Библиотека и читатель в современном обществе

Министерство образования и науки Республики Казахстан
АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» Филиала АО
«НЦПК» «Өрлеу» «Институт повышения квалификации педагогических
работников по Акмолинской области»
Статья по теме:
Библиотека и читатель в современном обществе
Ахметова Орунтай Бигараевна,
ФАО «НЦПК «Өрлеу» «ИПК ПР
Кокшетау – 2019 г.
В статье освещены методические и практические взгляды современной
библиотеки. Современная библиотека должна постоянно развиваться. Уже
недостаточно просто хранить и выдавать книги. Ритм жизни современного
общества сейчас очень быстр и читателю теперь не просто нужны КНИГИ, ему
нужны возможности. По-настоящему современные библиотеки начали
внедрять информационные технологии: создают электронные каталоги,
оцифровывают книги и даже запускают Интернет - аналоги библиотеки.
Заманауи кітапхана – заман талабы
Ахметова Орунтай Бигараевна
«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының
филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының кітапхана бөлімінің бастығы.
Көкшетау қаласы, Ақмола облысы.
Заманауи әдіс- тәсілдер білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес,
кітапхана жұмысында қолдану арқылы оқырмандардың шығармашылық
қабілеттерін дамытады. Қазақстан Респуликасы "Білім туралы" заңында: "Білім
беру жүйесінің міндеттері-...жеке адамды қалыптастыру, сапалы білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді
пайдалану керек"- деп атап көрсеткендей, қазіргі кезде әрбір кітапханашының
алдына қойған басты міндеті - заманауи әдіс-тәсілдерді үнемі жетілдіріп отыру
және меңгеруі қажет.
Көптің ойын байытып, сауатын молайтып білім нәрінен сусындатар орда
кітапхана.
Соңғы он жылдықта кітапханалық қызмет көрсетуде компьютерлерді, сандық
жүйелер мен Ғаламторды қолдануымен байланысты маңызды өзгерістер пайда
болды.
Цифрландыру Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсаты емес,
құралы. Бәсекеге қабілетті болу, өсімді өнім өндіруді арттыру, міне, осы
мақсат. Мемлекет басшысы цифрландырудың маңызын осылай түсіндірді.
Ендеше, қоғамның барлық саласын цифрландыру маңызды міндет. Осы тұста,
руханияттың қазығына айналған кітапханаларды цифрландыруға басымдық
беріле бастады. Электронды кітапхананы интернетке қосылған кез-
келген компьютер не мобильді құрылғы арқылы қолдануға болады. Қажетті
кітапты табу қолжетімді әрі оңай.
Мәселен, электронды кітапханада электронды каталог және электронды
қойма бар. Ол функцияларда қажетті кітапты іздеу жүйесі қарастырылған,
мұнда керекті кітапты атауымен, авторымен немесе шығу мерзімімен тауып
алуға болады. Электронды каталог электронды құжаттар көшірмесіне
электронды тапсырыс беруге немесе толық мәтінге қол жеткізуді қамтамасыз
етеді.
Жалпы, электронды кітапханадан оқырман өзіне қажетті дүниені тез табады.
Ол үшін бұрынғыдай аяқтан тозып кітапханаларды аралаудың қажеті жоқ. Бар
болғаны интернет көзінің қолжетімділігі жетіп жатыр. Осы арқылы кез-келген
бағыттағы кітапқа қол жеткіземіз. Сонымен қатар, электронды кітапханадан
кітаптардың, анықтамалықтардың, журналдар мен сөздіктердің электронды
нұсқасын тегін жүктеп алуға болады.
Бұл заман талабының бір бағыты. Ал, бұл бастаманың негізгі идеясы
адамдардың жағдайын жақсартып, оларға қолжетімділікті арттыру. Электронды
кітаптың ыңғайлы түрінің бірі «мобильді кітапхана». Бұл қосымшаны
смартфонға жүктеп алуға қолайлы. Яғни, қалта телефонындағы Play Маркеттен
«куеркод» қосымшасын жүктеп алып, керекті кітапты оқуға мүмкіндік бар.
Оқырмандарға интерактивті білім беру жүйесін қалыптастыру
мақсатында өткізген іс-шаралардағы оқытудың жаңа әдістері: интерактивті
оқыту, «Book Bingo», «Graphic organizer», интеллект карта тағы басқа
әдістерді, оның тиімділігін, оқырмандардың қызығушылығын арттыру
бағытында таныстыру.
Электронды кітап бір ғана кітапты емес, бүкіл кітапхананы алмастыратын
электронды құрылғы. Оны пайдалану өте ыңғайлы. Кез-келген адам өзіне
керектіні алып, тіпті, қай шрифтпен оқитынын да таңдай алады. Ең бастысы
кітап үнемі қалтаңда жүреді. Қазіргі замандағы әрбір кітапхананың қызмет
атқаруы технологиялық инновацияларды қабылдау қабілетіне байланысты.
Олардың дамуына арналған мүмкіндіктер кітапханада жаңа ақпараттық
технологиялар спектрін жасап отыр.
XXI ғасыр мәдениет, ақпарат ғасыры екені қазір әлемдегі адамзатқа
белгілі және оны мойындауда. Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің
алар орны ерекше, сол рухани мәдени тынысымыздың ордасы кітапхана.
Кітапханада ғылым мен білім жинақталған зор рухани әлеуметтік күш бар.
«Кітап білім бұлағы білім - өмір шырағы» деген сөз тегіннен тегін
айтылмаған. Бүгінгі күні көңілі ояу, көзі ашық сауатты оқырман кітаптан өзіне
қажетті рухани нәр алады.
Қазіргі кітапханалар ақпараттық, мәдени - ағартушылық, ғылыми-
зерттеушілік мекеме. Кітапханашы тек қазіргі заман талабына сай
технологияны біліп қана қоймай сонымен бірге оны сауатты түрде қолданады.
Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет ХХІ ғасыр
азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз
игіліктеріне жұмсауға үйрету. Ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу. Қоғам өз
кітапханашыларының мәнін әлі түсінбейді. Көпшілігі кітапхананы тек кітап
сақтайтын, кітап беретін орын есебінде қарайды. Көпшілігі интернет қызметіне
үйренген, олар электронды тасығыштарды, соның ішінде компакт-дискілерді,
сақтау және ақпараттық жеткізу құралдарын қолдана біледі және кітапханаға
білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай мәдени
орталық ретінде қарайды.
Бұдан жарты ғасыр бұрын дүниежүзі кітапхананы тыныш жайлы, кітап
сөрелері мен каталог жәшіктері орналасқан және оқырмандар залында кітапқа
үңілген оқырмандарға толы ғимарат есебінде көрсетті. Мұндай суретті қазір де
байқауға болады. Бірақ қазір кітапханалар монитор алдында отырған
компьютерлі оқырмандар залы пайда болды.
Компьютер көмегімен олар электронды кітапханаларға шыға алады,
электронды кітаптар оқиды, электронды беттерді парақтайды. Интернеттің кез-
келген тұтынушысы кездестіретін проблемалардың бірі ақпаратқа қол жеткізу
проблемасы. Ол, біріншіден, ақпарат көлемінің өте толықтығынан көрініс
табады. Қазіргі уақытта интернет ресурстарын пайдалану кітапханаларды
іріктеу және технологиялық процестерді негізінен өзгерту фактісінің бар екенін
жоққа шығармайды. ХХ ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық
тасқынның куәгері болды. Компьютермен интернет, жаңа байланыс құралдары,
қызмет көрсетудің жаңа түрлері, ғылыми жаңалықтар осының бәрі
оқушылардың ойына әсер етеді.
ХХІ ғасырда адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында
міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлік
желі, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтарды даярлау.
Бұлар оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын
көтеруге әсер етеді. Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен
берілетін білім мазмұны да өзгеретіні сөзсіз. Болашақта әр оқушы
компьютерлік технология арқылы интернет дүние жүзілік білім әлеміне еніп,
одан өзінің қажетін білімді толығымен алуға қажетті ақпараттық мәліметтерді
ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді осы мәселенің шетелдегі
жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.
Мұның өзі оқыту үрдісіндегі жаңа тенденция екенін көрсетеді. Бүгінгі
күннің өзекті мәселесі компьютерлік техникалық құралдарды оқыту процесінде
пайдаланудың тұжырымдамасы компьютер сабақтарын ақпараттандырумен
қатар, әдістемелік құралдар жасау, сонымен қатар білікті мамандар даярлау.
Бүгінгі заманауи тұлға тек қана оқу, жазу, сызу, сөйлеумен қатар, тек
ақпарат алуға мүмкіндік беретін қызмет сауаттылықпен қана шектелмей
ақпартты өзі үшін бағалауға және оны өз мүддесіне пайдалану дағдысына қол
жеткізуге , яғни әлеуметтенуге ұмтылуға қажет және бұл заңды құбылыс.
Ақпараттық мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан қорғалуына,
өздігінен білім мен қарулануға дағдылануына, өзінің жеке тәртібі мен мінез-
құлқын қалыптасуына тікелей әсер ететін құрал ретінде көрінеді. Сонымен
қатар қазіргі таңда ақпараттық - кітапханалық жүйеде орын алып отырған
инновациялық үдерістер әсері мектеп кітапханасынан да заман талабына сай
жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастыруға ықпал етіп отырғаны белгілі.
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты
жан-жақты алу аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен
кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білім мен
сауаттылықтың орны ерекше. Оқушылардың тілін меңгеру барысындағы
білімін бекітіп, қоғамдағы қарым-қатынасты аңғартып , қазақтың мәдени
өмірінен хабардар болуды пікірталас арқылы сөйлеу тілін дамытуды көздеген
дебат сабағының міндеттері: оқушыларды берілген тақырыпқа қатысты талдау
жасай білу, кітапханадан негізгі ақпаратты таба білу, тақырыпқа қатысты ой-
пікірлерін сұрыптау мен жүйелеу мақсатындағы дағдыларын қалыптастыру;
тапқан ақпараттарын сабақ барысында тиімді пайдалануға үйрету. «ХХІ ғасыр
білім мен ғылымның ғасыры болады», - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз, заман талабына сай жаңа ақпараттық
технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді.
«Заманауи ID технологиялар және ақпараттық ресурстар» жүйесі ақпараттық
технологияларды пайдалану барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігі
қалыптасады, қазіргі заман талабына сай интернет ресурстарды пайдаланады
және білім беру үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетінің дамытуына
мүмкіндік беретін кітапхана кеңістігін ұлғайту, кітап пен кітап оқу саласындағы
тиімді тәжірибесімен, іскерлік жұмыстарды ортаға ұсынып талдау, үйрену.
Қазіргі кезде семинар жұмысын «Open Space» ашық кеңістік
технологиясы, сонымен қатар интернет-қорлар мен Web 2.0 құралын
қолданудың заманауи әдіс-тәсілдері үлгісінде жүргізуге болады. Ашық кеңістік
технологиясы өткен ғасырдың 80 жылдары ұйымдастырушылық даму
бойынша американдық кеңесші Харрисон Оуэн ойлап тапқан семинарларды,
конференцияларды, симпозиумдар мен кездесулерді өткізу технологиясы.
Қазіргі таңда аталған технология барлық әлемде кеңінен қолданылатын, қарым-
қатынасты орнату мен бірлескен шешімдер қабылдаудың тиімді әдісі болып
табылады.
Түйін. Заманауи технологиялар дамып, адам өміріне сандық технология дендеп
енді. Уақыт өте дәстүрлі кітаптардың орнын электронды нұсқасы басатыны
анық. Дегенмен, бұл кітаптар мүлдем жоғалып кетеді деген сөз емес. Өйткені,
ғасырлар бойы атадан мұраға қалған асыл қазына ешқашан өз қасиетін
жоймайтыны һақ. Біздің айтқымыз келгені, күнделікті компьютер мен ұялы
байланыстың құлағында отыратын жастарды кітап оқуға бағыттауға әбден
болады.
Список использованной литературы:
1. Инновации в библиотеках: Сб. статей / РГБ, НИО библиотековедения; Сост.:
Н.Я. Дворкина, Е.Н. Гусева. — М.: Пашков дом, 2010. — 131 с.— -ка: новые
возможности).
2. Соколов, А. В. Библиотека и гуманизм: миссия библиотеки в глобальной
техногенной цивилизации: монография / А. В. Соколов. СПб.: Профессия; М.:
Гранд-Фаир, 2012. – 400 с.;
3. Современная библиотека.- ЕGEMEN QAZAQSTAN// республиканская
газета.-15 қаңтар2019 ж.-№8.-4 б.
4. Шаяхметова Г.К. Роль школьных библиотек в организации чтения
школьников в современных условиях // Мектептегі кітапхана=Школьная
библиотека. – 2013. № 3. – С. 46-47.;