Презентация "Достық"
Подписи к слайдам:
ДОСТЫҚ
Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі
Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен
бағаланбайтын құндылық.
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Дос жолында құрбан болу емес,
нағыз досты табу қиын.
Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін.
Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде
достыққа үлкен көңіл бөлінеді.
Халық арасында достық туралы
мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын.
Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты.
Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен
еңбектенбеуіміз керек
Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Дос немесе достық – адам өмірінің
үлкен бір арнасы.
Ол ұғымның нақ бір анықтамасы болмайды. Себебі, ол адамдардың өзіндік көзқарастары мен түсінік пайымдарына қарай әртүрлі деңгейде көрініс тауып жатады. Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық.
Нағыз дос – сенің басыңдағы кез келген
жағдайды басқалардан артық түсінетін,яғни өзің
сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың.
Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы –
жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың.
Дұрыс дос таңдай білу -
өмірлік мақсаттардың бірі
Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен.
Достық деген – ақылдың серігі екен.
(М.Мақатаев)
Дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам.
Қалай айтсаң да жарасады.
Досқа деген
сенімнің болғаны сондай, оған өміріңнің тізгінін де сеніп ұстатуға да болады. Досыңмен жеке өміріңде мәні жоғары кез келген тақырыптағы дүниелерді еркін, айқын айту – достықтың бір парызы болып саналады.
Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.
Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.
Орындағандар:
БҚ-311 топ студенттері
Әміржанова Меруерт
Есімханова Әсел
Имангельдинова Аида