Конспект урока "Бізге көліктер қалай көмектеседі"
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей
группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас. Коммуникация
Пән/Предмет: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Көліктер»
Тақырыбы/Тема: «Бізге көліктер қалай көмектеседі» (сұрақ−жауап)
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Балаларға көліктердің пайдасы жөнінде
айту.
2.Дамытушылық – развивающая: Жаңа сөздер арқылы сөйлем құрастыру,
сұрақ қоюға деген дағдыларын дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Көліктің түрлерімен таныстыру, олардың бөліктерін
ажыратуға және атай білуге дағдыландыру, сөздерді жіктелуіне қарай
байланыстыруға үйрету. Балаларға сурет бойынша дәйекті әңгіме жасауға
үйрету, сын есімдер мен етістіктерді қолдану.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: көліктердің
суреттері, бейнетаспа
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: көлік - машина,
автобус – автобус, жүк машинасы - грузовик .
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
(бейнетаспадан) машиналардың гүрілдеген дауысы естіледі.
-Балалар бұл ненің дауысы?
-Дұрыс айтасыңдар бұл машинаның дауысы бұл машинамен келген кім екен
бәріміз есік жаққа қарайықшы.
- Балалар, бізге қонаққа қонжық келіп тұр.
-Кәне қонжықпен амандасайық.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Қонжық(тәрбиеші): Балалар менде көліктің суреттері өте көп. Сендер маған
осы суреттер ішінен құрлық көліктерін тауып беріңдерші? Және олардың
пайдасы жөнінде айтып беріңдер.
-Балалар суреттер арасынан құрлық көліктерін тауып алайық .
Сурет бойынша әңгімелесу:
Жеңіл машина, автобус, жүк машинасы, туралы әңгімелесу.
-Балалар, суреттегі көліктердің аттарын атайықшы?
-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?
Жеңіл машина және жүк машиналары туралы әңгімелесу.
-Балалар мына екі машина туралы не айтуға болады?
-Екеуінің қайсысы жүк машинасы?
-Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?
-Иә дұрыс айтасыңдар. Жүк машинасының дөңгелектері көп.Ол жүк тасиды.
-Ал автобус кімдерді тасымалдайды?
-Иә дұрыс айтасыңдар. Автобуспен жолаушыларды тасымалдайды.Оның
адамдар отыратын салоны болады.
Ал машинаны кім жүргізеді?
Жеңіл машина да, жүк машинасы да, автобус та құрлық көліктері деп
аталады. Қане құрлық көліктерін екі тілде айтып көрейік.
Билингвалдық компонент: көлік - машина, автобус – автобус, жүк машинасы
- грузовик .
Машина, автобус, жүк машинасы немен жүреді?
Дидактикалық ойын: «Жолдан өте білесің бе?»
Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншілер.
Бірінші топ көліктерге мінеді, екінші топ жаяу жүргіншілер бағдаршамға,
жол белгілеріне қарап, жолдан өтуі керек.
Жеке жұмыс: Амирханға жол ережесін еске түсіру.
Сергіту сәтін ұйымдастыру.
1,2,3,4-машинаны жүргізуді бейнелейміз.
1,2,3,4-велосипед тебуді бейнелейміз.
Тез,тез тебеміз.
Дидактикалық ойын. «Бұл қай көлік?»(балалардың жеке жұмысы)
Алдарыңдағы көлік түрлері бейнеленген суретті аламыз. Мен сендерге
құрлық көліктері дегенде сендер сол көлікті тауып көрсетесіңдер. Егерде
дұрыс жауап берген жағдайда, үнтаспадан сол көліктің дауысы шығады.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Жарайсыңдар балалар!
Кішкентай қонжық құрлық көліктері туралы көп мағұлмат алды.
Сонымен көліктер не үшін керек екен?
Жақсы жауап берген балаға жұлдызша беремін.