Технологическая карта урока "Адам Адамның дене мүшелері" 1 класс

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________
Сабақ
тақырыбы:
Адам
Адамның
дене
мүшелері
Мектеп: ШҚО, Аягөз қаласы «Қалалық қазақ мектеп-
лицейі» КММ
Күні :21.11.2017
Мұғалімнің есімі: Матакбаева Айтолкын Сембикызы
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны: 24
Қатыспағандар саны:0
Оқу мақсаты:
Барлық оқушылар:адамның негізгі дене мүшелерін және
олардың атқаратын қызметін атау;
Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта құбылыстарына
бақылау жасау.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде
қолданады.
Ресурстар:
дене мүшелерінің атауы жазылған кестелер;
үлкен көлемдегі ватман парағы..
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар:
негізгі дене мүшелерін анықтау және ажырату икемділіктерін
жетілдіреді;
суреттердің көмегімен оларды атайды;
қолдың және аяқтың бөліктері қалай аталатынын білетін
болады;
дене мүшелерінің атқаратын қызметін анық тайды.
Сабақтың мақсаты:
1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың
қызметтерін атау;
1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек
қажеттіліктерді анықтау
Сабаққа байланысты деректі
материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
Адам денесі бес бөліктен
тұрады: бас, мойын, тұлға,
жоғарғы бөліктер (қол), төменгі
бөліктер (аяқ). Әрбір бөлікте
бөлімдерді ажыратады: баста
ми және беттік; тұлғада — арқа,
кеуде, іш және жамбас; қолда
иық, шынтақ, білек, білезік және
саусақтар; аяқта сан, тізе,
жіліншік, табан және башпайлар.
Әр бөлік өзінің қызметін
атқарады. Баста ми, тұлғада
жұлын орналасқан. Мойын бастың
қоз ғалуын қамтамасыз етеді
және бас пен тұлғаны
байланыстырады. Аяқ негізгі
тірек мүшелерінің бірі.
Қол шынтақта бүгіле алады.
Бұл оның жақсы қозғалғыштығын
қамтамасыз етеді, сонымен қатар
амплитудасын және қызметін
Кіріспе тапсырма. Оқушыларға мынадай тапсырмаларды
орындауды ұсыныңыз: секіру, жүгіру, бір жақтан екінші
жаққа иілу, басты алға-артқа айнал дыру, үстел үстінен кез
келген затты алу. Қай дене бөліктері оны істей алады?
Сабақтың осы кезеңінде олар тек адамның дене бөліктерін
атап өту керек.
Сұлбалар. “Бейнелеу өнері” сабағында өткен“сұлба”
терминін еске түсіріңіз. Сұлба ұсақ бөлшектерсіз бір
түспен салынған заттың бейнесі. Суретке назар аударыңыз.
Мынадай сұрақтар қо йыңыз: “Қай суретте Эвриканың
бейнесі салынған?” (Шаш және киім үлгісі бойынша.) Әрбір
сұлбаға назар аударыңыз. Бейнеленген балалар сұлбасынан
олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анық тауға бола ма
деп нақтылаңыз (билейді, бокспен шұғылданады,
саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр). “Бұған қандай дене
мүшелері қатысады?” (Аяқ және қол қимылы, бас бұру, дене
иілуі.) Оқушыларға бұл қимылдарды қайталауын ұсыныңыз.
Ойын ойнатуға болады: оқушылар кезекпен шығып кез келген
мамандыққа немесе спорт түріне сәйкес келетін дене қалпын
көрсетеді, ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы
жоғарылатады. Қол дың
көмегімен адам түрлі іс-әрекеттер
жасай алады.
Паралимпиада. Мүмкіндіктері
шектеулі адамдарға арналған
халықаралық деңгейдегі спорттық
жарыс. Олимпиададан кейін
өткізіледі.
Адамның қандай дене мүшелері
бар?
Ойлан
Денеміздің қай мүшесі маңызды
деп ойлайсың?
Біздің денеміздің қызметі
Дене мүшелері не үшін қажет?
Біздің дене мүшелеріміз қандай
қызмет атқарады?
Сен білесің бе?
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін
Паралимпиада ойындары
өткізіледі. Оған қазақстандық
спортшылар да қатысып,
жетістіктерге жетуде. Лондонда
өткен сайыста Қабира Асқарова 65
килограмдық зілтемірді көтерді.
Александр Колядин Сочида өткен
Паралимпиадада оң аяғына
жасанды сүйек қойылғанына
қарамастан, шаңғымен 20
километрді 1 сағат 4 минутта
жүріп өтті!
керек. Аяқтау үшін тағы да дене мүшелерін атап өтіңіз: бас,
мойын, тұлға, қол, аяқ.
Қол. Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарапжәне жұппен
оның бөліктерін анықтап көруін ұсыныңыз. Сосын әр бөліктің
атын білу үшін оқулықтағы суретке назар аударыңыз. Қол
басын қарап, саусақ аттарын атап шығуды ұсынуға болады.
Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы
орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алатынын
айтыңыз.
Аяқ. Оқушылардың назарын буындардың
қозғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына ауда
рыңыз. Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айтыңыз.
Оқулықтағы аяқтың барлық бөліктері (сан, тізе, жіліншік,
табан және башпайлар) көрсетілген суретке назар аударыңыз.
Аяқтың осы бөліктерін нығайту үшін бірқатар дене
шынықтыру жаттығуларын жасауға болады. Санға: отырып-
тұру және алға қарай ұмтылу. Жілін шікке: жүгіру және аяқ
ұшымен жүру. Табанға: аяқ басын айналдыру. Орындау
барысында аяқтың тап сол бөліктеріне қалай күш түсетініне
және қалай жұмыс істейтініне назар аударуын сұраңыз.
Зерттейік. Сыныпты алты-жеті оқушыдан тұратын
топтарға бөліңіз.
Әр топқа оқушының бойы толығымен сыятын
ұзындықтағы қағаздан таратып беріңіз.
Қағазды жайып қоятын орынды таңдап алу қажет.
Оқушылардың біреуі қағазға жатады. Оған қозғалыссыз
жатуы керектігін түсіндіріңіз. Екінші оқушы басынан бастап
оның дене кескінін сызады. Топтың қалған оқушылары
үздіксіз сызық шығу үшін маркерді бір-біріне береді. Дайын
болған сұлбаны қиып алып, қабырғаға іліп және жанына дене
мүшелері жазылған кестелерді жапсырып қою ға болады.
Біздің денеміздің қызметі. Оқушыларға әрдене мүшесінің
атқаратын қызметін анықтауды ұсыныңыз. Ол үшін сыныпты
бес топқа бөлуге болады. Әр топқа “өзінің” дене бөлігін
беріңіз (жеребе көмегімен). Белгілі уақыттан кейін оқушылар
ол туралы қысқаша хабарлама дайындай алады. Топтың бір
мүшесіне белгілі дене мүшесінің мүмкіндіктерін көрсетуін
ұсыныңыз: қол-аяқты сермеу, аяқты бүгу-жазу, басты
айналдыру және т.б. Қалғандары бақылау негізінде
қорытынды жасай алады.
Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерініңқайсысы
ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жа саңыз. Олар барлығы
өте маңызды және әрбіреуі өзінің қызметін атқарады деген
қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің
болатын/болмайтынын сұраңыз. Егер сыныпта мүмкіндігі
шектеулі оқушылар болса, барынша әдепті және мұқият
болыңыз. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің
бол майтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін
протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын
түсіндіріңіз.
Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдаржайлы
айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде
қазақстандық Қабира Асқарова және Александр Колядин
туралы айтыңыз. Бұл адамдар мақсатқа жетуде батылдық пен
табандылықтың үлгісі болып табылатынын айтып өтіңіз.
Пәнаралық байланыс
Қосымша тапсырмалар
Көркем еңбек. Сұлба түсінігі.
Дене шынықтыру.
Жаттығуды орындау:
иілу,отырып-тұру, айналу.
Кімнің сұлбасы? Бұл тапсырманы жекелеген оқушыларға
орындауды ұсыныңыз. Олар тапсыр мадағы түрлі
кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен
қоршап қоюы керек.
Жауабы:
балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ те руші,
шаңғышы, оқушы.
Қол немесе аяқ. Оқушылар кестені толтыра алады. Оқи
алмайтын оқушыларға көмектесіңіз. Өз ара тексеруді
ұйымдастырыңыз. Ол үшін оқушылар кестеде көрсетілген
барлық жаттығуларды орын дайды.
Бағалау
Оқушылар адамның дене мүшелерін біледі.
Адамның дене мүшелерін олардың атауы мен біріктір.
Оқушылар адамның дене мүшелерін
олардың атауымен байланыстыра алады. Оқи алмай тын
оқушыларға көмектесіңіз.
Тапсырманы орындау барысын қадағалап, тап сырманы тез
және қатесіз орындауға назар ауда рыңыз. Әрбір дене мүшесі
бір атаумен байланыс қанын ескертіңіз.
Адамның қанша дене мүшесі бар? Оқушылар әр суреттің
жанына адамның дене мүшесінің санын жаза алады.
Сандарды жаза алмайтындарға көмек тесіңіз. Егер оқушы
дене мүшесінің санын анықтауға қиналса, сол дене бөлігін
өзінен тауып санауына болады. Тапсырманы күрделендіру
мақсатында жаза алатын оқушыларға әрбір суреттің атауын
жазуға ұсыныс жасаңыз.
Жауабы:
қол 2; аяқ — 2; бас — 1; мойын — 1; көз — 2, мұрын — 1.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім ?