Конспект занятия "Адамның дене мүшелері" 1 класс

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні:жаратылыстану
Ортақ тақырып: Тірі
табиғат.Адам.
Ұзақ мерзімді жоспар
бөлімі:Мен және менің
отбасым
Күні:
Сынып: 1
Мектеп:№49
Мұғалімнің аты-жөні: Жамагатова А.Т
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:
Адамның дене мүшелері
Оқу мақсаты
1.2.3.1.адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың
қызметтерін атау;
1.1.2.1.қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:Адам денесінің негізгі бөліктерін
және олардың қызметтерін атайды.Қоршаған әлем
құбылыстарына бақылау жүргізеді.
Көптеген оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін
және олардың қызметтерін ажыратады және көрсетеді.
Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізіп
сәйкестендіреді.
Кейбір оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін
және олардың қызметтерін біледі,қоршаған әлем
құбылыстарына бақылау жүргізіп,зерттей келе
дәлелдейді.
Бағалау критерийлері
1.Адам денесінің негізгі мүшелерін және олардың
қызметтерін атайды.
2. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар орындай алады:
Адамның дене мүшелерінің негізгі бөліктерін
атап,қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізе
алады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Паралимпиада-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға
арналған халықаралық деңгейдегі спорттық
жарыс.Олимпиададан кейін өткізіледі.
Сұлба-бір заттың бейнесін айтамыз.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен
тіркестер:
-Адамның қандай дене мүшелері бар?
-Адамның дене мүшелері не үшін қажет?
-Адамның дене мүшелері қандай қызмет атқарады?
-Денеміздің қайсы мүшесі маңызды екенін айта аласың
ба?
-Сұлба дегеніміз не?
-Паралимпиада деген сөз қандай мағына білдіреді?
Құндылықтарды дарыту
«Мәңгілік ел»жалпыұлттық идеясының
құндылықтарының 3 тармағында көрсетілгендей
«Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты
экономикадағы өрлеудің білім беру,денсаулық сақтауды
дамыта отырып,өз дене мүшелерін атай отырып олардың
маңыздылығын түсіну.
Пән аралық байланыс
көркем еңбек,математика,дене шынықтыру
АКТ қолдану дағдылары
Балапан телеарнасынан «Дәрумен» бағдарламасынан
үзінді, слайд.
Бастапқы білім
Адамның дене мүшелерін атайды ,біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың
Жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың
басы
1минут
3минут
2минут
Сабақтың
ортасы
2минут
6минут
1.Ұйымдастыру кезеңі
Ширату«Бұл кім?»ойыны. (Ұ)
Ойын шартын түсіндіру.
Ойын шарты:Мен сендерге кез-келген
қимылды көрсетемін,сол қимыл арқылы бұл
кім екенін табасыңдар.
(Биші,суретші,футболшы,күйші,сауыншы,
еден сыпырушы,жүргізуші).
-Мен қандай қимылдар жасадым?
-Қай дене мүшелерін қозғадым?
-Бүгінгі сабағымыз не жайлы болады деп
ойлайсыңдар?
Сұрақ арқылы жаңа тақырыпқа болжам жасау.
Мақсаты: Қимылдарды біз әртүрлі дене
мүшелеріміз арқылы жасай аламыз деген
қорытындыға келеді.
Видеоролик Балапан телеарнасынан
«Дәрумен» бағдарламасынан үзінді.
Адам дене мүшелерінің суреттерін карточка
арқылы таңдап алып топқа бөлу (Бас, жүрек,
қол)
Тапсырма1. «Суреттер сөйлейді» (Т)
1топ үстелінде адамның дене мүшелерінің
АКТ
суреттері жатады,сол мүшелерден адамның
сұлбасын модельдеу керек
1минут
3минут
2топ Сурет бойынша жұмыс.Суретке мұқият
қара.Сурет бойынша қол және аяқпен
орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңдер
3топ Үстел үстінен кез келген затты алады.Қай
дене мүшелері онымен орындайтын іс -
әрекеттерді әңгімелейді.
Дескриптор:
-адам денесінің негізгі мүшелерін табады.
-адам денесінің негізгі мүшелерін тиісті
орындарына орналастырады.
-суретке сүйеніп,қол және аяқпен
орындалатын әрекеттерді айтады
-заттарға сүйеніп,қай дене мүшелері
орындайтын әрекеттерді әңгімелейді
ҚБ: «Сүйкімді саусақ»
Бес саусақ-керемет!
Төрт саусақ-жақсы!
Үш саусақ-жарайсың!
Интерактивті тақтадан адам сұлбасын
көрсетемін.Оқушылар адамның дене
мүшелерін атап шығады.
2минут
4минут
5минут
1минут
2минут
-Міне, балалар бас,мойын,тұлға,қол,аяқты-
адамның дене мүшелері деп атаймыз.
Сергіту сәті
Осы сұлбаны пайдалана отырып, сергіту сәтін
ұйымдастырдым. Әр дене мүшелерін атап
өткенде,оқушылар өз бойларынан көрсету
керек.Әрі жылдамдыққа,әрі тақырыпты толық
меңгеру мақсатында жүргіздім.
Слайд көрсету
«Сен білесің бе?»
Адамда денесінің қандай да бір бөлігінің
болмайтынын сондай жағдайда сол бөліктің
қызметін протездер немесе арнайы
құрылғылар атқаратынын түсіндіріп өтемін.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін
Паралимпиада ойындары өткізіледі.Оған
қазақстандық спортшылар да
қатысып,жетістіктерге жетуде.Лондонда
өткен сайыста Қабира Асқарова 65 кг
зілтемірді көтерген.
Тапсырма 2 «Біз зерттеушіміз» (Ж)
Оқушыларға өз қолдарына және аяқтарына
мұқият қарап және жұппен оның бөліктерін
анықтап көруін ұсындым.
Дескриптор:
-қолдың бөліктерін анықтайды
-аяқтың бөліктерін анықтайды
ҚБ: (графикалық) «Күн қағар»
Үлкен күн қағар-керемет!
Орташа күн қағар-тамаша!
Кіші күн қағар-талпын!
Тақтадағы қол, аяқтың барлық бөліктері
көрсетілген суретке тоқталдым.
АКТ
АКТ
Дереккөз
АКТ
5минут
Тапсырма 3 «Қай мүше артық?» (Ө)
Төмендегі көрсетілген «Семантикалық
картаны» әр оқушыға таратып беру.
Тапсырма:Дене мүшелерінің орналасуына
байланысты артық мүшені сызу
Бас
Қол
Аяқ
Дескриптор:
-адам дене мүшелерін анықтайды
-адам дене мүшелерінің артығын сызады
ҚБ: (графикалық) «Адамның келбеті»
Сабақтың
соңы
5минут
Кері байланыс: «Бас,жүрек, қол»
Бас-толыққан білім
Жүрек-көңіл-күй
Қол-істеген іс-әрекет
Оқушылар шеңберге тұрады.
Бас дегенде барлығы бастарын
ұстайды,бүгінгі сабақта не білді,соны айтады
жүрек-сабақта қандай көңіл-күйде болды,
қол-сабақта істеген іс-әрекеттерін айтады.