Конспект урока "Сонша, теңбе-тең"
Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу күні: 05.02.2019 ж
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: Таным
Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Өтпелі тақырып: «Алуан-алуан кәсіп бар, танып біл де кәсіп қыл»
Тақырыбы: «Сонша, теңбе-тең»
Мақсаты:
Тәрбиелеу: Байқампаз болуға тәрбиелеу.
Дамыту: Куб пен шарды сипап сезу қимылымен және көру арқылы салыстыруға
жаттықтыру.
Оқыту: Екі топтың заттарын салыстырып, теңдігін анықтап «теңбе-тең»-деп айтуға
үйрету
Педагогикалық технологиялар: дамыту, ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар, ұқсас заттардың суреті, текше,
шардың суреті.
Билингвалдық компонент: текше-куб, шар-шар
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Арайлап ақ таң атты
Күн шуағын тараты,
Қайырлы таң, біз ер-жүрек ұлдармыз!
Қайырлы таң, біз әдемі қыздармыз!
1. Ұйымдастыру кезеңі
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қазір қыстың нешінші ай?
-Атың атайықшы?
-Бір аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-Балалар біз санай аламыз ба?
-Олай болса қане, бәріміз бірге санап көрейік?
-1,2,,3,4,5
Ойын: «Сиқырлы пішіндер»
Шарты: Барлық пішіндерді қарап, бірдейін табады және атады . Бірдей пішіндерді
іздейді.
2. Негізгі кезең.
Көрнекі материалдармен жұмыс: текше, шар, цилиндр пішінді заттар бейнеленген
суреттерді іріктеп таңдайды.
-Тақтадағы пішіндердің аттарын айтады.
-Балалар бүгін бізге қонаққа жаңадан екі пішін қонаққа келді. Олар сендермен танысқысы
келеді? Танысамыз ба?
- Текше –төртбұрышты, бір орында тұрады, оны орнынан қозғалтуға болады..
Келесі пішін бізде шар, қане бірге айтайық.
Текшенің түсі қандай?
Ал, шардың пішіні неге ұқсайды?
Дұрыс айтасыңдар?
Түсі қандай?
«Пішінді табыңдар» дидактикалық ойыны.
Шарты: Дорбада әртүрлі геометриялық пішіндегі заттар бар. Дорбаға қолды салып,
қандай пішін бар екендігін нақтылыап, аннықтайды, атауын айтады.. Бұл ретте бала
қажетті пішінді тапқанға дейін бірнеше пішінді кезек-кезек ұстап көреді.
Билингвалдық компонент: текше-куб, шар-шар
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстамайды жіптіде,
Екі қолым бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, дол салсақ.
Тапсырма: Шеңберді, текшені, цилиндрді тауып, оларды бояңдар.
Қорытынды:
-біз бүгін қандай пішіндермен таныстық?
- Қалай аталады?