Сценарий "Қыз өссе елдің көркі"
Маңғыстау облыстық техникалық және
кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті
«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
«Бекітемін»
Директордың тәрбие - ісі
жөніндегі орынбасары
________Сармалаева С.К.
«___»_________2015ж.
Ашық тәрбие
сағаты
Тақырыбы: «Қыз өссе елдің көркі»
Оқытушы: Қожақова А.И.
Оқу тобы: ӨБ - 21
Пәні: Педагогика
Ақтау – 2015
Тақырыбы: «Қыз өссе елдің көркі»
Мақсаты:
Білімділік: қыздар қауымымен сырласа отырып,
олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру,
оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып,
өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап
табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.
Дамытушылық: студенттердің бойындағы жеке
қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу
мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: студенттерді адамгершілікке, сыйластыққа,
қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, түрлі - түсті парақшалар, т.б.
Жүрісі:
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті, қонақтар, ұстаздар, және студенттер.
Бүгінгі ӨБ-21 тобымен бірге ұйымдастырылған ашық тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!
1 - жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне,
Көз тимесін деп достым сен де тіле.
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды,
Айна көктен жететін жер бетіне.
2-жүргізуші.
Сұлулықтың дүниеде барын қарап,
Аққайың да ұрлана таңырқамақ.
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті - ай,
Ес еркінді әкеткен барымталап.
І-номер.
Молдағараева Амангүл «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әні арқылы
Сағымбаева Нұрсұлумен бірге қазақ қызының болмысы мен келбетін сахналық
корініс арқылы ашады
1-Жүргізуші:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? - деп Абай атамыз жырлағандай,
қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктік деп біліп, қызды көктемнің
гүліне, күлімдеген күніне теңеген.
Ендеше біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз «Қыз өссе елдің көркі» деп
аталады.
2-жүргізуші:
Бабалары қыздарын қадірлеген
Қыз баладан басталар өмір терең
Ауыл көркі қыз болып,ән айтылып
Күн болмаған сазды күй төгілмеген
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, киімнің
әсем-сәндісін, әшекей бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау ежелгі дәстүр.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын болған: жүн түту, жіп иіру, кесте
тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, тағы басқа өнерді қыздарына
үйреткен.
1-жүргізуші: Қазақ қызы көз тамсандырар көркімен, байыпты, байсалды
мінезімен ғана емес, батырлығымен, өнерімен, шешендігімен қазақ қызы деген
атқа лайық бола білген.
ІІ- номер: Қазақ қыздары туралы слайд
1-жүргізуші:
Бүгінгі қыздар,болашақтың тамыры, қоғамның негізі, тарихтың көзі – жайнаған
жауқазындар. Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана, бақыт – байлық
ошағы, адамзаттың ойы өркендеп, тәлім – тәрбие алатын қасиеттің ұясы.
2-Жүргізуші:
Өмірде ана -бақыт, ана пана
Өмірде өркендетер ана ғана
Өсірген талай көсем,талай шешен
Талай ер, талай ақын,талай дана
ІІІ- номер: Жаманқұлова Ұлданай «Ана»
1-Жүргізуші:
Әрбір қыз бала бой жетіп, әке – шешенің аясында бұлғақтаған дәуренін
қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп келіншек аттанады. Қыздарын тұрмыс
құруға әзірлеуге қай халық болсын зор мән берген. Мұны қызының барған
жердегі өмірі жақсы болуының, бақытты болуының кепілі деп білген.
2-жүргізуші:
Халқымыз әйел – ана, қыз дүниеге тіршілік әкелуші, барша тіршіліктің бастауы,
көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні деп қасиет
тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп ардақтап аялаған.
Әдет – ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, үйлесімді, ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
ІV-номер: «Қазақ қызының келбеті» (студенттер өлең шумақтарын
оқиды)
2-жүргізуші:
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ ортада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
1-жүргізуші:
Өнері өрге жүзер талаптының.
Таланты талмай ұшар қанаттының,
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының, - деп Жәдігерей Шынардың орындауында
қазақ биі назарларыңызға ұсынамыз.
V-номер:Би
2 - жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар.
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін,
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар –
VI.Көрініс «Шарғы салу» дәстүрі
Мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрін насихаттау,ұмытылып бара жатқан дәстүрді
жаңғырту
Қорытындылау
1-жүргізіуші:
Бұла қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы, сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні
2-жүргізуші:
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Қыз өссе елдің көркі»атты ашық тәрбие
сағатымыз өз соңына жетті.Назар салып қатысқандарыңызға рахмет.Әрқашанда
құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын - дей отырып бүгінгі
кешімізді аяқтаймыз.
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Развлекательное мероприятие "К нам спешит добрый доктор Айболит"
- Конспект ООД "Рассматривание картины «Иван царевич на сером волке» В. Васнецова"
- Сценарий воспитательного мероприятия для детей "Летние приключения"
- Презентация "Виды похвалы: комплимент и похвальное слово" 6-7 класс
- Конспект урока "Виды похвалы: комплимент и похвальное слово" 6-7 класс
- Разработка интегрированного урока "Черный аист в целых числах" 6 класс