Конспект ОУД "Жұлдызқұрт"

Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей
группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық.
Творчество.
Пән/Предмет: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Бізді қоршаған әлем»
Тақырыбы/Тема: «Жұлдызқұрт»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Әдемілікке, ұқыптылыққа, жұмыс жасау
барысында тазалықты сақтауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Дөңгелектер жасап, оларды
өзара біріктіру арқылы жұлдызқұрт мүсінін шығару дағдыларын дамыту.
Ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Оқыту – обучающая: Алақанға салып дөңгелек етіп есуді, бірдей бірнеше
дөңгелектер арқылы жұлдызқұрттың мүсінін жасауды үйрету. Балаларға
түрлі мүсінді жасата отырып, олардың түсін ажырата білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау
технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, түсіндіру және көрсету.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қорапша, түрлі
түсті ермексаз, тақтайша, майлық, үлгі.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жұлдызқұрт -
гусеница
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт:
- Балалар қараңдаршы мен бүгін ағаштың түбінен бір қорапша тауып алдым.
-Қорапшаның ішінде не бар екенін ашып көремізбе?
Қорапша жапырақтар, ал ішінде жұлдызқұрт. Біреудің жалынышты дауысы
естіледі. Жұлдызқұрт маған бірдеңе айтқысы келіп тұр. Ол жалғыз қайда
менің достарым? – дейді.
Тыңдашы Бағлан, тыңдашы Амина.
- Ох - ох - ох?
- Жұлдызқұртқа көмектесеміз бе? Оған арнап достарын жасап береміз бе?
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
-Балалар айтыңдаршы жұлдызқұртты неден жасауға болады?
Дұрыс айтасыңдар, ермексаздан.
-Жұлдызқұрттың денесі қандай пішінге ұқсайды?
Билингвалдық компонент: жұлдызқұрт - гусеница
Жасалу жолдарын түсіндіру:
- Балалар ермексазды алақанның арасына салып жұмсартамыз.
- Ермексазды екіге бөлеміз. Ермексаздың бөлінген бөлігін алып тағы да екіге
бөлеміз. Бұл бөлшектерден домалатып дөңгелек жасаймыз. Жұп - жұмыр
болғанша дейін домалатамыз. Ең үлкен дөңгелекті таңдап алып, бұл басы.
Ортаншысы денесі, ал ең кішкентайы құйрығы.
- Жұлдызқұртта неше көз?
- Мұртын салайық, тікендерін салайық, аяқтарын саламыз.
Жұмыстың алдында саусақтарымызды жаттықтырайық.
Саусақ жаттығуы:
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан
Саусақтарым әйбат
Былай - былай ойнат.
Балалардың өзіндік жұмыстары.
Жеке жұмыс: - Самрат сенің жұлдызқұртың қандай түсті?
- Айя ал, сенің жұлдызқұртың қандай түсті?
- Ал сендерге ұнады ма жұлдызқұрт?
-Балалар мүсінді жасап отырып, әр бөлікке қолданған ермексаздың түсін
айтып отырады.
Балалар енді жасаған жұлдызқұрттарымызды қорапшаға салайық.
Балалар қараңдаршы жұлдызқұрт өте көңілді, ол сендерге рахмет айтып
жатыр.
Ойын: «Жұлдызқұрт»
Шарты: Балалар жұлдызқұрт сияқты бірінің артына бірі тұрып, ирелеңдеп
жүреді. Кім дұрыс орындамаса, сол шығып отырады.
3.Қорытынды/итоговая часть:
-Балалар бүгін мүсіндеу іс-әрекетінде не жасап үйрендік?
-Оны неден жасадық?
-Көңіл күйлерің қалай?
-Жұмыстарын көріп бағалау, салыстыру, мақтау мадақтау.