Конспект "Жануарлар қайда тұрады?"
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлар қайда тұрады?
Мектеп/МДҰ:
Күні: 18.02. 2019
Педагогтің аты-жөні: КОКЫШЕВА БАЛЖАН
ТУРАРБЕКОВНА
Сынып/топ: 0 «Б»
Қатысқандар саны: 17
Қатыспағандар
саны: 2
ҰОҚ оқытылу
мақсаты
0.1.1.2 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы
бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілер қолданып
жеткізу
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі, дұрыс
дыбыстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін
түсінеді, мағынасы бойынша жақын сөздерді сөйлегенде қолданады.
Кейбір тәрбиеленушілер: Мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы
сөздерді сөйлегенде қолданады.
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сұрақтарға жауап
береді, сөздік қорын кеңейтеді.
Көптілділік: қасқыр – волк – wolf,
қоян – заяц – hare, арыстан – лев – lion
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Жабайы жануарлар
Пікір алмасу сұрақтары:
Жабайы жануарларға нелер жатады?
Оларды неге жабайы деп атайды?
Жабайы аңдар қалай тіршілік етеді?
ҰОҚ сабақтардан алған
білім
Судағы тіршілік иелерін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату.
0-2 минут
(Ұ) Шаттық шеңбері:
Қимылды ойын: «Көлеңке»
Орман, тоғайдағы жан-жануарлар серуенге шықты.
Қазір олардың қимылын салып көрейік.
Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Қане, қатарға тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
ІІ. Мақсатты болжам.
3-5 минут
ҰОҚ ортасы
ІІІ. Тақырып бойынша
жұмыс.
6-27 минут
Педагог бір ұзын, бір аласа баладан тұрғызады.
Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем, Кірпі
қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
Ортаға бір бала шығып, аты аталған аңның (қоян,
түлкі, тиін) т.б. жүрісін салып көрсетеді. Басқа балалар
оны қайталайды.
– Жабайы аңдарға нелер жатады?
– Оларды неге жабайы деп атаймыз?
– Жабайы аңдар қалай тіршілік етеді?
Көптілділік: қасқыр – волк – wolf,
қоян – заяц – hare, арыстан – лев – lion
Балаларға жабайы аң қолға үйренбеген түз жануары, олар
өз бетімен табиғатта тіршілік ететіндігі түсіндіріледі.
Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар
тауда тіршілік етеді.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Мына жануарлар қайда өмір сүреді? Суретке
қарап, жануарларды ата. Үй жануарлары мен жабайы
жануарлардың тіршілігін салыстыр.
2-тапсырма. Ұйқасын тап.
Өзінше ноян
Қорқақ ... . (қоян)
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ... . (арыстан)
3-тапсырма. Жабайы жануарлардың төлдері қалай
аталады?
Қасқырдың төлі – бөлтірік.
Аюдың төлі – қонжық.
Қоянның төлі – көжек.
Түлкінің төлі – жаутаң, мыршай.
Жолбарыстың төлі – шөнжік.
Еліктің төлі – құралай.
Сергіту сәті:
Балалар шеңбер бойына тұрып, педагог нұсқауын
қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
«Аңшылар аң аулауға шықты. Жолда үлкен көл
кездесті, олар малтып өтті.
Енді үлкен ағаш кездесті. Оның ұшар басына өрмелеп
шықты. Жерге сырғанап түсті. Алдарында үлкен
апан тұр. Іші қараңғы, онда аюдың екі көзі жылтырап
көрінеді. Қаштық!»
Жұмбақ шешейік.
Өзі ірі жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Балпаң-балпаң басады, Қыр-
жотадан асады.
Паналайды үңгірді, Іздемейді
тасаны. (Аю)
Әліппе-дәптер
Дидактикалық ойын «Сөз ойла»
Ойынды педагог бастайды.
– Мен бір сөз ойладым.
– Қандай? - деп қызығады балалар.
– Оны маған түрлі сұрақтар қою арқылы айтқызуларың
керек. (Балаларды тыңдайды және оларға сөзбен
көмектеседі, қандай жағдайда қалай сауал қоюдың жөн
екендігін көрсетіп бағыттайды). Балалар сұрайды:
– Бұл жанды нәрсе ме, жансыз нәрсе ме?
– Жанды.
– Ол мал ма?
– Жоқ, мал емес.
– Жануар ма? Құс па?
– Жабайы жануар.
– Үлкен бе, кіші ме?
– Итке ұқсаған.
– Ол – қасқыр.
– Дұрыс.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
4-тапсырма. Жануарлардың екінші бөліктерін сызық
арқылы қосып көрсет.
Әліппе-дәптер
IV. ҰОҚ
қорытындысы.
Рефлексия.
28-30 минут
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды
марапаттайды.
(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап
қорыту.
Балалардан қоянды түсті қарындашпен бояуын
сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;
Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары
қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –
жасыл қарындашпен
Әліппе-
дәптер, түрлі
түсті
қарындаштар