Технологическая карта урока "Әйгерімнің туған күні"

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Әйгерімнің туған күні» (шығармашылықпен әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Балаларды ойыншықтар туралы түрлі оқиғалар айтуға баулу. Өз ойын дұрыс қалыптастыру, жеткізу
қабілеттерін дамыту. Балалардың шығармашылықпен әңгіме құрастыруға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: ойыншықтар – қуыршақ, көжек, күшік, қонжық.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, әңгіме құрастыру, өлең жаттату.
Сөздік жұмыс: жақсы тілек, әдемі сыйлық, құттықтау
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Тәрбиешінің үстелінде қуыршақ Әйгерім отыр.
Оның жанында қонжық, көжек, күшік бар. Балалар
ойыншықтарға қарама-қарсы жарты шеңбер жасап
отырады.
Тәрбиешімен бірге шаттық
шеңберіне тұрады.
Іздену -
ұйымдастырушы
Балалар, бүгін біздің сүйікті ойыншығымыздың
бірі – Әйгерім қуыршақтың туған күні.
Қане, барлығымыз бірге оны туған күнімен
құттықтайық.
Әйгерімнің туған күнін тойлайтын достары өте
көп.
- Қараңдаршы, Әйгерімнің қасында қандай
ойыншықтар бар?
Олар Әйгерімнің туған күніне не сыйлар екен?
Сендерге айтты ма?
Балалар, Әйгерім туған күн иесі. Сондықтан
оған бүгін жақсы тілектер айтып, шын көңілімізбен
әдемі сыйлықтар сыйлауымыз керек. Әйгерім
туралы не айтасыңдар?
Әйгерімнің достары күшік, көжек, қонжық туған
күнге қалай дайындалды?
Кәне, балалар, ойланыңдаршы.
- Арслан, сен қай ойыншықты ұнатасың?
Мақсат, күшікті қолыңа алып, оның Әйгерімнің
туған күніне қалай дайындалғандығы және қандай
сыйлық жасағандығы туралы айтып берші.
Жарайсыңдар, балалар! Біз Әйгерімнің туған
күніне достарының қалай дайындалғандығы және
қандай сыйлық жасағандығы туралы білдік.
Сергіту жаттығуы.
Балалар, енді М.Жаманбалиновтың «Бөбек жыры»
өлеңін жаттап алып, Әйгерімге айтып берейік.
Бөбек жыры
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Өлеңді оқиды.
Жарайсыңдар, балалар, өлеңді жаттап алдыңдар.
Әйгерім сендерге өте риза болды. Біз де әр жыл
сайын өз туған күнімізді достарымызбен, ата-
анамызбен атап өтеміз. Балалар, бір-біріңізді
осындай қуанышты күнмен құттықтауды
ұмытпаңыздар.
Туған күнің құтты болсын,
Әйгерім!
Қонжық, көжек, күшік бар.
Әйгерім – өте әдемі қуыршақ.
Ол әдепті, ұқыпты.
Әйгерімнің үстіндегі ақ гүлдері
бар қызыл көйлегі өзіне жақсы
жарасады.
Әйгерім бүгін шаштарына әдемі
бантиктерін тағып келіпті.
Қолында сәнді сөмкесі бар.
Аяқтарында жылтыраған туфлиі
бар.
Мен күшікті жақсы көремін.
Өз ойынан әңгіме құрастырып
айтады, осылайша балалар
қонжық болып, көжек болып
әңгіме құрастырады.
Сергіту сәтін орындайды.
Өлеңді қайталайды.
Тәрбиешінің көмегімен өлеңді
жаттауға кіріседі
Рефлексті -
коррекцялаушы
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау
мақсатында балаларға сұрақтар қою. Балаларды
мадақтау.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Өзінің ойыншықтары туралы айтып бере білуі керек.
Болуы керек: Қуыршақты сипаттай білуді игереді.
Қолынан келуі керек: Өз ойын дұрыс жеткізе білді.