Конспект занятия "Дидактикалық ойындар"

МКҚК «Дән» балабақшасы
№ 4 пед кеңесте өткізілген ашық сабақ
Дидактикалық ойындар
Дайындаған: «Ақбота» І-сәбилер тобының тәрбиеші
Жуманова Ф.С.
Жақсы кенті
2018ж., сәуір
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Бірінші сәбилер «Ақбота » тобы
Тақырыбы: «Дидактикалық ойындар»
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Сенсорика.
Мақсаты: балаларға геометриялық фигуралар арқылы түстерді , бестестіру
әдістері (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) туралы білімді бекіту; заттар түсіне
қарай іріктеп таңдауды ; балалардың түс пен пішіні жайлы білімдерін бекіту;
қабылдауды, есте сақтауды, көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту; балаларды
әртүрлі сенсорлық сезінулермен байыта отырып, қоршаған ортада бағдарлау
тәжірибесін кеңейтіп, талпынушылық пен білуге деген құмарлыққа тәрбиелеу.
Алдын – ала жұмыс және оқу іс - әрекетіне дайындық: «Түстерді қайталау»
Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары\
Дидактикалық құралдар: Көбелек, гүл, кілемше, телевизор
Блингвистикалық компонеті: Здравствуйте- Hello, қызыл - красный, Көк –
синий, Сары - желтый, Жасыл зеленый
І кезең Мотвациялық қозғаушы
Шаттық шеңбер.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
ІІ кезең
-Балалар казір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде қандай табиғатта өзгерістер болады?
Сиқырлы кезең, топқа көктем ханшайымы кіреді.
Көктем ханшайымы:- Сәлеметсіңдерме, балалар? Бүгін сендер сондай әдемі
болып құлпырып отырсыңдар, мен сендерге жай келгем жоқ сыйлық алып
келдім, ол сыйлықты алу үшін менің тапсырмаларымды орындауларың керек.
1 тапсырма
«Үй жануарлары қалай дыбыстайды?»
Сиыр - «Мө-мө»
Қой «Бә-бә»
Әтеш «Ку-ка-ре-ку»
Мысық- «Мяу-мяу»
-Жарайсыңдар балалар.
2 тапсырма
-Ал, балалар енді, келесі тапсырманы орындайық
Д/ойын : «Кілемшені толтырайық»
Түрлі түсті геометриялық пішіндермен кілемшені толтыру.
3 тапсырма
Д/ойын« Өз гүліңді тап»
-Түрлі түсті көбелектерді , өз түсіне сәйкес гүлдерге қондыру. (Музыкамен)
Жарайсыңдар балалар!
Динамикалық үзіліс.
-Жарайсыңдар балалар!
Хормен тақпақ айту.
Ақ қанатты көбелек,
Көп қанатты көбелек,
Қызыл қанат көбелек
Біздің үйге келе кет.
Бала - бала балақан
Қане көрсет алақан
Саусақтарым айбат
Былай – былай ойнат
Топ – топ басамыз
Шапалақты қосамыз
Жаса, жаса алтын күз
Жаса, жаса жарқын күз
ІІІ - кезең
Рефлекстік түзетуші
-Балалар бүгін қандай жұмыс жасадық?
-Қандай ойындар ойнадық?
Жарайсыңдар балалар!
Мадақтау.
МКҚК «Дән» балабақшасы
№ 4 пед кеңесте өткізілген ашық сабақ
Дидактикалық ойындар
Дайындаған: «Ақбота» І-сәбилер тобының тәрбиеші
Жуманова Ф.С.
Жақсы кенті
2018ж., сәуір