Технологическая карта "Ыстық жақта мекендейтін жануарлар"

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас» «Таным»
Бөлімдері: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Ыстық жақта мекендейтін жануарлар»
Мақсаты: Ыстық жақта мекендейтін жануарлар жайында түсініктерін
қалыптастыру, тілдерін дамыту. Жалпы жануарлар түрлерін ажырата білуге
үйрету. Сөздік қорларын байыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрал- жабдығы: Слайд «Ыстық елдің жануарлары», глобус, геометриялық
пішіндер, жабайы аңдар суреттері, үй жануарларының суреттері.
Сөздік жұмысы: ыстық жақта, Африка, глобус
Қостілділік компоненті: Зебра зебра, піл – слон, жираф – керік, маймыл –
обезяна, қолтырауын – крокодил.
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Қане, балалар бәріміз шеңберге
тұрайықшы.
Жылулық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жайнай берсін қаламыз,
Гүлдене берсін даламыз.
Қайырлы күн баршаға!
Енді бәріміз орнымызға отырайық.
Балалар, менің сендерге не
әкелгенімді қараңдаршы. Бұл
глобус. Қане, қайталайықшы.
Балалар, біздің жердің пішіні
домалақ екен. Ал, глобус біздің
жеріміздің кішірейтілген түрі екен.
Бұл жай глобус емес, сыйқырлы
глобус. Қазір біз осы глобустың
сиқыры арқылы саяхатқа шығамыз.
Балалар жылулық шеңберіне
тұрады.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жайнай берсін қаламыз,
Гүлдене берсін даламыз.
Қайырлы күн баршаға!
Балалар орындарына отырады.
«Балалар глобус» деп
қайталайды.
Іздену - барлау
Балалар, сиқырлы глобус бізді
Африка еліне саяхатқа шақырады.
Саяхатқа біз немен барады екенбіз.
Қане, сендер қандай көлік түрлерін
білесіңдер?
Тәрбиеші көлік түрлерін көрсетеді.
Мынау қандай көлік түрі?
Жеңіл көлік қайда жүреді?
Ал, мынау қандай көлік түрі?
Балалар, мынау қанда көлік?
Ал, мынау не?
Балалар, сендер көліктер жайында
тақпақ, жұмбақ білесіңдер ме?
Бұл жеңіл көлік.
Жеңіл көлік жерде жүреді.
Бұл поезд. Поезд жерде
жүреді.
Бұл ұшақ.
Ұшақ әуе көлігі.
Бұл кеме. Кеме суда жүзеді.
Жұмбақ білеміз.
Кейпін алып кеменің
Инелікке теңедім
Қанаттарын қаққан жоқ
Жүрген жері аспан, көк
(ұшақ)
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз
(зымыран)
Көше бойлап аяңдайды
Адам тасып аялдайды
(автобус)
Ал, енді біз кемені алдымен құрап
алайық. (Кемені геометриялық
пішіндер арқылы құрастыру)
Жақсы, балалар біз Африкаға
кемемен барамыз. Ол үшін біз
көзімізді жұмамыз.
Теңіз шуы естілді.
Балалар, біз Африка еліне келдік.
Балалар, Африкада өте ыстық.
Ой, қараңдаршы бізді маймыл
қарсы алып тұр.
Қандай ғажап, балалар маймыл
бізге бір қызықты ойын дайындап
қойыпты.
Д/О: «Дыбыстарын ажырат»
Мақсаты: Балаларды үй
жануарларын дыбыстарын ести
отырып ажырата білуге уйрету.
Д/О: «Жабайы аңдарды ата»
Мақсаты: Жабайы аңдардың
аттарын білуге және тіршілік ету
ерекшеліктерін білуге уйрету.
Балалар, сендер жабайы аңдар мен
үй жануарларын жақсы біледі
екенсіңдер, ендеше біз қазір ыстық
елдің жануарларымен танысамыз.
Слайд: «Ыстық елдің
жануарлары»
Сергіту сәті
Видео: «Көңілді шырша»
Балалар, ал енді туған жерімізге
Балалар геометриялық
пішіндерден кеме
құрастырады. Түстерін
атайды.
Балалар көздерін жұмады.
Маймылды көріп балалар
қуанады.
Балалар үй жануарларының
дыбыстарын естіп, оларды
ажыратады.
Суретке қарап жабайы
аңдарды айтады.
Слайдты тамашалай отырып
ыстық ел жануарларымен
танысады.
Сергіту сәтін видеоға қарап
бірге жасайды.
қайтайық. Біздің туған жеріміздің
аты қалай?
Қане, балалар туған жерімізге
қайту үшін көзімізді жұмамыз.
Міне, тобымызға қайтып келдік,
ал менің сендермен ойын ойнағым
келіп тұр.
Д/О: «Мекенін тап»
Мақсаты: Жан- жануарлардың
мекен ету ортасының
ерекшеліктерін білуге үйрету.
- Балалар біз қайда саяхатқа
бардық?
- Саяхатқа қандай көлікпен
бардық?
- Қандай жануарлармен таныстық?
Маймыл ыстық елге алып кету
үшін керіктің суретін салып
берейік. Керіктің денесінде қандай
ерекшелік бар?
-Қазақстан Республикасы.
-Семей қаласында тұрамыз.
Жан-жануарларды мекен ету
ортасына қарай
орналастырады.
-Ыстық Африка еліне саяхатқа
бардық.
-Зебра, піл, маймыл,
қолтырауын, арыстан.
Керіктің денесінде дақтары
бар.
Рефлексивті -
қорытындылау
Белсене қатысқан балаларды
мадақтау.
Балалар өз ойларын айтып,
сұраққа толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже :
Біледі: Ыстық жақта мекендейтін жануарлар жайында біледі.
Түсінігі бар: Үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы түсініктері бар.
Орындай алады: Сұраққа толық жауап беруге тырысады.