдіретін
сөз тіркестерін қолданды. Мысалы,
«Жарық жұлдыз», «Өткір көз» және т.б.
Уақыт өткен сайын олар жеңілірек және
жағымды естілетін түрге айналды.
Психологтардың айтуынша, есімнің
дыбысталуын музыкалық әуенмен
салыстыруға болады. Айналадағы
адамдарда адам есімінен туындаған сезім
сол адамның өзіне автоматты түрде беріледі
екен. Ерболат және Бибігүл есімдерінің
қаншалықты әртүрлі айтылатынын байқап
көріңіз. Алғашқы есімде жинақылық пен
жігерлілік бар, ал екінші есімде нәзік жанға
тән ерекшелікті байқауға болады. Есімнің
сипаты адамның мінезіне ғана емес,
сонымен қатар оның кейінгі өміріне де әсер
етеді екен.
Сондай-ақ адам өмірінде есімнің
маңызы зор. Оның барлық іс-әрекеттері
есімінің арқасында танымал болады.
Осыған орай, «Оның есімі беделді», «Өз
есіміңді ұятқа қалдырма» – деп айтып
жатады.
1-жұмыс парағы. Менің досым қандай?
Досыңның суретін сал. Оның көңіл-күйін
көрсетуге тырыс.
Аты-жөні:
Әр адамның есімі бар.
«Әр есімнің өз мағынасы бар», – дейді
менің атам.
Атамның айтқаны дұрыс па? Тексеріп
көрейік!
Сабақты қорытындылау
«Өрмек» жаттығуын қолданыңыз. Орам
жіпті оқушыларға беріңіз. Орам жіпті алған
оқушы есінде қалған оқушының есімін
атайды, оған қысқаша тілек айтады. Жіптің
ұшын өзі ұстап тұрып, орамды басқа
оқушыға береді. Оқушылардың назарын
танысуға арналған өрмек жіптің барлығын
біріктіретініне назар аудартыңыз.
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану. Оқулықтың
6-бетіндегі «Салыстыр»
тапсырмасы.
Өнер. Дәптердің 3-бетіндегі
«Менің досым қандай?»
тапсырмасы.
Отбасымен өзара байланыс жасау мақсатында оқушыларға
«Анықта» тапсырмасын ұсыныңыз. Ата-аналарынан өзіне неліктен
осындай есім бергенін біліп келуге тапсырма беріңіз.
Бағалау
Оқушылар
сыныптастар арасындағы ұқсастық пен айырмашылық туралы;
әр адамның ерекшелігі және бірегейлігі туралы;
өз есімінің, сыныптас оқушылардың есімдерінің мағынасы туралы;
іс-әрекетке, әдеттерге және тәртіпке қатысты ережелерді сақтау
қажеттілігі туралы білді.
Оқушылар
өзі туралы әңгімелеуге, сыныптастарын есімдерімен атауға;
сыныптастары арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты табуға;
Қарым-қатынас және тәртіп ережелерін сақтауға үйренді.
Бағалау үшін «Ұйқас» тапсырмасын ұсыныңыз.
Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап
беруі тиіс.
Біздің әрқайсымыз ерекшеміз?
Иә.
Әрқашан ереже сақтаймыз ба?
Иә.
Біз барлығымыз бірдейміз.
Жоқ.
Сенің есімің түсініксіз ұғымды білдіреді?
Жоқ.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім ?