
Конспект занятия "Не? Қашан? Қайда?"
Ақмола облысы
Қорғалжын ауданы
«Балауса» балабақшасының
әдіскері: Мусабаева К.Ж.
Мусабаева Кульзайраш Жұматайқызы
«Балауса» балабақшасының әдіскері,
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы
Тақырыбы:Не?Қашан?Қайда?
(интеллектуалдық ойын)
Мақсаты:
Қортынды жасай білуге, логикалық ойлауға үйрету.
Балалардың тәжірибе арқылы су мен ауаның қасиеттері туралы білімдерін бекіту.
Жай тәжірбиелер жасай білуге, шеберлігін,есте сақтау қабілетін дамыту.
Жұмыс кезінде ұқыпты болуға, өз ойын айта білуге, бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: пластикалық стакандар, әр түрлі формада ыдыс, үн, тұз, қант,
сүт, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, бояу, қылқалам,қол орамалы, суы бар ыдыс,
ағаштан жасалған зат,суымен құмыра.
Алдын ала жұмыстар:ертегілермен таныстыру,слайд көрсету.
Ойынның әдіс-тәсілдері:әңгіме, музыкалық үзіліс, түсіндіру, көрсету,сергіту
сәті, сұрақ-жауап.
Ойын барысы:
Жүргізуші сазды музыка әуен ырғағының сүйемелдеуімен ойынға қатысатын
балалармен қошеметтеп залға кіреді.Қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші:Балалар мен сендерді интеллектуалдық ойынға қатысуға шақырамын.
Ойын «Не?Қайда? Қашан?»деп аталады.Қарандаршы,алдарында ойын барабаны
тұр. Барабанның шетінде конверттер жатыр, онда ертегілер кейіпкерлерінен хат
келген.Олар өздерінің сұрақтарын жазып, жауабтарын сендерден күтіп отыр.
Ертегі кейіпкерлерінің сұрақтарына жауап беруге дайынсыңдар ма? Онда
бастайық.Сіздерге сәттілік тілеймін! (бір бала шығып барабанды айналдырып,
стрелка көрсеткен конвертті алады)
1. Бұл хат Буратинадан екен. Буратинаның сұрағы: «Мені Мальвина өзімен
бірге бассейнге түсуге шақырды.Өзімен бірге мен не алғаным дұрыс, құтқаратын
шеңбер ме? немесе құтқаратын кеудеше ме?» деп жазыпты.Қалай ойлайсындар,
не алғаны дұрыс? (балалардың жауабы) Буратина неден жасалған? Олай болса
легенгедегі суға ағашты салайық ағаш суға батпайтының көрсетеді) Ендеше
Буратина өзімен бірге ештененің апарудың қажетті жоқ екен.
2. Незнайкадан хат: Ол былай деп жазыпты «Мен суретші болам деп шештім.
Барлығын саламын:портрет, пейзаж, натюрмортар.Бірақта менің жасыл бояуым
бітіп қалды. Оны қайдан аламын? Маған көмектесіңдерші?» (балалар стаканға
(сары мен көк) екі бояуды қосып жасыл түс жасайды)
3. «Снежная королева» ертегісіндегі Гердадан екен хат: «Балалар, көмектесіңдер.
Снежная Королева,менің тапсырмамды орындамайынша Кайды ешқайда