Сабақтың тақырыбы: Менің бос уақытым

4- сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Менің бос уақытым.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға жаңа сөздерді сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.
2) Оқушылардың сөйлеу әрекетін, қазақша ойлауын есте сақтау қабілетін
дамыту.
3) Оқушыларға өз бос уақыттарын адам өмірінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Оқыту әдістері: аударма, жаттығу, тындап түсіну, ойландыру, сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Сөздерді жатқа сұрау.
Оқушыларды екі топқа бөліп дыбыстық талдау жасатқызу.
I. Достарым
II. Бос уақыт
Достарым. Бос уақытым.
Дауысты 3 3
Дауыссыз 5 5
Жуан 3 3
Жіңішке 0 0
Езулік 2 2
Еріндік 1 1
Ашық 2 2
Қысаң 1 1
Ұяң 1 1
Үнді 2 1
Қатаң 2 3
III. Жаңа сабақ.
Менің бос уақытым.
1. Жаңа сөздермен жұмыс.
А. Жаңа сөздер үнтаспадан тыңдатқызылады.
Б. Оқушылар хормен қайталайды.
В. Оқушылар тізбекпен оқиды.
IV. Жаңа сөздерден қазақ тіліне тән дыбыстарды тауып, дәптерге жазу.
Кешірек.
І-дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.
От жағу.
Ғ- дауыссыз, ұяң.
Түнеу.
Ү- дауысты, жінішке, қысаң, еріндік.
Қос.
Қ- дауыссыз, қатаң.
Іздеу.
І- дауысты, жінішке, қысаң, езулік.
V. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.
А) Мәтінді түсіну үшін, алдымен еркін әңгіме жүргізуге болады. Содан кейін
сурет бойынша әңгіме оқылады. Әр сөйлем жеке оқылып, оқушылармен бірге
аударылады.
Б) Мәтінге сұрақтар қою.
1. Мектепке неше күн барасың?
2. Жетісіне неше рет демаласың?
3. Қыста сен не істейсің?
4. Түскі астан кейін сен не істейсің?
5. Күнде кімдермен кездесесің?
6. Көктем мен жазда демалысты қалай өткізесің?
7. Сенбі күні қайда барасың?
8. Күзде қалай демаласың?
VI. «Даналық ағаш» оқыта үйрету ойыны.
Оқушылар мәтінді жылдам, мұқият оқиды. Енді әрқайсысы мәтін бойынша
қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болады,
соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ
жазылған қағаз алып, дауыстап оқып, сұраққа толық жауап береді.
VII. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Сыныпты екі топқа бөлу.
1-ші топ. III деңгейді орындау.
2-ші топ. II деңгейді орындау.
№ 1. III деңгей.
1. Сызба бойынша сөз тіркесін құрастыр.
Есімдік + зат есім
Зат есім+етістік
Сың есім+зат есім
Үстеу+етістік
2. Үйрену сөзіне фонетикалық талдау жаса.
№ 2. II деңгей.
1.Жаңа создерден сөйлем ойлау.
2. Сөздерді сөз құрамына талдау.
Жауап үлгісі № 1
1. Ол бала.
Бала келді.
Әдемі бала.
Кеше келді.
2. Үйрену.
Дауысты-2
Дауыссыз- 4
Жуан- 0
Жінішке- 2
Ашық- 1
Қысаң- 1
Еріндік- 1
Езулік- 1
Қатаң- 0
Ұяң- 0
Үнді- 4
Жауап үлгісі № 2
1. Бала сабаққа кешірек келді.
Бейнетаспадан сөздер тыңдадық. Әкем үйге от жақты. Дүкеннең әдемі шатыр сатып
алдым.
2. Демалысымды- демалыс + (ым,т.ж., I жақ)+ ды ( т.с.). Жолдастарыммен – жолдас+ тар(
көптік жалғау) + ым( т.ж. I жақ) + мен( к.с.) . Үйімнің + үй+ ім( т.ж. I жақ) + нің( і.с.).
Жанында + жан+ын(т.ж.II ж.) + да ж.с.
VIII. Қорытындылау.
Тест.
1. Суретті кім салады?
А) мұнайшы
В) аудармашы
С) суретші
2. Қай түбір сөзге қосымша дұрыс жалғанғаның көрсет.
А) сауынші
В) жыршы
С) балықші
3.Сөйлемдегі нүктелердің орнына керекті сөзді қой.
. . . үй салды.
А) дәрігер
В) зерттеуші
С) құрылысшы
4. Ұлттық ойындарды білдіретін сөзді тап.
А) шахмат
В) футбол
С) тоғызқұмалақ
5. Ө дауысты дыбысы бар сөздерді тап.
А) мұғалім, дәрігер, оқушы.
В) ата, орман,әже.
С) өрмекші, өзен, көше.
6. Дұрыс аударманы көрсет.
Музей искусств
А) әдеби мұражай
В) тарих мұражайы
С) өнер мұражайы
7. Сөздін дұрыс аудармасын тап.
Родина
А) отан
В) жалау
С) ән ұран
8. сөйлемдегі нүктенің орнына қойылатын сөзді тап.
Бала . . . . ойнап отыр.
А) кітаппен
В) гүлмен
С) ойыншықпен
1. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.
А) елт-а-ң-ба
В) ел-таң-ба
С) ел-т-аң-ба
2. Ны-ні жалғаулары келесі зат есімдерге сәйкес келеді:
А) бала, бөлме.
В) кітап, өшіргішті.
С) мінез, таныс.
IX. Оқушыларға қате диктант жазғызу.
Оымдс, қаысж, тышра,әтукіл, мақрақ, соб қтыау, емәк, соқ.
Дұрыс жауабы:
Досым, жақсы, шатыр, тәулік, қармақ, бос уақыт, әкем, қос.
X. Үйге тапсырма.
4-ші тапсырма.