Технологическая карта "Әңгімеле..."

Ұйымдастырылған оқу қызметінің
8 технологиялық картасы
Өткізген:Жакуова.Б.Ж
Өткізу мерзімі:21.10.17.ж.
Топтың жас ерекшелігі:№12ортаңғы топ
Білім беру саласы:«Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту».
Тақырыбы:«Әңгімеле...» (балалардың екі түрлі ойыншықты бейнелеп, сипаттау
әңгімесін құруы).
Мақсаты: ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету
Міндеттері:
БМ:қандай?сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап
айтуға үйрету.
ДМ:сөздік қорларын байыту.
ТМ:ұқыптылыққа баулу.
Қолданатын құралдар:ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: ботақан, құлыншақ.
Қостілділік компонент:құлыншақ-жеребёнок,ботақан-верблюжонок,мысық-кошка.
Қызметтің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар»
өлеңін оқып беру:
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Балалар өлеңді
қызығушылықпен
тыңдайды.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп,
өлең жолдарын жаттауға ұсыныс
жасайды. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде
ойыншықтармен танысатындарын
айтып, балалардан топта,
үйлерінде қандай ойыншықтар
барын сұрайды.
-Сенің қандай ойыншығың бар?
-Ойыншықтарыңды жақсы көресің
бе?
-Қандай? (үлкен, кішкентай).
-Сен онымен ойнап болған соң,
орнына жинайсың ба?
-Ойыншықтардың тұратын жерін
білесің бе?
Ойыншықтарды лақтырмай,
сындырмай, ұқыпты ойнау
керектігін айтады.
Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық».
-Қане, сандықта не бар екен? Деп
балалардың көңілін аударады.
-Ботақан, мысық, құлыншақ бар
Жаттауға талпынады
Сұрақтарға жауап береді.
Ойыншықпен ұқыпты
ойнауды түсінеді.
екен.
-Енді осы ойыншықтарға әңгіме
құрастырайық. Әңгіме
құрастыруға көмектеседі.
Ботақан, құлыншақ туралы
түсіндіреді.
Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Ойыншықтарды балалар қуана
қабылдайды.
-Менің ойыншық мысығым бар.
Мысықтың екі құлағы, төрт аяғы,
құйрығы бар. Мысығым аппақ.
Ол сүтті өте жақсы көреді.
-Менде құлыншақ бар.
-Құлыншақ кішкентай, әдемі.
Мен құлыншақты жақсы көремін.
-Менде ойыншық ботақан бар.
Ботақанның құлағы, төрт аяғы
бар.
«Айнытпай сал «дидактикалық
ойыны
Тәрбиеші ойынның шартымен
таныстырады.Қай ойыншықты
көрсетсе сол ойыншықты қимыл-
мен тез,әрі жылдам көрсетулері
керек.
Сергіту сәтін жасайды.
Балалар қимыл-қозғалыс
жасайды.
Ойынды түсініп ойнауға
талпынады.
Тез көрсетуге тырысады.
Балалар жылқыны
көрсетеді.
Балалар мысықты
көрсетеді.
Ботақанды көрсетеді.
Өлең жолдарын бірнеше
рет қайталап жаттайды.
Рефлексиялық -
түзетушілік
Балаларға сұрақтар беріп
қайталатады.
Балалардың түсінгендерін, қимыл-
қозғалыстарын, жақсы ойнаған
балаларды бағалайды, мадақтай-
ды.
Балалар қайталайды.
Балалар түрлі қимыл-
қозғалыстар жасайды.
Күтілген нәтиже:
Біледі: (нені істей біледі) ойыншықты сипаттауды;
Игереді: (нені түсінеді) ойыншық туралы түсінікті;
Меңгереді: (нені істей білу керек) өлең жолдарын жаттауды;
Тексерді:
Ескерту:
Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар: