Технологическая карта урока "Ана тілі - жүрек үні" 8 класс
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тексерілді ДОІЖО_______________
Мектеп: №148 мектеп-гимназия
Мерзімі:22.04.2016ж
Тақырып: Ана тілі - жүрек үні
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: шынайлылық, кішіпейілділік,махаббат
Мұғалiм: Ажахаева Н.Е.
Сынып: 8 "Б"
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ананың қоғамдағы,
өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беріп,
анаға, тілге риясыз сүйіспеншілікпен қарауды ұғындыру;
Міндеттері:
- оқушыларға әлемдегі бар жақсылық пен игі істердің ең асыл
сезім – ана махаббатынан тарайтындығы туралы түсінік беру;
- оқушылардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік,
кешірімшіл болу сезімдерін дамыту;
- адамзат баласының алдындағы үлкен парыз –ананы сүюге,
кішіпейілділікке тәрбиелеу,
Ресурстар:(құралдар,
мәлiметтер)
Карточкалар, слайд, «Ана»
жайлы мазмұнды видео т.б.)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып,түгендеп, «Өзін- өзі тану»
сабағының ережесін қайталаймыз.Оқушылардың оқу
құралдарын «5 затты» тексеріп, түгендейміз.
Шаттық шеңбері.
Тақтада үлкен жүрек ілініп тұрады.Оқушылардың алдында
жүрек стикер жатады.
- Өмірде бала үшін ең маңызды адам кім? -деген сұрақ
қойылады.
Оқушылар "ана" деп жауап беріп, аналарына деген ыстық
сезімдерін стикерге жазып, тақтада ілініп тұрған жүрекке
Сабақ барысын талдау
Оқушыларды тыныштыққа
шақырып, зейінін сабаққа
аударып, үй тапсырмасына
шолу жасап, жаңа сабақты
түсіндіріп, тақырыптың
мәнін ашу.
барып жапсырып қояды.
Топқа бөлу
Оқушыларды "молекула" ойыны арқылы 4 топқа бөлемін.
Әр топ топбасшысын сайлайды.
Үй тапсырмасын тексеру
"Ана - өмір тірегі" атты әңгімені оқып,талдап келу.
Тақтада әр топқа арналған сұрақтар жазылған карточкалар
ілініп тұрады. Әр топтың басшылары карточканы алып
топпен талқылап, кезекпен жауап береді. Сұрақтарға жауап
берілген соң қалған топтар екі жұлдызша,бір тілек әдісі
арқылы бағалап отырады.
1.Ана – өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Ананың қоғамдағы, отбасындағы өмірі туралы не айтар
едіңдер?
Жаңа сабақ
Дәйексөз
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық
атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.
Н. Назарбаев
Дәптермен жұмыс
Оқушылар жұмыс дәптеріндегі 1 тапсырманы орындайды.
Видео "Рахмет анашым"
Мәтінмен жұмыс
Ә.Кекілбаевтің "Әлди" атты әңгімесін оқушыларға кезекпен
оқытып, талдату.
-Сендердің кішкентай кездеріңде аналарың сендерге қандай
жыр айтушы еді?
Тыныштық сәтi.Оқушылар, қолдарыңды тізелеріңе қойып,
терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар, жап - жасыл
табиғат әлеміне еніп барасыздар. Біреуіміз қып - қызыл гүл
секілді жайнап тұрмыз. Біреуіміз тұп - тұнық мөлдір су
тәрізді таза жанбыз. Енді біреулеріміз көк аспанда еркін
ұшып жүрген құстар сияқтымыз, ойымызды еркін айта
аламыз. Қыздар болса, көк аспанда еркін ұшып жүрген сан
алуан құстар, ал, ұлдар болса қыран бүркіттей биіктерге
самғап барады. Алдымыз жарық нұрын шашқан күн сияқты
аналарымыз бен әжелеріміз бізге мейірлене қарайды,
әкелерімізбен аталарымыз асқақтаған асқар тау болып, ақ
батасын беріп, бізге қол бұлғайды. Біз өзіміздің табиғатпен
үйлесіп тұрғанымызға айрықша қуанып тұрмыз. Осы
сезімімізбен сыныбымызға оралайық. Рахмет оқушылар
Шығармашылық жұмыс
1-топ. Ана туралы 1 шумақ өлең шығару
2-топ. Ана туралы эссе жазу
3-топ. Анаға деген сезімді сурет арқылы білдіру
4-топ. Ана туралы мақал- мәтел айту
Рефлекция
«Баспалдақ» әдісі.
Оқушыларға стикерлер тарқатылады.Тақтада алдын ала
суреті сызылып қойылған баспалдақтың суреті ілінеді.
Оқушылар берілген стикерге өз аттарын жазып, баспалдаққа
барып жабыстырады. Сол арқылы олар өздерін бағалайды.
Үй тапсырмасы №30сабақ
"Ана тілі туралы" туралы ой толғау жазып келу.
Обществознание - еще материалы к урокам:
- Конспект урока "Ана мейірімі" 8 класс
- Конспект урока "Адам - әлем бөлшегі" 8 класс
- Внеклассное мероприятие "Имею право, но обязан" 7 класс
- Внеклассное мероприятие "Знатоки права" 7 класс
- Конспект урока "Объединение разных людей" 6 класс ОС Школа 2100
- Конспект урока "Молодежь как социальная группа" 6 класс