Конспект урока "Намысты елдің нар ұлдары» эстафеталық жарыс" 6 класс

Байтерек негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі Нұршәріп Ержанат І - санатты
Жарыс тақырыбы : «Намысты елдің нар
ұлдары» эстафеталық жарыс
Қатысатын сыныптар: 6 сынып
Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың бойындағы спортқа деген
қызығушылығы мен
білімін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын, қимыл қозғалысын,
ептілігін,
икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Саламатты өмір салтына, отансүйгіштікке,
ұйымшылдыққа,
шапшаңдаққа тәрбиелеу.
Түрі: Командалық жарыс
Сабақтың әдісі: Ойын
Керекті құрал жабдықтар: Ысқырық, кедергілер, шеңберлер,
доптар,
кеглилер, кішкене доптар, таяқшалар, секіртпелер, плакаттар.
Жарыс бөлім: Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою.
1-топ-«Қыран» тобы
2-топ- «Барыс» тобы
1. Картоп отырғызу
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп,
қолдарындағы кішкене доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді.
Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген
ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол
жеңіске жетеді.
2. Картоп жинау
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер
ішіндегі кішкене доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол
береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра
береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.
3. Кенгіру
Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп,
қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға
ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол
жеңіске жетеді.
4. Допты бастан асырып беру
Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты
басынан асырып екіншіге, екінші–
үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала
салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі
жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.
Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.
5. Допты аяқтың астынан беру
Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді.
Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.
Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.
6. Допты себетке салу
Допты секіртіп барып себетке түсіріп, секіртіп алып қайтадан
допты келесі ойыншыға ұсынады. Қай команда допты себетке көп
түсірсе, сол команда жеңіске жетеді.
7. Кегли
Тізілген кеглиді кіші доппен соғу арқылы құлатып, ұпай жинайды.
Қай команда көп құлатса, сол команда жеңіске жетеді.
8. Орыннан секіру
Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп
түскен жерге таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан
ұзындыққа секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай
команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді.
9. Мәреге кім бұрын?
Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні
айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені
келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай
команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.