Конспект занятия "Бұрымды қыз" 3 класс
Есенбердина Гульнар Сарсеновна
ШҚО. Семей қаласы
№38 ЖОББ мектеп-лицей
«Бұрымды қыз» байқауы
(ашық сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: 1. қазақ халқының ұлттық өнерін,салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету ;
2. оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін
дамыту ;
3. көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, сұлулыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, гүлдер, шарлар, еңбек сабағында жасалған сыйлықтар
Түрі: байқау
Барысы
1. Жүргізуші: Асанәли
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған,
Жігіттердің атынан
Қабылдаңыз шын жүректен
Мерекелік құттықтау.
2. Жүргізуші: Диас
Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен.
Қазақтын аруларын мақтан етем
Ақын мен әнші деген- ел еркесі,
Қазақтың тарқамасын берекесі.
8-ші наурыз күні құтты болсын-
Аналар мен арулар мерекесі.
1. Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата-аналар,көрікті әпке-қарындастар,айбынды аға-бауырлар! Бүгін сіздер
,асыға күткен,мектебімізде бірінші рет өтетін «Бұрымды қыз» байқауын тамашалауға келіп
отырсыздар. Хош келдіңіздер.! Емен жарқын болайық. Көңіл сарайларыңыз ашылсын,
күлкілеріңізден інжу- маржан шашылсын!
Мұғалім; Құрметті аналар,ұстаз-аналар,бойжеткен арулар,бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең
алғашқы мерекесімен, келе жатқан 8-ші наурыз- халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әр басқан қадамдарыңызға гүл
бітсін!
Құрметті қонақтар! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, шашы ұзын, басқан ізі
білінбейтін жан елестейді. Қыз өссе – елдің көркі.Ал қызға көрік беретін – арқада тулап жүрген қос
бұрым. Қыз бойындағы алғашқы көзге түсетін әсемдік те осы. Шолпысының күміс күлкісін ғана
естіртіп, сонымен қазақ қызы бойындағы әдептілікті, инабаттылықты сездірген.
Біздің мектебімізде мақтанып айтатындай бұрымды қыздар көбейіп келе жатыр. Біздің сынып
қыздары «Шаштарымызды қимаймыз!» деп уәделескендей бұрымдарын өсіріп жатыр. Шашқа
қысқарту жоқ деген мақсат қойған басқа сыныптың барлық қыздарының бұрымдары күннен күнге
ұзарып, бойларына көрік, нәзіктік беріп тұрғандай. Жылдан жылға бұрымды қызымыз көбейсін деп
байқауымызды ұйымдастырып отырмыз.
1-ж Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
«Көктем аруы» байқауын.
Рұқсат болса бастайық.
2-ж Мың бұралған арулар аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып, тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.(арулар кезекпен ортаға шығады)
1-ж: Сыныптың бір үздігі
Алғыр, зерек, білімді.
Көмектесіп бәріне,
Үнемі алда жүреді.
Қарсы алайық ағайын,
Бұрымды қыз Аянаны.
2- ж: Жайнап жаймен жүретін,
Жымиып ақырын күлетін.
Зере біздің ибалы,
Әдеппен бәрін сыйлайды.
Ортаға бұрымды қыз Зерені шақырамыз.
1 – ж: Жамандыққа бармайтын,
Жақсылықты қалайтын.
Жаны сұлу ботакөз,
Мінезі бізге ұнайтын.
Қарсы алайық, қанеки, бұрымды қыз Фаризаны.
2 - ж: Тазалықты сүйетін,
Сабағын да білетін.
Сабырлы әрі салмақты,
Бұрымды қыз Аяжан.
Жарысты бүгін жалғапты.
Қошеметпен Аяжанды қарсы алайық.
1-ж: Шашы ұзын, көрікті қыз тағы бар,
Қанеки, бәрін бері қарандар.
Ару қыз, Аружаннан әрдайым,
Қуаныш пен шаттық күлкі тарайды.
Бұрымды қыз Аружанды қарсы алайық.
2-ж. Қара шашты, қос бұрымы жарасқан,
Қыпша белі тал шыбықтай майысқан.
Қарсы алайық Арайлымды қошеметпен,
Өнерімен көрерменді таңқалдырар.
1 ж, 2 ж: бірге
Ал, халайық, аруларға тамсанайық
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір, қол соғып қарсы алайық.
1-ж : Асқар анау аталар,
Салиқалы аналар.
Ұрпағың бұл тағы бір,
Бұрымды қыз атанар.
2-ж: Уа, арулар, арулар,
Ешкімнің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын,
Оны қазың бағалар.
(Әділ-қазылар алқасымен таныстыру)
1ж: Ақ тілеу ата-ананың аялаған
Баласын шапағаты саялаған.
Ежелден қыз өсірген, қайран қазақ
Ақ батасын арудан аямаға
«Қазақтың қыздыры» атты өлеңімен бұрымды қыз сайысының беташарын ашайық.
Қазақтың қыздары авторы: Мусаев Советқан
Желкілдеген тұлым менен бұрымы
Кие тұтқан ата-бабам бұрынғы.
Жаңартайық дәстүрлерін қазақтың,
Жас ұрпаққа, бүгін таңда білімді.
Ұзын шаштың әр талына бақ қонған,
Киесі оның тайдырмаған нақ жолдан.
Қазақ қызын жөргегінде әлдилеп,
«Алтын, Қара, Сұлушаш» - деп ат қойған.
Ерліктерін әнге қосып жыр қылған
Қару ұстап жауға қарсы жұлқынған.
Сүйген жарын жау қолынан зынданнан,
Арқан қылып бұрымын, тартып алған құрдымнан.
Міне, осындай қолаң шаштар ерлігі,
Кейінгі ұрпақ ұмытпағын сен мұны.
Арқасында қыздарының жауынгер,
Қазағымның сақталған ғой елдігі.
1 сайыс «Қызымын қазақтың дара туған».
1-ж: Бойжеткен арулар келіп жетті ортамызға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен, ізетпен танысуға.
2-ж: Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшәт бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көрп пе ең мұндай түрін.- деп Абай атамыз жырлағандай байқауымыздың 1
сайысы таныстыру.
(Қыздарымыз өздерінің реттік нөмірі бойынша ортаға шығып өзін-өзі таныстырады).
2 сайыс «Салт-дәстүрді білесің бе?»
1-ж: Арулар, аяулылар ардақтылар
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар
Арулар-тіршілікке күре тамыр
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
2-ж: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орвп сөз сөйлемес,
Халқымның сақтай білген игі салтын. – дегендей қыздарымыз қазақтың салт-дәстүрін қалай
білетіндігін көрініс арқылы көрсетеді.( Шілдехана, қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесер, атқа
мінгізу, шашу)
3 сайыс «Таңғалмаңыз!
1-ж: Өнерлі өрге жүзер-таңқалмаңыз!
Талантты талмай ұшар-таңқалмаңыз.
Таңғажайып әлемі-өнер оты.
Шарпып өтсін лебімен-таңқалмаңыз!
2-ж: Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып, кідірмейік.
(Аруларымыз көрермендерді өз өнерлерімен таң қалдыруға асығады
4 сайыс «Менің куыршағым»
1-ж: Қыздардың жақсы көретін ойыншығы – куыршақ. Осы бір жансыз дүниелер тәрбиенің бір
құралы емеспе? Қыздарымызды қызықтыратын қуыршақтар әлемі олардың ішкі сезімін оятады,
әдептілікке, әсемділікк тәрбиелейді. Шеберлік пен еңбексүйгіштікке үйретеді. Ендеше, келесі
сайыста қыздарымыз өз қуыршақтарымен таныстырады. Өздері тіккен қуыршақтың киім үлгісін
көрсетеді.
5 сайыс «Ұзын шаштың формуласы
(шаш күтімі сусабындарына жарнама жасау)».
1-ж: Сұлу қызға жарасқан,
Өрілген қос бұрымы.
Ұзын бұрым кескенін,
Қазақтың жаман ырымы.
2-ж: Бұрымды қыз сайысы,
Тәрбиелі, мәнді де.
Шашты күтіп өсіру,
Қыз баланың сәні де.
Бұл сайыста аруларымыз ұзын шаштың формуласымен таныстырып, ұзын шашты өсірудің
құпиясын ашады және сусабындарына жарнама жасайды.
6 сайыс «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
1-ж: Аңыз болған жоғалмай, бұл ғасырда
Салт-дәстүрі халқымның жалғасуды.
Қошқар мүйіз оюы сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға жалғасуда.
2-ж: Сырмақ ойып текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
Шеше көрген тоң пішер деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға арласқан.- дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметіе
тамашалайық. (Белсенділік танытқан көрермендерге қағаз бен қайшы таратылады. Олар да ою
ойғанның кереметін көретеді)
7 сайыс «Аналар сайысы. Шаш үлгісі»
1-ж: Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар
Шашты кеспей күтіп оны, баптаңдар.
Қыздың көркі шаш екенін білгейсін
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар.- дей отырып аналар қыздарына өрім түрлерін
көрсете отырып, шаш үлгісін жасайды, қорғайды.
Соңы
(Кеш қорытындысын әділқазылар шығарады. Сайыскерлерге өнерлеріне қарай атақ беріледі,
мадақтау қағаздарымен марапатталады. Жеңімпез «Бұрымды қыз» лентасымен тәжге ие
болады. Демеушілер сыйлықтар табыс етеді.)
1-ж: Бақытың бастан кетпесін
Жамандық қуып жетпесін
Әсем күлкі жүзіңнен
Өмір бойы кетпесін.
2-ж: Сау болыңдар, көргенше
Қайта айналып келгенше
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше.
Бірге: Келесі жылы, дәл осы уақытта кездескенше аман-сау болыңыздар!
Мұғалім: «Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.- дей отырып бүгінгі байқау кешімізді
аяқтаймы
Педагогика - еще материалы к урокам:
- Тестовые задания "Архитектурно-строительные чертежи"
- Презентация "Формирование речевой деятельности младших школьников"
- Презентация "Здоровьесберегающие технологии на уроке"
- Классный час "Что мы знаем о терроризме?" 3-4 класс
- Презентация "Путешествие по Воркуте" 2 класс
- Внеклассное занятие "Путешествие по Воркуте" 2 класс