Конспект урока "Ана мейірімі" 8 класс

Күні: 12.02.15 ж. Сыныбы: 8 «ә» Пән: өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Ана мейірімі
Мақсаты:
- дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен
тарайтынын ұғындыру;
- ана жайлы ұлағатты сөздер, мақал- мәтелдер арқылы ана мейірімін, махаббатын,
жақсылығын түсіндіру;
- мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
- анаға, қыз балаларға құрмет көрсету, сыйлай білу мәдениетін қалыптастыру
Міндеттері:
- мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
- мейірбандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, аналар туралы қанатты сөздер, видео материал.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, тренинг.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, оқу – құралдарын тексеру.
Мұғалім:
Құрметті біздің аяулы да, ардақты балаларымыз, құрметті қонақтар! Біз бүгін «Ана
мейірімі» атты ашық сабағымызды бастаймыз. Сонымен бірге бұл сабақтың өзіндік бір
ерекшелігі бар.
Ана
-Балалар, ал осы анаға деген махаббат сезімін барлық балалар сезінеді ма?
Өкінішке орай біздің кезімізде ана махабабатысыз, ана қамқорысыз қалған балалар да
баршылық. Бірақ осы балаларды өз қамқорлығына алып оларға өзінің бар
сүйіспеншілігін, махаббатын, мейірімділігін сыйлай білген жандар да бар.
- Ол кімдер деп ойлайсыңдар?
- Ия, дұрыс, ол осы «Өзін-өзі тану » рухани адамгершілік білім беру жобасының
авторы Сара Алпысқызы Назарбаева 12 ақпан күні 74 жасқа толып отыр. Бүгінгі
сабағымыз «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы
Назарбаеваның сан – салалы қайырымдылық қызметімен қатар туған күніне арналады.
Шаттық шеңбері
Сіздерді шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын. Сара Алпысқызы Назарбаеваға
өздеріңнін ақ тілектеріңді жолдауларыңды сұраймын. Тілектеріңізге көп рахмет.
Жүрегіміз қуанышқа толды.
Ендеше балалар Сара Алпысқызы Назарбаева туралы бейнебаянға назар аударайық.
Топқа бөлу: 1-топ «Мейірім», 2-топ «Шапағат».
Үй тапсырмасын сұрау
Ендеше өткен сабақта үйге тапсырма берген болатынмын «Ана мейірімі» тақырыбына
эссе жазып келуге. Оқушылар эсселерін оқиды.
Қызығушылықты ояту.
Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып
шығайық.
Оқушылар жауабы:
Топтастыру
«Ана бейнесін» құрастыру. Яғни Ана кім? Ана қандай? сөзіне постер құру.
Жаңа ақпарат
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі,
қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең
жылы ұя».
«Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ
сүтінен тарайды».
Дәптермен жұмыс
Ақпаратта айтылған сөзді жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
Ана махаббаты не себептен бәрінен биік тұрады?
Ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіңдер?
«Ана жүрегі» бейнебаянын көру, талдау.
Сергіту сәті
Ырғақты әуенмен оқушылар бой жазу.
Ой толғаныс.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.
«Мен үшін қымбат» Ой қозғау
Топпен жұмыс.
Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық.
Әр топтан 3-4 оқушыдан айтқызу.
Ойымызды толықтыра түсейік.
Балалар Ана дегенде көзалдарыңа не елестейді, аналарыңды неге теңегілерің келеді сол
жайлы топ болып постер құрайықшы.
Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?
Сабақ ұнады ма?
«Менің көңіл-күйім»
Сабақты қорыта келе оқушылар өз көңіл күйлерін білдіреді.
Анаға тілек тренингі.
Әр оқушы анасына тілектерін жазып, топта айту, және тілек ағашына жабыстыру.
Үйге тапсырма: «Әлемді тербеткен мейірім» тақырыбында шығарма жазу.
Жүректен жүрекке
Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнімен аяқтау.
«Көкжайық орта мектебі» КММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Ана мейірімі»
Дайындаған: Өзін – өзі тану пән мұғалімі
Орынбекова М.К.
2014 2015 оқу жылы