Презентация "Татулық - достық кілті"

Подписи к слайдам:

Татулық - достық кілті

Тәрбие сағатының мақсаты:

  • Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
  • Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
  • Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту

Топтарға бөліну

1 Топ. «Татулық»

2 топ . «Сыйластық»

3 топ . «Ынтымақ»

4 топ. «Бірлік»

1-өлке. «Аққуды атпа, Досыңды сатпа!» 2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.

3-өлке. Достық туралы сұрақтар

4-өлке. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»

5-өлке. Бейнеролик «Дос туралы»

            

1- өлке. «Аққуды атпа,

Досыңды сатпа»

2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.

Мақалды жалғастыр

  • «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».
  • «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».
  • «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».
  • «……….ақшаң болғанша, көп досың …».
  • «Досы көппен …. ,
  • Досы жоқпен … ».

  • «Досы … , өзі де жақсы».
  • «…. басқа қарайды,
  • … аяққа қарайды».

  • «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».
  • « Досың мың ….,
  • … біреу болса да көп».

  • « … адам тамыры жоқ … тең»
  • « … дос болсаң,
  • Сасқанда ақылың айтар.

    … дос болсаң,

    Топ ішінде бетің қайтар».

Жауаптары

  • «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
  • «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
  • «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
  • « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
  • «Досы жоқпен сырлас,
  • Досы көппен сыйлас».

    6. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

7. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

  • «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
  • «Досың мың болса да-аз,
  • Дұшпаның біреу болса да-көп».

  • «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

11. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

3-өлке. Достық туралы сұрақтар

Дос сөзін қалай түсінесіндер?

Достық дегеніміз не?

Шын дос қандай болуы керек?

Жалған достық дегенді қалай түсінесіңдер?

4-өлке. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»

Достыққа байланысты ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін айту.